122
М.МАҚАТАЕВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ
ҚҰНДЫЛЫҚТАР
Тойбаева Ляззат Сатвалдиевна
№148 мектеп-гимназияның қазақ
тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Алматы қаласы
Аңдатпа.
Мұқағали
өлеңдері
–
ұлттық поэзияның жаңа бір
белеске көтеріп, қазақ өлеңінің ұлттық бояуы мен рухын
ұстанды, оны түрлендіре байытты,
сөйтіп қалың қазақ
оқырмандарының жүрегіне жол ашты. Сонымен қатар ақын қазақ
лирикасын ХХ ғасыр әдебиетінің озық үлгілерімен
құнарландырды. Мұқағали сыршыл ыстық лирикасымен өз
оқушыларының жүрегіне жол тапты,
оларды жақсы жырдың
ләззатына қандырып, өзінің менімен адамзатқа ортақ ақиқатты
жырлап, қалың оқырманның жан жүрегін баурады.
Кіріспе.
Мұқағали Мақатаев
жырларын оқыған оқырман
–
адалдықты, әділдікті, ізгілікті үйреніп, нәр алып сусындайды.
Биік адамгершілік қасиеттерді
–
елге, жерге, кең далаға, байтақ
Отанымызға деген нұрлы махабатты таниды. Ақынның жас
ұрпаққа
арнаған өлеңдерінде:
Шетсіз, шексіз, қиырсыз ұлы дала,
Шуақ болып шашылмай жылына ма?
Сүй Отанды! Шынымен сүйіп өт те,
Гүл боп қадал ойына, қырына да,
–
деген жыр жолдары бүгінгі
мемлекеттік бағдар
–
Қазақстан
Республикасының президентінің халыққа жолдауында әр кезде
айтып жүрген Қазақстандық патриотизм ұстанымдарымен
астасып жатыр [1,32].
Сен менің еліме бар, жерімді көр,
Жандар бар әр нәрсенің жөнін білер.
Қонағы
бол, жыл сайын келіп жүрер,
Асылы бол, жыл сайын көріп жүрер,
123
Ардағы
бол, артатын сенім, жігер,
–
деп халқына, жас ұрпаққа
туған елдің, жердің қасиетін
өзінің Қарасазына шақыру арқылы
өздерінің
туған елін, жерін қастерлеп, дер кезінде бағалай білуге
шақырады.
Кір жуып, кіндік қаны тамған жері, ғажайып өлкесі туралы
толғанысын, махаббатын «Туған жер
-
ай», «Қайран, Қарасазым
-
ай», «Қазақ жері», т.б. өлеңдерінен
айқын сезінуге болады.
Қазақ
халқы
қашаннан бері Жер
-
ананы қадір тұтқан. Оны
«Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас», «Туған
жердің күні де ыстық, түні де ыстық», «Ат
айналып қазығын
табар, ер айналып елін табар», «Пәлен жерде пайда бар, өз
жеріңдей қайда бар», «Туған жерге туың тік» деген сияқты
халқымызға тән мақал
-
мәтелдердің дүниеге келуі де аңғартады
емес пе?!
Туған жер топырағы кімге болса да ыстық көрінеді. Осындай
туған
жер топырағына, оның әсем табиғатына арналған
ақындардың шығармалары қазақ поэзиясында молынан
кездеседі.
М. Мақатаевтың туған жер, туған ел, Отан тақырыбындағы
туындылары ақын шығармаларының ішінде ерекше орын алады.
Мұқағали
–
туған жерді, Отанды, елді сүю
тақырыбына көсіле
қалам
тартқан қаламгерлердің бірі. Мұндай
өлеңдерді көтеріңкі
азаматтық дауыспен, табиғаттың қайталанбас суреттерімен
астарласып жатады.
Саялы Отан! Сайратып тіл бергенің,
Салауатты, салмақты үн бергенің.
Бақ бергенің, басыма күн бергенің,
Бал бағымды бұзбақшы
кімдер менің [2,279],
–
деген жолдары мұның куәсі.
Ал мына өлеңінде:
Отан! Отан!
Сен болмасаң не етер ем!
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем.
Бұл өмірден өксуменен өтер ем![2,279] ,
124
–
деп ақын жырлағандай Отан деген бір ауыз сөз әркімге оттан
да ыстық, қандай қымбат!
Туған жерге,
елге, Отанға деген ыстық сезімді М.Мақатаев
шығармаларынан жиі кездестіруге болады. Балалық бал дәурені
мен жалындаған жастық шағы өткен туған жердің ыстықтығы,
тамылжыған көркем табиғаттың сұлулығының өзі адам жүрегіне
жылылық пен имандылық сезімін ұялатады. Мәселен, ақынның:
Жайлауын айт жайлау деп Шалкөденің,
Еңсесі маңыраған мал әр төбенің.
Су емес суатынан қымыз аққан,
Пау, шіркін, қандай ғажап өлкем едің![2]
–
деген жолдарын оқығанда өзінің туған Нарынқолын ғана емес,
бүкіл қазақ даласының табиғаты
көз алдына келгендей әсерге
бөленесің.
Жүрегі туған жер деп соққан үлкен жүректі ақынның берік
азаматтық поэзиясын қалыптастырған «Отанымды сүйемін күліп
тұрып», «Отаным саған айтам» атты атақты толғау өлеңдері.
Достарыңызбен бөлісу: