Редакциясын басқарған Ғ. М. Мұтанов



Pdf көрінісі
бет98/208
Дата03.12.2023
өлшемі3,06 Mb.
#133288
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   208
§20 
 
БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ 
 
1. Жалпы ережелер 
 
1. Ережелер университеттегі оқытудың кредиттік жүйесі бойынша іске асырылатын 
жоғары білімнің кәсіби оқыту бағдарламасы мен жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімнің 
бірыңғай талаптарын айқындайды.
2. Білім алушылардың өзіндік жұмыстары (БӨЖ) - өз бетінше оқуға берілген, оқу-
әдістемелік әдебиеттермен және ұсынымдармен қамтамасыз етілген, тест, бақылау 
жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар мен есеп берулер түрінде ақыланатын 
тақырыптардың нақты тізбесі бойынша жасалатын жұмыс; білім алушының санатына қарай 
ол студенттің өзіндік жұмыстары (СӨЖ), магистранттың өзіндік жұмыстары (МӨЖ) және 
докторанттың өзіндік жұмыстары (ДӨЖ) болып бөлінеді; БӨЖ-дің барлық көлемі білім 
алушылардан күнсайын өзіндік жұмыстарды талап ететін тапсырмалармен расталады 
3. Оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы (ОБӨЖ) 
- бекітілген кесте бойынша оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының 
аудиториядан тыс жұмысы; білім алушының санатына қарай ол: оқытушының 
басшылығымен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы (ОСӨЖ), оқытушының 
басшылығымен жүргізілетін магистранттың өзіндік жұмысы (ОМӨЖ) және оқытушының 
басшылығымен жүргізілетін докторанттардың өзіндік жұмысы (ОДӨЖ) болып бөлінеді. 
Білім алушының өзіндік жұмысы оқу жоспарына сәйкес белгілі бір пәнді меңгеру 
барысында алған білімнің сапасын, тереңдігі мен беріктігін арттыруға, сонымен болашақ 
кәсіби қызметінде де қолдана алатын студенттің өзіндік іздену, өзіндік даму мен өзіндік 
жетілудағдыларын қалыптастыруғабағытталған оқу үрдісінің маңызды бөлігі болып 
табылады.
4. Студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастыру оқу үрдісін ұйымдастырудың басқа да 
түрлерімен өзара байланысын көздейді, атап айтқанда: 
- пән тақырыптарын меңгерудегі білім алушының өзіндік жұмысы орнының 
айқындалуы;
- дәрістік және тәжірибелік сабақтардың білім алушының өзіндік жұмысына 
бағытталуы; 
- білім алушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру түрінің, әдіс-тәсілдерінің таңдалуы; 
- білім алушыларға өзіндік жұмыс тапсырамаларын орындау бойынша әдістемелік 
нұсқаулықтардың жасалуы; 
- білім алушының өзіндік жұмысын сабақтардың басқа түрлерімен үйлестірілуі. 
5. Білім алушылар өзіндік жұмысты ұйымдастыру ережелерін, нормалары мен 
талаптарын білуі тиіс. 
6. Өзіндік жұмыс барысында білім алушыоқу үдерісінің белсенді қатысушысыретінде 
еркін түрде сыни және креативті ойлау, өзінің пікірін дәлелдеп қорғау дағдыларына ие 
болады. 
7. Өзіндік жұмыс түрлері, олардың еңбек сыйымдылығы, формалары мен 
бақылаумерзімдеріәр пәннің силлабусында көрсетіледі. 
БӨЖ түрлері мен формаларының мысалдары: 
1)
Реферат – әдебиеттерге міндетті түрде шолу жасай отырып, мәселені жазбаша 
мазмұндау немесе ғылыми жұмыстың, кітаптің мазмұнын талдай отырып баяндау. 
2)
Коллоквиум – оқу материалын меңгеру сапасын анықтау мақсатымен пәннің 
оқылған тақырыптары бойынша сұхбаттасу түрінде өткізілетін білім алушының өзіндік 
жұмысын бақылау формасы.
3)
Эссе – сын, публицистика және сол сияқты т.б. жанрдағы өзекті мәселе бойынша 
өзінің жеке көзқарасының жазбаша тұрдегі мазмұндамасы.


188
4)
Мақсаттар ағашы – мәселені таңдап, деңгей бойынша мақсаттарын белгілеуді; 
барлық деңгейдегі тапсырмалар мен оларды орындау алгоритмін анықтауды; мақсатқа жету 
жолдарын анықтауды; жұмыс сапасының көрсеткіштері мен тапсырманы бақылау түрлерін 
таңдауды көздейтін тапсырма. 
5)
Презентация – белгіленген мәселе бойыншанегізгі қағидаларды слайд,бейнеролик 
және т.б материалдар арқылы көрсете отырып жасайтын ауызша баяндама. 
6) Жағдаяттық тапсырма – әртүрліжағдайлардың сипаттамасы мен оларға байланысты 
тапсырмалар тізімдемесі.
7) Іскерлік ойындар –білім алушының болашақ кәсіби қызметіне байланысты 
дағдыларды қалыптастыруға бағыттылған және алдын-ала дайындық пен өз бетінше 
аяқтауды талап ететін кез-келген процестің имитациясы. 
8) Топтық жоба – 3-5 білім алушыдан тұратын топтың жоба жасауына арналған 
тапсырма.
9) Жеке жоба – дайындық деңгейі жоғары білім алушылар үшін өзекті тақырып 
бойынша зерттеу жобасын әзірлеуге арналған тапсырма. 
10) Глоссарий (тізбек сөздер) – берілген тақырып бойынша терминдер мен 
түсініктердің қысқаша анықтамасы.
8. Әр пән бойынша өзіндік жұмыс түрлері мен формалары пәннің ерекшелігіне, мақсат-
міндеттеріне, күрделілігі мен өзектілігіне, білім алушылардың дайындық деңгейіне, пәннің 
еңбек сыйымдылығына қарай анықталады.
9. Білім алушының өзіндік жұмысының технологиялық элементтері ретінде өзіндік 
жұмысты жоспарлау мен ұйымдастыру, оның орындалуын бағалау мен бақылау, БӨЖ-ді 
талдау мен жетілдіру болып табылады.
10. Білім алушының өзіндік жұмысын факультет, кафедра, әр оқытушы сәйкес келетін 
оқу-әдістемелік құжаттарды жасау арқылы жоспарлайды.
11. Білім алушының өзіндік жұмысын деканат, оқу үдерісін жоспарлау және 
ұйымдастыру бөлімі, кафедра және осы академиялық топта сабақ беретін оқытушы 
үйлестіріп отырады.
12. 
Әдістемелік бөлім БӨЖ-дің әдістемелік қамтамасыз етілу мәселелері 
бойыншаоқытушы-профессорлық құрамы үшін семинарлар өткізіп кеңес береді, БӨЖ 
формалары мен түрлері бойынша әдістемелік нұсқаулықтар мен ұсыныстарды сараптайды, 
білім алушылардың үлгерімін талдау негізінде БӨЖ ұйымдастырылуын жетілдіру бойынша 
ұсыныстар жасайды.
13. Деканат аудиториялық қорды ескере отырып, ОБӨЖ және оқытушылардың кеңес 
беру кестелерінің оңтайлы құрастырылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ білім алушылардың 
үлгерімін бақылап отырады.
14. Кафедра: 
- кредиттің анықтамасына сәйкес дәріс, практикалық және зертханалық сабақтар мен 
БӨЖ арасындағы оптималды қатынастың анықталуын;
- дәріс, практикалық, зертханалық сабақтар мен БӨЖ мазмұны және көлемінің 
құрылымдануын; 
- білім алушылардың әр тақырып бойынша білімін бағалау критерийлерінің 
құрастырылуын;
- оқу жұмыс жоспарында бекітілген көлемдегі пәннің оқу жұмыс бағдарламасының 
орындалуын қамтамасыз етеді
15. Оқытушы: 
- БӨЖ ұйымдастырылуы бойынша әдістемелік материалдардың және әдебиеттер 
көздері бойынша ұсыныстардың жасалуын; 
- тапсырмаларды орындауға қойылатын талаптардың, әр БӨЖ тапсырмасы бойынша 
бақылау мерзімдері мен түрлерінің, бағалау көрсеткіштерінің жасалуын; 
- білім алушар өзіндік жұмысының, оның ішінде тапсырмалардың түрлері мен 
күрделілік деңгейі бойынша дифференциациялануын қамтамасыз етеді. 


189
16. Білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудағы оқытушының негізгі 
міндеті: 
- білім алушының оқу, ғылыми-зерттеу, практикалық жұмыстарын өз бетінше атқару 
дағдыларының қалыптасуына жағдай жасау;
- білім алушылардың кәсіби, ғылыми және тәжірибелік қызығушылығын дамытуға 
мүмкіндік туғызу; 
- болашақ мамандардың кәсіби маңызды қабілеттері, білімдері мен дағдыларының 
қалыптасуына себепкер болу; 
- білім алушылардың тұлғалық шығармашылық қабілеттерінің дамуына жағдай жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет