Редакциясын басқарған Ғ. М. Мұтанов



Pdf көрінісі
бет100/208
Дата03.12.2023
өлшемі3,06 Mb.
#133288
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   208
§21 
 
БАКАЛАВРИАТТА КӘСІБИ ТӘЖІРИБЕНІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
 
Негізгі қағидалары 
 
1. Жоғары білім берудің кәсіби оқыту бағдарламаларын жүзеге асыратын әл-Фараби 
атындағы Қазақ Ұлттық университетінде кәсіби тәжірибе жүргізу мен ұйымдастыруға талап 
қою ережесі. 
2. Кәсіби тәжірибелер тәжірибе базасы болып табылатын мекемелерде өткізіледі;
3. Мамандардың дайындық бейіміне байланысты тәжірибе қорлары өнеркәсіп 
мекемелері, ғылыми-зерттеу институттары, мекемелер, банктер, сондай-ақ кәсіби қызметтері 
сай келетін ұйымдар болып табылады. 
4. Кәсіби тәжірибенің мерзімі, ұзақтығы және мазмұны мамандықтардың оқу 
жоспарымен, академиялық күнтізбемен және университеттің тәжірибе бағдарламаларымен 
анықталады.
5. Мамандықтардың ерекшелігіне қарай төменгі курстарда оқу – танымдық тәжірибе 
оқу шеберханаларында, зертханаларда, полигондарда, ҒЗИ-ларда және тәжірибелі 
шаруашылықтарда, оқу-қосалқы бөлімшелерінде өткізіледі. 
6. Жоғары курстарда студенттер нақты өндірістік жағдайында мамандардың міндетін 
атқаратын өндірістік-кәсіби тәжірибе ұйымдастырылады. 
7. Диплом алдындағы тәжірибе кәсіпорындардың өндірістік (кәсіби) қызметтері жайлы 
ақпараттарды жинау және сол ақпараттарды дипломдық жұмысты (жобаны) орындау 
барысында қолдану мақсатында өткізіледі.
8. Сырттай бөлімде оқитын студенттер, мамандық бойынша жұмыс істейтін студенттер 
өндірістік тәжірибе мен диплом алдындағы тәжірибеден жеке тапсырма жоспары бойынша 
жұмыс орындарынан өтеді. Аталған жағдайдағы білім алушылар университетке жұмыс 
орнынан анықтама, күнделік, есеп және оның кәсіби қызметін сипаттайтын мінездеме алып 
келеді. Мамандық бойынша жұмыс істемейтін студенттер белгіленген ереже бойынша 
жоғарыда аталған тәжірибелерді таңдаған мамандығы бойынша жұмыс талаптарымен танысу 
үшін, сондай-ақ диплом жұмысына қажет материалдар жинау үшін басқа мекемелер мен 
ұйымдарға жіберіледі. 
9. Мамандықтары бойынша жұмыс жасайтын сырттай оқу нысанында оқитын 
студенттер оқу-танымдық тәжірибе өтуден босатылады; 
10. Студенттерді тәжірибенің барлық түріне жіберу ЖОО басшысының бұйрығымен 
тәжірибені өту мерзімін, тәжірибе базасын және тәжірибе жетекшісін көрсету арқылы 
рәсімделеді. 
11. Кәсіби тәжірибені өткізу үшін университет тәжірибе базаларымен шарт жасасады, 
тәжірибеден өту бағдарламасын және күнтізбе кестесін мақұлдасады. 
12. Кәсіби тәжірибені ұйымдастыру және өткізу жауапкершілігін жасасқан шарт 
ережелеріне, сонымен қатар ҚР-ның «Еңбек туралы заңына» сәйкес университет ректоры 
және тәжірибе базасының басшысы көтереді.
13. Кәсіби тәжірибені өткізу факультет әдістемелік бюросының отырысында тиісті 
кафедраға бекітіледі. 
14. Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету және тәжірибеге жетекшілік жасау, оқу 
жоспарларын, тәжірибе бағдарламаларын орындау, және оны өткізу сапасын бақылауды 
тиісті кафедралар жүзеге асырады.
15. Тәжірибе жетекшілігіне өтініш берген оқытушылардың бірін таңдау арқылы 
студент өзінің тәжірибе жетекшісін таңдай алады. Кәсіби тәжірибеге жетекшілік ету едәуір 
білікті, тәжірибелі, кәсіби ойлау қабілетіне ие, мамандықтың қыр-сырын білетін, өтініш беру 
конкурсынан сәтті өткен және кафедраға сәйкес келетін оқытушылармен жүзеге асырылады.
 


192
16. Студенттер, сонымен қатар тәжірибе өтетін кәсіпорындар, мекемелер тәжірибе 
бағдарламасымен қамтамасыз етіледі.
17. Қажет болған жағдайда тәжіребеден өтетін студенттер медициналық тексеруден 
өткізіледі.
18. Кәсіби тәжірибе басталардың алдында кафедра тәжірибеден өтуші студенттерге 
қажетті дайындық ұйымдастырады: тәжірибеге тапсырмаларды, бағыттауларды рәсімдейді. 
Оқу жоспарына және бағдарламасына сәйкес студенттерге консультациялар өткізеді. 
19. Университет студенттердің тұрмысы мен мекемелердің қалыпты жағдайын, еңбек 
қорғау және қауіпсіздік техникасын бойынша міндетті нұсқаулар жүргізуді, тәжірибешілерді 
ішкі еңбек тәртібі ережелерін орындауын қамтамасыз етілуін бақылайды. 
20. Университет атынан тәжірибе жетекшісі студенттердің тәжірибе туралы есебін 
тексеріп, жұмыстары туралы пікір беріп, кафедра меңгерушісіне тәжірибенің өткені жөнінде 
сын мен студенттердің тәжірибелік дайындықтарын жақсарту мақсатындағы ұсыныстары 
көрсетілген жазбаша қорытынды есеп береді.
21. Кәсіпорындағы студенттердің тәжірибе жетекшісі мәліметтер жинауға, нақты 
өндірістік жағдайында жасалған кәсіби міндетінің сапасын бағалайды, тәжірибеден өтуші 
студенттерге тәжірибе бағдарламасы мен жеке тапсырмаларды орындағандары туралы 
мәлімет көрсетілген кәсіби мінездеме береді. 
22. Студент тәжірибе өту барысында міндетті:
- тәжірибе бағдарламасын толығымен орындауға, бекітілген нысандағы тәжірибе 
күнделігін жүргізуге; 
- тәжірибе базаларындағы қолданыстағы ережелерге бағынуға; 
- еңбек қорғау, техникалық қауіпсідік және тазалық ережелерін үйрену және қатаң 
түрде сақтауға; 
- тиісті кафедралардың тапсырмалары бойынша жедел жұмыстарға қатысуға;
- Тәжірибе жетекшісіне, тәжірибе базаларының басшысымен куәландырылған жазбаша 
тәжірибе есебін, атқарылған жұмыстары бойынша күнделігін өткізуге. 
23. Студент тәжірибе бағдарламасында көрсетілген тапсырмаларды орындап болған 
жағдайда, университеттегі тәжірибе жетекшісіне мекеме басшысымен куәландырылған 
жазбаша тәжірибе есебін өткізуге тиіс.
24.Студент тәжірибе өту барысында тәжірибе бағдарламасында көрсетілмеген 
жұмыстарға қатыспауға құқылы. Тәжірибе өту орнында бос орын болған жағдайда ақылы 
қызмет лауазымына жұмысқа орналаса алады. 
25. Кәсіби тәжірибелер бекітілген кафедралар мекеменің, ұйымның талаптарына сай 
студенттердің кәсіби тәжірибе бағдарламаларын жасап, бекітеді. Студенттердің тәжірибесі 
бойынша нұсқаулық тәжірибенің мақсаты мен міндеттері, тәжірибе өтетін орын, студент-
тәжірибешіге кәсіби талаптар, тәжірибе кезеңдерінің мазмұны, тәжірибе бөліктерін бағалау 
өлшемдері, есеп беру құжаттарын дайындау тәртібі (тізім, рәсімдеу талаптары және т.б.), 
есеп беру формаларының үлгілері, тәжірибе бойынша есеп беру мерзімінен тұрады. 
26.Тәжірибені бақылау нысанының қорытындысы болып студенттің тәжірибе барысындағы 
мәліметтерді жинап, талдап және жүйелеп жазған есебі табылады.
27.Тәжірибе туралы есеп шығарушы кафедраның кұрастырған және соның отырысында 
бакітілген талаптарына сәйкес рәсімделеді. Тәжірибе есебін рәсімдеуге соңғы 2-3 күн 
беріледі. 
28. Кәсіби тәжірибенің қорытындысы бойынша үйренуші тиісті кафедраға тәжірибенің 
қорытынды есебін тапсырады, және сол жерде тәжірибе жетекшісімен тексеріліп сол 
кафедра меңгерушісінің өкімімен құрылған комиссия алдында қорғалады. Есептерді қорғау 
нәтижесі белгіленген баллдық, рейтингтік әріптік жүйемен бағаландаы. 
29. Есептерді қорғау комиссиясының құрамы және оның жұмыс кестесі тәжірибе 
аяқталғанға дейін алдын ала 10 күннен кем емес күн бұрын кафедра отырысында 
талқыланады және бекітіледі. 


193
30. Тәжірибенің міндетті компоненттерінің қатарына тәжірибеден өтуші студенттің 
еңбек тәртібін сақтауы, жинаған ақпараттардың саны мен сапасы, тәжірибе кезеңдерінің 
сапасы мен уақытылы болуы, өткізілген есептің сапасы, студенттің тәжірибе өткен 
тәжірибесі жөніндегі есептің комиссия алдында сапалы қорғалуы кіреді.
31. Мамандықтардың ерекшелігіне қарай кәсіби тәжірибені кафедра отырысында 
талқылап және бекітіп болған соң кафедра бағалаудың қосымша компоненттерін қоса алады. 
32. Кәсіби тәжірибе қорытындылары кафедрада талқыланады. Тәжірибенің жалпы 
қорытындысы факультет кеңесінде мүмкін болған жағдайда тәжірибе базасының өкілдерінің 
қатысыуымен өткізіледі.
33. Тәжірибе бойынша қорытынды тізім сол оқу жылында жабылу керек. Тәжірибені 
бекітілген балдық-рейтингілік әріптік жүйемен бағалау түрлі сынақтардың қорытынды 
бағасының нәтижесі сияқты басқа пәндермен бірге GPA-ғажәне студенттің курстан курсқа 
өтуіне әсер етеді. Студенттің тәжірибе бойынша қорытынды бағасы қанағаттанарлық болған 
жағдайда, тәжірибенің сәйкес түріндегі кредиттер есепке алынбайды.
34. Тәжірибеге дәлелді себептермен келе алмаған немесе қорытынды бақылауда F 
(«қанағаттанарлық») бағасын алған студент, келесі академиялық кезеңде тәжірибеден ақылы 
түрде өтіп тапсыруға құқылы. Ал егер де дәлелді себептермен келе алмаған жағдайда 
студент келесі академиялық кезеңде ақысыз түрде өтіп тапсыра алады.
35. Кәсіби тәжірибенің шығындары, сондай-ақ мемлекеттік тапсырыс негізінде 
оқытылып жатқан студенттердің тәжірибеден өту орнына барып-келу шығыны білім беру 
аясындағы өкілетті органдардың бөлген қаражатымен қамтамасыз етіледі, ал ақылы бөлімде 
оқитын студенттердің шығыны университетке төлеген оқу ақысынан бөлінеді. 
Педагогикалық тәжірибеге жетекшілік жасағандары үшін мектеп жұмысшыларына 
төлемақы кәсіби және педагогикалық тәжірибелерді өткізуге көзделген ақы есебінен төлеу 
жүзеге асырылады. 
36. Мемлекеттік оқу грантында оқып жатқан студенттердің тәжірибе өту кезінде 
жалпылама негізінде стипендия алу құқығы сақталады.


194
1 Қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет