47
олардың қасиеттерi арасындағы жалпы және жеке байланыстарды айқындаумен
сипатталады, пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруға бағытталады, оқу
материалын сабақтас пәндердің мазмұны арқылы меңгереді, есептерді шешудің
жаңа әдістерімен танысады, оқушыларда
есептерді шығару кезінде
математикалық білім, білік, дағдылары қалыптасады, бұл өз кезегінде
математикадан білім деңгейін арттырады.
Мәтінді есептердің ойлауды дамытудағы маңыздылығы.
Мәтінді есептерді
шығару барысында есептің шартын талдауға,
математика тіліне көшіруге,
математикалық моделін құрастыруға, яғни математикалық модельдеуге, есепті
шешудің тиімді тәсілдерін таңдауға, бірнеше тәсілдермен шешуге
үйренеді.Математикалық модельдеу қаржылық-экономикалық
мазмұндағы
есептердi шешу құралы бола отырып, оқушылардың экономикалық ойлауын
дамытуға, қаржылық сауаттылығын қалыптастыруға септеседi.
Мәтінді есептердің тәжірибелік маңыздылығы.
Оқушылар қаржылық-
экономикалық мазмұндағы есептерді шығару кезінде математикалық білімдерін
күнделікті нарықтық өмір тәжірибесінде қолдана білуге үйренеді.
Сонымен
қатар математиканың экономикамен байланысының маңыздылығын түсінеді. Іс-
жүзінде кең таралған: еңбек өнімділігі, өнімнің өзіндік құны, т.б. экономикалық
терминдермен танысады.
Қаржылық-экономикалық
мазмұндағы
математикалық
есептерді
шығарудың практикалық мәні зор. Мұндай есептердің мазмұны тек қана
теориялық біліммен қаруландырып қоймай, оларды келешекте өздігінен дұрыс
шешім қабылдауға, еңбек өнімділігін арттыратын әдіс-тәсілдерді іздеп табуға
баулиды.
Мәтінді есептердің тәрбиелік маңыздылығы
. Мәтінді есептердің тәрбиелік
маңыздылығы
өзінің мәтіні, мазмұны, фабуласымен тәрбиелейді. Мұндай
есептер оқушыларды экономикалық тұрғыдан тәрбиелеуде қоғамдық пайдалы
және өнімді еңбек ерекше орын алады. Өнімді еңбекте оқушының жоспарлау
ісіне есеп алу, бақылау, өнімділік процесін ұйымдастыруға қатысуының маңызы
өте зор. Бұлардың
бәрі материалдық қаржы қорын, жұмыс уақытын тиімді
пайдалана білуге. еңбек өнімділігін арттыруға, жұмыс сапасын көтеру
мүмкіндігін табуға, шаруашылыққа тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады.
Материалдық қаражат түрлерін үнемдеп
пайдалану жолында өндіріс
орындарында ғана емес, жеке отбасы өмірінде де түрлі қиыншылыққа кездесуге
болады. Осы жағдайлар оқушыларды бұйымдардың, ақшаның және т.б.
құндылығын түсініп, үнем ережесінің тиімді жолдарын іздестіруге тәрбиелейді.
Мәтінді есептердің бақылаушылық маңыздылығы.
Мәтінді есептер
оқшылардың математикадан білім мен біліктер жүйесін қалыптасқандығын
тексеруге бағытталады. Білім мен білікті
бақылау процесін қаржылық-
экономикалық мазмұндағы есептер арқылы да жүзеге асыруға болады. Арнайы
таңдалып алынған мәтінді есептер көмегімен оқу амалдарын, білімді меңгеруін,
оқу іс-әрекет тәсілдерін бақылау іске асады; есептер арқылы өзара бақылау,
пәндік және жеке рефлексия, өзін-өзі бақылау қалыптасады.