әулие Асан —«Асан-Ата» болып та аталады. Кү1іШ1
Қорқыттың—«Қорқыт Ата», «Қорқыт эулие» болып
аталуы сияқты ислам дінінің ықпалынан туған ұғымдар
деп болжауға болады. Шындығында Қорқыт туралы да,
Асан туралы да бізге жеткен нақтылы тарихи деректер
жоқтың қасы. Алапда Мұхтар Әуезовтың: «Әрбір аңыз-
әңгіменің негізінде тарихта болған адамньің кескінінің
түбегейлі ерекшеліктері жүреді»,— дегенін ^еске алсақ,
қазақ аңыздарында ғасырлар бойы үнемі айтылып келе
жатқан Қорқыт пен Асанды да өнер қамын, ел қамын
ойлаған халық ұлдары, өз кезеңінің дана ойшылдары
деп тануға тиістіміз.
Тағы бір айта кететін жай, Шоқанның, сол сияқты
Ыбырай мен Абайдыц да ой-пікірлерінің қалыптасуына
дала өнерпазы, «сахара музыканты» Қорқыт пен «көш-
пенділер философы» Асанқайғы туралы ел құлағына
берік сіңген философиялық аңыз-әңгімелер өз кезінде
үлкен ықпал жасады, әсіресе олардың жас кезінде, әлі
Шығыс және орыс мәдениетімен танысып үлгермеген
кездерінде, оларға ана сүтіндей алғашқы рухани азық
болды. Ал Шоқан болса, өз шығармаларында Қорқыт-
тың, Асанқайғының аттарын үлкен құрметпен атап, ба-
ғалап көрсетіп бүкіл Европаға ең алғаш рет мақтаныш
ниетпен жариялап, жазба әдебиет арқылы дүние жүзіне
танытты.
Біз діннің, оның ішінде шамаи дінінің шығуы, ол
діннің қазақтар ортасында тарауы, шаман дінінің ха-
лық санасында, күнделікті тұрмыс-салтында алатын ор-
ны туралы Шоқан пікіріне және шамандықтың қазақ
даласында ислам дінінен гөрі басымырақтығына тоқ-
талдық. Шоқан өз заманы үшін дұрыс та, құнды және
аса озық пікірлер айтче».
Сонымен қатар Шоқанның қоғам заңдылықтарын тү-
сінудегі көзкарастарында тар өрістілік те болған. Шо-
қан діннің, оның ішінде шаман дімінің шығу себептері-
нің бәрін ғылыми терен, тұрғыдан талдап бере алмады.
Қоғам құбылыстарын түсінуде идеалистік бағыт басым
болғандықтан діннің, оның ішінде шаман дінінің де
шығу себебі тек қана адамдардың табиғатпен күрестегі
әлсіздігіне ғана байланысты емес, сонымен бірге қоғам
Достарыңызбен бөлісу: