6
Ақпараттық-білім беру ресурстары
– білім беру сипатындағы формаланған идеялар
мен ілімдер, әртүрлі мәліметтер және оларды жинақтау әдістері мен құралдары, ақпаратты
сақтау мен ақпарат көздері мен тұтынушылар арасындағы алмастыру.
Апелляция (Appeal)
– білім алушының білімін әділсіз бағалау жағдайларын айқындап
жою үшін қолданылатын шара.
«AU» (Audit)бағасы
– пән тыңдалды.
«AW» (Academic Withdrawal)бағасы
– пәннен шеттетілді.
Әдістемелік бөлім
– университеттің оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастыратын оқу-
әдістемелік басқарманың құрылымдық бөлімшесі.
Бағдар беру аптасы
- 1 курс білім алушыларына кредиттік оқу жүйесінің негізгі
ережелерін меңгертуге арналған оқу жылының алдындағы апта.
Бакалавр (Bachelor)
– бакалавриаттың (жоғары білімнің) білім беру бағдарламасын
игерген тұлғаларға тағайындалатын академиялық дәреже.
Бакалавриат (Undergraduate Study)
- кемінде 4 жыл нормативті оқу мерзімімен
міндетті түрде теориялық оқудың кемінде 129 кредитін және кәсіби практиканың кемінде 6
кредитін меңгертіп, тиісті мамандық бойынша «бакалавр» академиялық дәрежесін бере
отырып мамандар даярлауға бағытталған жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасы.
Білім алушылар
– бакалавриат, магистратура, PhD-докторантура бағдарламалары
бойынша білім алып жатқан тұлғалар – студенттер, магистранттар және докторанттар.
Білім алушының академиялық рейтингі(Rating)
-
аралық аттестаттау нәтижелері
бойынша жасалатын білім алушының пән бойынша оқу бағдарламаны игеру деңгейінің
сандық көрсеткіші.
Білім алушыларды аралық аттестаттау
- білім алушылардың бір оқу пәнін оны
зерделеп бітіргеннен кейінгі бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын
бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім.
Білім алушылардың оқу жетістіктері
- пән (модуль) немесе білім беру
бағдарламасының компоненті бойынша білім алушылар көрсеткен және балдық-рейтинг
шкаласындағы бағамен дәлелденген білімі, іскерліктері мен дағдылары, құзыреттіліктер
деңгейі.
Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау
- жоғары оқу орындары дербес
анықтайтын бақылау мен аттестаттаудың әртүрлі нысандары арқылы (ағымдық, межелік,
қорытынды) білім алушылардың білім деңгейін тексеру.
Білім алушылардың өзіндік жұмыстары (СӨЖ/МӨЖ/ДӨЖ)
- өз бетінше оқуға
берілген, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ұсынымдармен қамтамасыз етілген, тест,
бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар мен есеп берулер түрінде
бақыланатын тақырыптардың нақты тізбесі бойынша жасалатын жұмыс; білім алушының
санатына қарай ол студенттің өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - СӨЖ), магистранттың өзіндік
жұмыстары (бұдан әрі - МӨЖ) және докторанттың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - ДӨЖ)
болып бөлінеді; БӨЖ-дің барлық көлемі білім алушылардан күнсайын өзіндік жұмыстарды
талап ететін тапсырмалармен расталады.
Білім беру бағдарламасы
– нақты дәреже/диплом тағайындалу үшін қажет курстың
модульдері мен бірліктерінің бекітілген жинағы. Білім беру бағдарламаларды құрастыру
барысында күтілетін нәтижелер және оларға жету үшін оқу процедуралары мен
жағдайлардың құрылымдалған жинағы ескеріледі.
Бітіру
(тамамдау)
жұмысын
Достарыңызбен бөлісу: