Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Надежда Константиновна Крупская (1869-1939 ж.ж.)



Pdf көрінісі
бет63/303
Дата10.12.2023
өлшемі8,71 Mb.
#136434
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   303
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

Надежда Константиновна Крупская (1869-1939 ж.ж.)
Кеңестік 
педагогика ғылымын дамытуға зор үлес қосып, еңбек және политехникалық 
білім беру, идеялық-саяси тәрбие мәселелерін ғылыми-теориялық негізде 
талдады. Н.К.Крупскаяның айырықша көңіл бөлген мәселелерінің бірі – оқыту 
теориясы. Сонымен катар Кеңес мектебінде оқушылардың өзін-өзі басқарудағы 


70 
мақсаты мен міндеттерін белгіледі. Оның еңбектерінде отбасы тәрбиесі, 
балалардың қоғамдық ұйымдарының қоғамда алатын рөлі және міндеттері 
көрсетілді. 
Көрнекті Кеңес педагогы 
Антон Семенович Макаренко (1888-
1939 жж.)
жастарды қайта тәрбиелеудегі өзінің бай тәжірибесіне сүйеніп, оқу-
тәрбие жұмысын жүргізудің жүйелі теориясы мен әдістемесін ұсынды. 
А.С.Макаренконың тәрбие мен оқу жайлы еңбектері, оның жеті томдық 
педагогикалық шығармаларында жинақталған. Олар: «Ата-аналар кітабы», 
«Балаларды тәрбиелеу жайлы лекциялар», «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру 
әдістемесі», «Педагогикалық поэма», «Мұнара үстіндегі тулар» және т.б. Бұл 
енбектерінде А.С.Макаренко тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін, әдістері 
мен негізгі принциптерін, балалар ұжымы мен оқушыға қойылатын біріңғай 
педагогикалық талаптарды зерттеп жинақтады. 
Көрнекті педагог 
Василий Александрович Сухомлинский (1918-1970 
жж.)
өзінің педагогикалық жүйесінде әрбір оқушының жан-жақты дамуының, 
дара ерекшеліктері, бейімділігі, қызығушылығы және тағы басқа кабілеттерінің 
жетілуіне бағытталған оқу-тәрбие процесін ұйымдастырды. «Павлыш орта 
мектебі», «Балаға жүрек жылуы», «Ұжымның құдіретті күші», «Мектептің жас 
директорымен сырласу» және т.б. құнды еңбектері арқылы В.А.Сухомлинский 
жас ұрпаққа тәрбие мен білім берудің ұлы ісінің жалғастырушысы болды. 
ХХ ғ. басындағы тарихи жайт – 1917 жылғы Ұлы Қазан төңкерісімен 
байланысты. 1918-1931 жылдары білім беру мен оқытуды түбегейлі оқыту қайта 
құру жүйесінің жылдары болды. Осылайша төңкеріске дейінгі мектептегі білім 
берудің құрылымы жаңа жүйемен ауыстырылды. Оның ішінде оқытудың жаңа 
кешенді бағдарламалары енгізілді; сынып-сабақтық оқыту жүйесі бригада-
зертханалық әдіске ауысты. Оқушыға игеруге берілетін оқу материалдары 
мұғалімнің қадағалауымен меңгерілетін, жүйелі оқыту тәжірбие жүзінде іске 
асатын жобалау әдісімен ауыстырылды. Еңбек және оған дайындау, еңбекпен 
айналысу негізгі мазмұн мен оқыту әдістемесін құрады.
Мектептің өзі алдыңғы жалпы білім беретін орындардың (гимназия, лицей, 
училище, шіркеулік және жергілікті мектептер, т.б.) типтерін ауыстырып, 
бірыңғай еңбектік (ресми түрде -1918 жылдан бастап бірыңғай еңбектік мектеп) 
болып аталды. Бұл оқытудың дәстүрлі жүйесінен бас тартып, оқытудың мүлдем 
жаңа теориясымен білім берудің тәжірибесін іздеудің белсенді кезеңі болды. 
1991 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі аралықты қамтыған қазіргі 
кезең оқытудағы педагогикалық технологияларды, соның ішінде ақпараттық-
коммуникативтік технологияны және тұлға-бағдарлық білімді беруді енгізу 
мәселелеріне 
қатысты 
қызығушылықтың 
туындауымен 
сипатталады. 
Педагогикалық инновацияның, педагогикалық мониторингтің, менеджменттің 
теориялық негіздері зерттелінді. Бұл сұрақтарды зерттеуде Ю.А.Конаржевский, 
Т.И.Шамова, М.М.Поташник, Л.С.Подымова, М.В.Кларин, Г.К.Селевко, 
В.П.Беспалько, Е.В.Бондаревская, И.С.Якиманская және т.б. ғалымдар зор үлес 
қосты. 


71 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   303




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет