141
ақпараттық ресурстармен, қаладан тыс жерлерден келген студенттерді жатақханамен және
студенттерді қолдаудың басқа да қызметтерімен қамтамасыз етеді.
56. Университеттің материалдық-техникалық жабдықталуы оның техникалық және
технологиялық мүмкіндіктер ауқымын кеңейтуге бағытталған.
Университетте санитарлық талаптарға сай келетін, оқытудың нысандары бойынша оқу
сабақтарын екіден артық емес ауысымда өткізуге қажетті аудиториялық қордың негізгі
көлемі және қосымша бөлмелер бар.Тіл және тілдік пәндер бойынша оқу сабақтарын өткізу
үшін, сондай-ақ студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру үшін жоғары оқу орнында
лингафон кабинеттері мен оған ұқсас басқа да жабдықтар бар. Университет оқу сабақтарын
және СӨЖ-ді интерактивті нысанда ұйымдастыруға мүмкіндік беретін соңғы үлгідегі
компьютерлік сыныптармен, интерактивті тақталармен жабдықталған.
Білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін университетте оқу бағдарламаларының
тиісті тапсырмаларын орындауға мүмкіндік беретін түрлі тапсырмалармен (виртуальды
зертханаларды қосқанда), бағдарламалық қамтыммен қамтамасыз етілген заманауи оқу-
зертханалық жабдықтар бар. Университеттің оқу зертханаларына қойылатын талаптар
қолданыстағы санитариялық ережелерге сәйкес келеді.
57. ЖОО әр студентті мамандығының бейініне сәйкес кәсіптік практикалар базасымен
қамтамасыз етеді.
58. Жоғары оқу орнының кадрлық құрамына қойылатын талаптар лицензиялау кезінде
білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарымен анықталған.
Жоғары оқу орнының оқытушысы оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларының
талаптарын сақтаған жағдайда оқу сабақтарын ұйымдастыру мен өткізудің түрін және
оқытудың әдіс-тәсілдерін еркін таңдауға құқылы.
59.Жоғары білім беру бағдарламасын іске асыру әрбір студенттің ақпараттық ресурстар
мен кітапхана қорына еркін қол жеткізуі, барлық модульдер, пәндер, оқу жұмысының
барлық түрлері – практикумдар, курстық және дипломдық жобалау, кәсіптік практика,
студенттің өзіндік жұмысы бойынша әдістемелік құралдар мен ұсынымдардың, сондай-ақ
көрнекі құралдар мен аудио- және бейнематериалдардың болуы арқылы қамтамасыз етіледі.
Университет студенттердің электронды кітапханаларда орналастырылған халықаралық
деректер көздерін қоса алғанда оқу, ғылыми, ақпараттық базаларға қол жеткізуін қамтамасыз
етеді.
Кітапхана қоры мен электронды және магнитті тасымалдағыштардағы оқу
әдебиеттерімен қамтамасыз ету білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын
біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Ақпараттық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету студенттердің өзіндік жұмысын
жүйелі түрде күшейту арқылы жүзеге асады.
60.Студенттердің ғылыми жұмыстары оқу процесінің жалғасы және тереңдетілуі болып
табылады және кафедраларда, зертханаларда, ғылыми, конструкторлық және жоғары оқу
орындарының жобалау бөлімдерінде, студенттердің ғылыми-техникалық бірлестіктерінде
(конструкторлық
және
өзге
бюролар,
орталықтар,
ҒЗИ
және
т.б.)
ұйымдастырылады.Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарына (СҒЗЖ) жетекшілікті
университет профессорлары, доценттері, оқытушылары атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: