«Азған елдің молдасы. Үлкен болар салдесі. Аса бауыр кылмақыз, Онын рас емес алласы». Ыбырай Алтынсарин



Pdf көрінісі
бет5/66
Дата11.12.2023
өлшемі4,18 Mb.
#137458
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Байланысты:
Шокан Абай Ыбырай


Удлиханов Ш.
Таңдамалы. 140-бет.
9


тын көпшілігі хат танымагапдықтан, құраннан түсінігі 
жок, тек «естігені» ғана болғандықтан, күнделікті өмір 
сүру дәстүрінде отқа, суға, айға, күнге, табиғатгың бас­
ка да күштеріне табынды. Бүл тұрғыдап алғанда ислам- 
ныц шырмауына түспеген қазақтың қалың бұқарасы- 
ның санасы мұсылмандықтың фанатизмімен уланбаған, 
сахараның таза ауасындай, стихиялық материалистік 
сезім, нанымы басымырақ. Кейін, Октябрь революциясы 
жеңгеннен соң, қазақ еңбекші бұқарасының білімге, ғы- 
лымға, мәдениеттің барлық саласына іркілмей кірісіп
социалистік құрылысқа тезінен ілесіп, игеріп кеткендігі- 
ые оның санасынын. дінге көп уланбағандығы себепкер 
болды десек, қателеспейміз.
Шоқан Уәлиханов өзінің «Қазақтардағы шамандык- 
тардың қалдығы» деген көлемді еңбегінде «қазақтар — 
мұсылман дініне табынумен коса шамандық нанымдар- 
ға иланады... Екі дінге бірдей табыну осы күнге дейін 
келіп жалғасты»1,— дейді.
Шаманизм-— адамдардың тапқа әлі бөлінбеген ру- 
лық коғамдағы діні. Бұл діндегілердің ортақ ерекшелі- 
гі табиғат күштеріне (жел, найзағай, от, су, т. б.), ата- 
бабаның аруағына табыну, шамандардың (бақсылар- 
дың) 
кұдіретті күштерімен тілдесуіне сену болып 
табылады.
Шоқан Уәлиханов дін туралы сөз еткенде, адамзат- 
тың даму сатысында көп уақыт ешқандай да дін болма- 
ғанына, діндердіқ кейін шыққанына, оның шығу себеп- 
теріне, соның ішінде шаманизмнің, ислам дінінің қазақ 
даласына қалай, қашан келгеніне кең тоқталады.
Шынында да, адам баласының жануарлар дүниесі- 
нен бөлініп шыққанына бір миллиондай жыл болса, со- 
нын 950 мыңдай жыл уақытында ешбір дін болмаған. 
Діни түсініктердің алғашқы белгілері бұдан 40—50 мың 
жыл бұрын көмілген адамдардың жерлеу дәстүрінен, 
тәсілдерінен көрінеді. Олар өліктің қол-аяғын денесіне 
таңып, байлап, матап көмген. Сондықтан да олардың 
табылған қаңқасы бүріскен күйінде кездесетінін архео- 
логтар жазып жүр. Адамдарды бұлай көму — тірілердің 
өлгендерден қорқуының белгісі.
Шокан діннің шығуын материалистік тұрғыдан тү- 
сіндіреді. Адам баласының санасы, ойы, сезімі оны кор- 
шап түрған болмыска тәуелді екендігін Ш. Уәлиханов


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет