5
НОЖ – негізгі оқу жоспары
НОБ – негізгі оқу бағдарламасы
ОЖЖ –оқу жұмыс жоспары
СӨЖ/МӨЖ/ДӨЖ – студенттің/ магистранттың/
докторанттың өзіндік жұмысы
ОСӨЖ/ОМӨЖ/ОДӨЖ – оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттің/
магистранттың/ докторанттың өзіндік жұмысы
ТОЖ (ҮОЖ) – типтік (үлгі) оқу жоспары
ТОБ (ҮОБ) – типтік (үлгі) оқу бағдарламасы
ПОӘК – пәннің оқу-әдістемелік кешені
ОӘБ – оқу-әдістемелік басқарма
ҚОО – Қашықтықтан оқыту орталығы
МБО –Мансап және бизнес орталығы
1.
Глоссарий
Ағымдық бақылау
- академиялық
кезең ішінде, оқытушымен өткізілетін аудиториялық
және аудиториялардан тыс сабақтарда білім алушылардың білімін оқу бағдарламасына
сәйкес жүйелі түрде тексеру.
Академиялық дәреже(Academic Degree)
- қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша,
тиісті оқу бағдарламаларын меңгерген білім алушыларға білім беру ұйымдары
тағайындайтын дәреже.
Академиялық еркіндік
-
білім алушылар мен оқытушылардың шығармашылық дамуына
және оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістерін қолдануға жағдай жасау
мақсатыментаңдау компоненттеріндегі пәндері мен оқытудың қосымша түрлері
бойынша
білімнің мазмұнын өздері анықтап және білім беру қызметін ұйымдастыру үшін білім беру
үдерісі субъектілеріне берілетін өкілеттіктер жиынтығы.
Академиялық кезең(Academic Term)
–теориялық білім алу кезеңі: 15 аптадан тұратын
семестр.
Академиялық күнтізбе (Academic Calendar)
- оқу жылы бойы демалыс күндерін
(каникулдар мен мерекелерді) көрсете отырып,
оқу және бақылау іс-шараларын, кәсіби
практикаларды өткізу күнтізбесі.
Академиялық қарыз (Academic Backlog) –
білім алушының оқу жетістіктері тарихындағы
оқу жоспары бойынша оқылмаған немесе қорытынды бақылауда қанағаттанарлықсыз бағаға
ие болған пәндер.
Академиялық мәселелер жөніндегі департамент
– университеттің оқу-әдістемелік
жұмысын ұйымдастырып үйлестіретін құрылымдық бөлімше.
Академиялық сағат (Academic hour)
–кестеге сәйкес оқу сабақтардың барлық
түрлері(аудиториялық жұмыс) бойынша білім алушылардың
оқытушымен контакт
жұмысының уақыты. Академиялықсағатдәріс, тәжірибелік (семинар) сабақтарының 1
контакт сағатына (50 минутқа), зертханалық және дене шынықтыру сабақтарының 2 контакт
сағатына (100 минутқа), оқу тәжірибесінің барлық түрлері бойынша 1 контакт сағатына (50
минутқа), педагогикалық тәжірибенің барлық түрлері бойынша 2 контакт сағатына (100
минутқа), өндірістік тәжірибенің барлық түрлері бойынша 5 контакт сағатына (250 минутқа)
тең болады.
Академиялық ұтқырлық
- білім алушылардың немесе оқытушы-зерттеушілердің белгілі
бір академиялық кезеңде (семестр, оқу жылы) өзге жоғары оқу орнындағы (ел ішінде немесе
шетелде)білім бағдарламалары бойынша игерген кредиттерді міндеті түрде қайта есептеп
білім алу үшін барып келу.
Достарыңызбен бөлісу: