дық, «мен ол жүзденмін», «мен бұл жүзденмін»
деген
арзан, баянсыз түсініктеріне қарсы шықты. Осы үлкен
де терең ой Ұлы Октябрь революциясынан кейін интер-
националистік, коммунистік
сананың қалыптасуына,
өсіп-дамуына байланысты «жүзге бөлгеннің жүзі күй-
сін» деген жаңа сатыға көтерілді. Қазақ халқының
Совет Одағындағы көптеген басқа халықтармен доста-
суының, туыстасуының алғы шартына айналды.
Біздің XIX ғасырдың екінші жартысындағы үш ке-
меңгердің рухани дамуының бнік шыңы — дүние жүзін-
дегі басқа елдермен салыстырғанда кішкентай ғана ел,
алақандай қазақты руға, жүзге, жікке бөлмей, қайта
онық бір тұтас халық ретіндегі ұлттық санасын қалып-
тастыруға, сонымен бірге өз ұлтын басқа ұлттармен,
халықтармен достастыруға
бағытталған тарихи еңбек-
тері болып табылады.
ШОҚАН УӘЛИХАНОВ — АТЕИСТ
XIX ғасырдың екінші жартысында зерттеушілердің
айтуынша да, географиялық, этнографиялық, тарихи,
психологиялық тұрғылардан алып қарағанда да, қазақ-
тардың қалың бұқарасы
арасында шаманизм мен ислам
бір бірімен ұштасып, араласып қатар өмір сүріп келді.
Бұл жағдайды айқын байқаған Шоқан Уәлиханов: «Қа-
зақтар әуелде, Мұхаммедті білмей тұрғанда да, алла
мен тәңірге бірдей табынып, мұсылман әулиелерінің ба-
сына құрбандық шалып,
бақсылардың құдіретіне де
сенді, пайғамбар ұрпақтары қожаларды да құрхмет тұт-
ты. Халық отқа табынып, ал бақсылар болса жын-пері-
лермен коса мұсылмандардың періштелерін де Шақы-
рып, алланы да мадақтады. Осылай екі дінді араластыра
табыну
ешқандай қайшылыққа жатпаған, қазақтар еке-
уін де қосып ұстаған»1
Екі дінділік қазақтардың сол кездегі наным, сенім
ұғымдарында айқын сезіледі. Мысалы, шаманизмде
«тәңірі» ұғымы көп қолданылса, исламда «алла» ұғы-
мы, сол
сияқты шаманизмде тәңірінің, аруақтардың
адамдармен ұштастырушысы, байланыстырушысы «жын-
пері» болса, исламда «алланың» адамдармен ұштасты-
рушысы, байланыстырушысы «періштелер» деп санала-
ды. Ал кәдімгі тірі, өмірдегі бар
адамдардың арасындағы
шаманизмнің өкілі, іс жургізушісі кәдімгі жынын ша-
қырушы «бақсылар», ал исламның өкілі — өздерін пай-
ғамбарлардың ұрпағымыз деп санайтын «әулиелер» мен
қожалар болды.
Осы екі дінге бірдей табыну қазақтар арасында Ок
тябрь революциясына дейін созылып келді, дінге се-
нушілердің арасында бұлардың қалдығы қазірге дейін
бар дерлік, ал қазак ағартушы демократтары өмір сүр-
ген кезде ресми түрде үстемдік жүргізген ислам діні
болғандықтан, казақтардың көбі өздерін «мұсылман-
быз»
деп санап, өлгеніне құран оқытып, тірісінің біразы
намаз окып, «Мұхаммедтің үмбетіміз» деп келді. Халык-
Достарыңызбен бөлісу: