әсер ету мумкіндігі. Басқаруда билік болмаса,
ұйымның жұмысы алға
баспайды, тәртіп нашарлайды.
Билік балансы
. Көптеген адамдар билік бір адамға екінші бір адамның
сезімдері, ойларына қарамастан, ықпал етуге мүмкіндік береді деп ойлайды.
Бұл дұрыс емес. Ұйымдағы билік тек ішінара иерархиямен анықталады.
Белгілі бір жағдайдағы бір адамның билігінің мөлшері оның ресми
өкілеттіліктерінің деңгейімен емес, басқа адамға
тәуелділік дәрежесімен
анықталады. Басқа адамның тәуелділігі не ғұрлым жоғары болса, со ғұрлым
адамның билігіде үлкен болады. Мұны мына формуламен көрсетуге болады:
билік берілген А адамның Б адамға ықпалының денгейі Б адамның А адамға
тәуелділігінің де деңгейінде де болады.
Бұл билік балансы деп аталады
.
Бағыныштылар билігі.
Басшылардың өз бағыныштыларына билік
жүргізетін себебі бағыныштылар
жалақы, жұмыс ғимараттары, қызметте
өсу, өкілеттіліктерді кеңейту мәселелерге
келгенде
басқарушыға тәуелді
болып қалады. Бірақ кейбір жағдайларда бағыныштылар басшаларға билік
жүргізуі мүмкін. Мысалы, шешім қабылдауға қажетті мәліметтер мен
ақпараттар басқа адамдармен бейресми
қарым-қатынастар сияқты
мәселелерде басшы бағыныштының көмегімен ықпалына жүгінеді.
Бағыныштылар билігінің жүзеге асуына әсер ететін факторларды қорыта
келіп Дэйвид Механик
былай дейді:
«Бір адам басқа бір адамға қаншалықты
тәуелді болса, соншалықты сол адамның билігіне бағынуға мәжбүр болады».
Басшы әрқашанда билік балансының сақталуына әсер етуі тиіс. Себебі
ұйымның мақсатына жетуі бағыныштыларға тікелей байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: