69
ғылым ретіндегі дәрежесін жоғалтып, тәуелсіз мемлекеттер достығы өзіндік
отандық ғылымның қалыптасуында жұмыс атқарады. Отандық педагогика
белсенді түрде білімнің стандартталуы мен ақпараттануы, педагогикалық
технологияларды енгізу арқылы мектептегі оқу мен тәрбие туралы мәселелерді
зерттеу үстінде.
Жетінші кезең
– ХХ ғасырдың аяғы мен қазіргі кезеңге дейін.
Педагогика
ғылымы ұзақ тарихи даму жолынан өтті. ХХ ғасырдың ортасына дейін
педагогика баланы оқыту және тәрбиелеу туралы ғылым ретінде танылды
.
Бұл
кезеңде педагогиканың дамуы жаңа бағыт алды. Инновациялық технология
ұғымы педагогика ғылымына енгізілді. Бұл кезең білім беру саласында жаңа
парадигманың енгізуіне байланысты оқу-тәрбие процесінде педагогикалық
технологияны жаңа бағытта жаңаша қолдануымен ерекшеленеді.
Педагогика ғылымының дамуы чех педагогы Ян Амос Коменскийдің
атымен байланысты. «Ұлы дидактика» атты кітабында Я.А.Коменский
педагогикалық білімге ғылыми негіз салуға тырысты. Педагогика ғылымының
маңызды құрылымы дидактиканың дамуына көп деген үлестерін қосқан белгілі
педагогтар А.Н.Радищев, В.Г.Белинский, А.Н.Герцен, Н.Г.Чернышевский,
Н.А.Добролюбов, Л.Н.Толстой, Н.И.Пирогов, К.Д.Ушинский, К.Н.Вентцель,
В.И.Водовозов, В.П.Острогорский, П.Ф.Лесгафт, П.Ф.Каптерев, Н.К.Крупская,
С.Т.Шацкий,
А.С.Макаренко,
П.П.Блонский,
В.А.Сухомлинский,
А.П.Пинкевич, т.б. есімдерімен байланысты.
Қайта өрлеу дәуіріндегі педагогикада гуманизм бағыты жақсы дамыды.
Оның өкілдері: Э.Роттердамский, В.Фельтре, Ф.Рабле, М.Монтень, Т.Мор,
В.Ратке, Т.Кампанелла жаңа дәуір үшін жаңа адам қажеттігін дәлелдеді.
Феодализмнен капитализмге өту дәуірінде дін шырмауындағы ғылымдар
дамып, жеке бөлініп шыға бастайды.
Батыс Еуропада ағылшын философы Джон Локк (1632-1704ж.ж.) «Тәрбие
туралы ойлар» деген еңбегінде тәрбиенің психологиялық негіздеріне,
адамгершілік тәрбиесіне көбірек көңіл бөлді. Ол баланы «таза тақтаға» теңеді.
Францияда Жан-Жак Руссо (1712-1778ж.ж.) баланы табиғат арқылы, табиғаттай
жетілдіре тәрбиелеуге көңіл бөліп, баланы жазалауға қарсы болды, қатаң таяқ
тәртібіне қарсы «еркін тәрбие» идеясын ұсынды. Швейцарияның педагог-
демократы И.Пестолоцци «Лингард и Гәртруда» деген еңбегінде білім беруге
демократиялық көзқарасты, тәрбиенің гуманитарлық сипатын балаға шын
пейілмен көңіл бөлуді жақтады. Ресейде революциялық-демократияшыл ойдың
негізгі салушылар: А.Н.Радищев, В.Г.Белинский, А.Н.Герцен; XIX ғасырдың 60-
ы жылдарында Н.Г. Чернышевский, Н.А.Добролюбов; XIX ғасырдық
екінші жартысында демократияшыл тәрбиенің идеяларын ұсынушылар:
Н.И.Пирогов, К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой және т.б. болды.
Достарыңызбен бөлісу: