Көз жеткізу арқылы ықпал етудің күшті және осал жақтары . Ең
бірінші
осал жағы -
өте нашар немесе бәсең екендігі белгісіздігі,
екіүштылығы. Сонымен бірге ықпал етудің бұл формасы бірақ рет әсерін
тигізеді.
Артықшылығы к өз жеткізу арқылы әсер ету кезінде ұйымдардағы
адамдар берілген тапсырманы дәл, тиянақты, бұлжытпай, тиімді орындайды,
бұл жұмысты басшының бақылауысыз жасайды, себебі жұмысшының жеке
басының қабілеттілігі осы жұмыстың тиімділігі бойынша барлық басқарудың
иелерінде насихатталып жарияланады.
Еңбеккерлерді басқаруға тарту арқылы ықпал ету кезінде басшы
бағыныштыға ықпал етуі үшін ешқандай қиналмайды. Басшы
орындаушының күш жігерін белгілі бір бағытқа бұрып, ақпараттармен еркін
алмасуды қамтамасыз етеді. Басқаруға бірлесіп қатысқан басшы мен
бағыныштылардың арасында ауызбірлік болуы керек.
Оқытудың техникалық құралдары : интербелсенді тақта, слайдтар
Лекция оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: дамыта оқыту
технологиясы, проблемалық оқыту технологиясы
Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (сұрақтар) және оларды бағалаудағы ұпайлардың үлестірілуі: 1- деңгейдің сұрақтары 1. Ұйымның басшысын сипаттаңыз.
2. Басқарушының құқықтары мен міндеттеріне сипаттама беріңіз.
2- деңгейдің сұрақтары 1.
Биліктің бес негізгі формасын атаңыз
2.
Френч және Рейвен билік негіздеріне сипаттама беріңіз.
3- деңгейдің сұрақтары 1. Файли, Хаус және Керр басқару мен басшы қызметкер арасындағы
айырмашылықты көрсетіңіз. Мысал келтіріңіз.
ОБӨЖ тапсырмалары: Ықпал ету және билік формалары.
БӨЖ тапсырмалары: Басшылық: билік, ықпал ету және әріптестік-реферат
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі