Лекция тақырыбы: Басшылық: билік және ықпал ету Лекцияның оқыту нәтижелері



Pdf көрінісі
бет5/9
Дата03.12.2023
өлшемі198,01 Kb.
#133475
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
13 лекция

Іскерлік сапасына
мыналар жатады: 
-
ұйымдастырушылық қабілетінің болуы (жұмыс беру, бақылау) 
-
қызмет бабына шешім қабылдау,өзін алып жүру 
-
тәуекелге дайын болу, жаңалық енгізу 
-
қарамағындағыларды өзіне тартып еліктіре білу 
-
батылдығы, тәуелсіз жұмыс істеуге құштарлығы т.б. 
 
2.
 
Ықпал ету және билік формалары 
Басшылық жасау үшін ықпал ету қажет, ал ықпал ету үшін биліктің 
негізі болуы керек. Белгілі бір билікке ие болу үшін орындаушыға аса 
қажетті бір нәрсені өз қолыңызға алу арқылы өзіңізге бағынуға мәжбүр 
етесіз. Ықпалдың барлық формалары басқа адамның талаптарын орындауға 
талпындырады. Соның салдарынан басшы және орындаушы болақшақтағы 
ұқсас немесе ұқсас манерлерін қалыптастырады, басшы бағыныштыға ықпал 
етеді. 
Биліктің әр түрлі формалары болады
. Билікпен көшбасшылік 
саласындағы зерттеушілер Френч және Рейвен билік негіздерінің қолайлы 
жіктеулерін жасап шығарады. Соған сәйкес биліктің бес негізгі формасы бар: 
1.
Мәжбүр етуге негізделген билік:
орындаушы ықпал етушінің 
әрекеттерімен келіспейді, аса үлкен қажеттіліктерді қанағаттандырмай 
тастауы мүмкін деп ойлайды. 
2.
Марапаттауға негізделген билік:
орындаушы ықпал етушіден 
өз еңбегінің жемісі үшін жақсы сыйлық аламын деп сенеді, одан жақсылық 
күтеді. 
3.
Сараптау билігі:
орындаушы ықпал етушінің белгілі бір 
қажеттілікті қанағаттандыруына мүмкіндік беретін білімі бар деп сенеді. 
4.
Эталондық билік (Үлгі билігі):
орындаушы үшін ықпалдың 
сипатымен қасиеттері өте жағымды, сондықтан ол ықпал етушіге ұқсағысы 
келеді. 
5.
Заңды билік:
орындаушы ықпал етушінің бұйрық беруге құқығы 
бар, ал оны орындау өзінің парызы екендігіне сенеді. Орындаушы бағынған 
кезде ғана қажеттіліктер қанағаттандырылатынын түсінеді де, дәстүр 
бойыншы ықпал етүшіге бағынады. 
Бағынышты басшының бұйрығын ұйымдық иерархияның төменгі 
сатысында тұрғандықтан орындайды. Себебі басшыға басқа адамдарды 
басқаруға болатын өкілеттілік берілген. Билік ықпал ету арқылы жүргізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет