10
Оқытудың қосымша түрлері
– кәсіби тәжірибелердің барлық түрінен, дене
шынықтырудан, әскери дайындықтан және т.б. тұратын білім беру бағдарламасының
бөлігі.
Оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы
(ОСӨЖ/ОМӨЖ/ОДӨЖ)
- бекітілген кесте бойынша оқытушының басшылығымен
жүргізілетін білім алушының аудиториядан тыс жұмысы; білім алушының санатына қарай
ол: оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы (бұдан әрі -
ОСӨЖ), оқытушының басшылығымен жүргізілетін магистранттың өзіндік жұмысы (бұдан
әрі - ОМӨЖ) және оқытушының басшылығымен жүргізілетін докторанттардың өзіндік
жұмысы (бұдан әрі - ОДӨЖ) болып бөлінеді.
Оқу-әдістемелік жұмыс
- білім беру үдерісін оқытушылық, тәрбиелік және
дамытушылық мақсаттарға жеткізу үшін психологиялық-педагогикалық, дидактикалық-
әдістемелік және оқу-материалдық объектілермен қамтамасыз ету бойынша университет
қызметі.
Оқу практикасы
– төмен курстардаөткізілетін кәсіби практиканың түрі; практиканың
барысында болашақ маман қалыптасуының алғашқы кезеңіндегі базалық пәндер шеңберінде
білім беру үдерісінің оқу мен тәжірибелік мазмұндары біріктіріледі. Өз бетінше тәжірибелік
қызмет атқару арқылы бір жақты кәсіби дағдыларды меңгеру практиканың басты мақсаты
болып табылады. Ол практика базаларында өткізіліп таныстыру, экскурсиялық-зерттеу
сипатына ие болады.
Оқу түрі (Forms of training)
– күндізгі, сырттай.
Оқу үлгерімінің орташа балы GPA (Grade Point Average)
- білім алушының таңдаған
бағдарлама бойынша бір оқу жылындағы қол жеткізген оқу үлгерімінің таразыланған орташа
бағасы(ағымдық оқу кезеңі бойынша кредиттердің жалпы санына қарай аралық аттестаттау
пәндерінің балдық бағасының сандық эквиваленті мен кредиттер сомасының қатынасы).
Достарыңызбен бөлісу: