Глава
4
.
Инновации
в
системе
специального
(дефектологического) образования в Казахстане и за рубежом
4.1.
Модели психолого-педагогического сопровождения детей с
ограниченными возможностями здоровья в условиях инклюзивного
образования…………………………………………………………………160
4.2.
Технологии психолого-педагогического сопровождения детей с
ограниченными возможностями здоровья в условиях инклюзивного
образования…………………………………………………………………166
4.3.
Педагогическая культура педагога в контексте реализации
профессионального
стандарта
педагога
инклюзивного
образования…………………………………………………………………169
Тестовые задания для самоконтроля ..................................................174
Темы практических занятий …........…………………...........................178
Список использованной литературы……………………………………203
5
Инклюзивті білім беру
КІРІСПЕ
Пәнді оқытудың мақсаты - студенттерді білім берудегі
инклюзивті процестерді ұйымдастыру мен басқарудың
негізгі ережелерімен таныстыру; мүмкіндігі шектеулі
балаларды жалпы білім беру процесіне қосуды модельдеу
сызбаларын бөліп көрсету және жалпы және арнайы білім
берудің маңызды әлеуметтік-мәдени феномені ретінде
интеграцияланған оқыту туралы түсінік беру болып
табылады.
Курстың міндеттері:
1. Жалпы және арнайы білім берудің ажырамас бөлігі
ретінде инклюзивті білім беру жүйесі туралы тұтас
көзқарасты қалыптастыру;
2. Студенттерді инклюзивті оқыту процесінде оқушыға
ұсынылатын білім беру қызметтері жүйесімен таныстыру.
3. Оқу-тәрбие процесін модельдеуге және инклюзивтік
білім беру режимінде оқыту практикасында іске асыруға
үйрету.
4. Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру және басқару
міндеттерін шешуде мамандардың пәнаралық және
ведомствоаралық
өзара
әрекет
жасау
қабілетін
қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін
демократияландыру, өскелең ұрпақты тәрбиелеу, дамыту
және оқытудың гуманистік тұрғыдан жүзеге асырылуы
кезеңінде барлық балалардың, оның ішінде әлеуметтік
жағынан осал топтардың балалары: ауылдық жерлерде
тұратын балалар және оқшауланған аймақтар, этникалық
және тілдік аз топтардың балалары, АҚТҚ және ЖҚТБ-дан
зардап шеккен балалар, мигрант балалар, сондай-ақ
дамуында ауытқушылықтары бар балалар және оқуда
әртүрлі
қиындықтарға
тап
болған
балалардың
шығармашылық дамуы, өз бетімен білім алуы, кәсіби өзін-
6
өзі анықтауы үшін оңтайлы жағдай жасау мәселесі ерекше
өзектілікке ие болып отыр.
Ерекше қажеттіліктері бар балаларды адамзат
қоғамдастығына енгізу бүкіл білім беру жүйесінің негізгі
міндеті болып табылады. Білім беру интеграциясы
әлеуметтік интеграцияның бір бөлігі бола отырып, ерекше
балаларды қарапайым балалармен бірге тәрбиелеу және
оқыту процесі ретінде қарастырылады.
Ерекше қажеттіліктері бар балаларды білім беру
ұйымдарына интеграциялау әлемнің кез келген елінде білім
беру жүйесін дамытудың заңды кезеңі болып табылады,
оған барлық жоғары дамыған елдер, соның ішінде
Қазақстан да қатысады.
|