82
мемлекетке бiрiктiрген едi. IV-V ғасырларда Гупта дәуiрi ең
жоғары сатыға өрлеген дәуiрi болып есептелдi.
Табиғатының қолайлылығы,
жерiнiң құнарлылығы
күрiш, мақта, қант өсiруге ыңғайлы болды, қолөнер мен сауда
дамыды,
оған
археологиялық
қазба
жұмыстарының
нәтижесiнде
гирлердiң
табылуы дәлел болады. Үндiстан мақта
өсiрудi алғаш қолға алып, бiрiншi рет маталар экспортқа
шығарды.
Жоспарымен, көшелердiң қиылыстары түзу салынған
Мохенджо-Даро (100 мың га)
қаласында канализациялық
құбырлар, аулада жер асты каналдары кiрпiштен салынып,
керексiз сулар қала сыртына шығарылды.
Жабық базарлар, дiни үйлердiң салынуы, әлеуметтiк
теңсiздiктердiң орын алуын әсем үйлерi
мен жерлеу
рәсiмдерiнен көруге болады. Бiр орталыққа бiрiктiрiлген
басқару аппараты бар қалалардың салынуы сол кезеңде күштi
жетiлген мемлекеттiң болғандығын дәлелдейді.
Үндi қоғамында әлеуметтiк жiктелу орны алды, бұл
жағдай дiни дүниетанымға байланысты қоғам варналарға
(каста)
бөлiнедi: брахман – жоғары дiн басылары (абыздар),
кшатри – әскерилер, вайшьий – саудагер, көпестер, шудралар
– шаруалар.
Бұл варналардың қоғамдағы алатын орны, құқығы, әдет-
ғұрпы, дiни дүниетанымы да бөлек болды. Ежелгi үндiлiктер
табиғат және адам өмiрi құдайларға тәуелдi деп түсiндi.
Табиғат құбылыстарына құдай аттарын бердi: Индра –
найзағай, Ағни – от құдайы, Сурья - күн құдайы деп түсiндi.
Карма
- жан мәңгiлiк, ол өзге адамның тәнiне қонады, «Iс-
әрекет, мiнез-құлық» деген мағынада үндi адамының әдет-
ғүрыпты қатаң сақтауын талап еттi, егер құл болып бұл
өмiрде мүлтiксiз қызмет етсе, о дүниеге барғанда оның жаны
ақсүйек адамның тәнiне орналасады деп түсiндi. Бұл үндi
қоғамының билеушiлерiнiң қарапайым халықты қол астында
ұстап отырудың бiр амалы едi.
83
Үнді
әдебиетiнiң
көрнектi
ескерткiштерi
«Махабхарата», «Рамаяна» дастандары дiни мифологиялық
әлемдi түсiну формасы болып табылады.
Онда әлемнiң,
адамның варналардың пайда болуы жөнiндегi аңыз әңгiмелер
қамтылған. Сонымен қатар дiни философиялық мектептер
қалыптасты: санхья, веданта, иога, миманса. Б.з.д. 623-544
жылдары өмiр сүрген Сиддхартха Гаутама Буддизм дiнiнiң
негiзiн қалады.
Буддизм дiнiн үндi мәдениетiнде пайда болған ұлттық
дiндер
ығыстырып шығарады, I ғасырда Қытайда, Тибетте,
Жапонияда тарала бастады. Ұлттық дiндер: индуизм,
жаинизм, брахманизм дамыды.
Достарыңызбен бөлісу: