Keywords:
Abai, Akhmet Baitursynov, continuity, I.A. Krylov, fables, poem,
morality, purpose, consonance.
Кіріспе
Абай мен А. Байтұрсынов арасында ақыл-ой деңгейі мен таным
тереңдігі, ел қамын жеу мен адамды түзеу жөнінен сабақтасатын өте
тығыз байланыс бар. Абайды тану тарихында А. Байтұрсыновтың
«Қазақтың бас ақыны» мақаласының орны мен мән-мазмұны аса зор.
Алаштың асыл азаматы, ұлт ұстазының бұл мақаласы 1913 жылы
«Қазақ» газетінде жарияланған. А. Байтұрсыновты алғашқы
абайтанушылар қатарында танып, олардың мақалаларын құрастырып
ІSSN-p 1727-060Х
ІSSN-e 2664-3162 Túrkologıa, №2(110), 2022
33
жариялаған, алғы сөзі мен түсініктемелерін жазған М. Мырзахметов
мақала жайлы мынадай пікірін ұсынады: «Бұл мақала Абайдың қайтыс
болуына он жыл толуына даярлық ретінде «Қазақ» газетінің редакторы
Ахмет Байтұрсынов тарапынан жазылған тарихи мән-мағынасы зор,
ұлы ақын мұрасын ғылыми тұрғыдан танып білу және де Абай
мұрасын халыққа насихаттау ісіне бастама болуымен де ерекшеленеді.
1914 жылы Семейдегі қазақ әдебиеті тарихындағы тұңғыш әдеби
кештің өтуі мен абайтану саласындағы алғашқы тырнақ алды
мақалалардың жазылуына мұрындық бола да білді» [1, 154-б.].
Мақаланың зерттеу нысаны
Абай мен Ахмет Байтұрсынов шығармаларындағы сабақтастық
мәселесін қарастыру.
Зерттеу нәтижесі
«Қазақтың бас ақыны» атты мақаланы тиянақты танып білудің
маңызы аса зор. А. Байтұрсынов бұл мақаласында Абайды не себепті
қазақтың бас ақыны санағанын танытып баққан. Ол мақаласының
басында-ақ «Қазақтың бас ақыны Абай (шын аты Ибраһим) Құнанбаев.
Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын
болған жоқ» [1, 54-б.] деп бірден кесіп айтады, ойын әбден түйіндеп
жеткізеді. Сол заманда-ақ Ақмола, Семей, Торғай облыстарында Абай
аты елге әбден мәлім болып, ал ел арасында Абай атын естімей, білмей
қалу кәдімгідей ыңғайсыз, таңырқайтын жағдай болған екен. Мұндай
жағдай А. Байтұрсыновтың өз басынан да өтіпті, ол Ақмола облысына
барғанында Абайды білмей, сөзін естігенім жоқ дегеніне сондағы жұрт
таңырқап қалған екен. Жүрген жерінде Абайдың сөзін мақтамайтын
адам болмапты. Бұл жылдарда (1901–1904) А.Байтұрсынов әр түрлі
деңгейдегі мектептерде мұғалім болып, И.Крыловтың мысалдарын
қазақшалап жүрген кезі екен [2, 95-б.]. Абай сөздері жазылған дәптер
А. Байтұрсыновтың қолына 1903 жылы түседі. Және ақын өлеңдерімен
алғаш танысқан сәтте-ақ А. Байтұрсынов Абай өлеңдерінің «сөзі аз,
мағынасы көп, терең» екенін бірден танып, «жатырқап, көпке дейін
тосаңсып» қалады. «Абай сөздері жалпы адамның түсінуіне ауыр
екенін мойындайды [1, 55-б.]. Әдетте адамдар танымы терең
тұлғаларды тез түсініп кете алмай, оларды оқымай, танымай жүретіні
бар. Абай да сондай айрықша тұлға, ол - «не нәрсе жайынан жазса да,
түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қамтып жазатын» [1, 55-б.]
ойшыл ақын. Абай өз туындыларын тыңдаушының, оқырманның
таным, түсінігіне төмендей түсіп жазбайды, керісінше, көзіқарақты
|