ІSSN-p 1727-060Х ІSSN-e 2664-3162 Túrkologıa, №2(110), 2022 36
түйінді сөз, қорытынды ой – «Абайды қазақ баласы тегіс танып, тегіс
білу керек» [1, 64] деген аталы өсиеті. Биыл Ахмет Байтұрсыновтың
туғанына жүз елу жыл толып отыр. Осыдан жиырма жеті жыл бұрын
Абайдың да жүз елу жылдық мерейтойы дүрілдеп өтіп еді. Бүгінде
міне ұлы ұстазын ұлықтаған Ахмет Байтұрсыновтың да мерейтойы
өтпек. Осы орайда Абай мен Ахмет арасындағы дәстүр мен
сабақтастық жайын сөз ету орынды болмақ.
Ө. Әбдиманұлы Ахмет Байтұрсыновтың өмір өткелдері,
ақындық әлемі, көсемсөз көшбасшылығы, ұлт ұстаздығы жайлы
қырларын қамтып, 2007 жылы «Ахмет Байтұрсынұлы» атты зерттеу-
эссесін [5] жариялаған. Ғалым зерттеуінің бесінші тарауы «Ұлылар
үндестігі» деп аталады, мұнда Абай мен Ахмет арасындағы
шығармашылық сабақтастықтың кейбір қырлары сөз болған.
А. Байтұрсынов шығармашылығы орыс ақыны И.А. Крыловтың
мысалдарын тәржіме жасаумен басталады. Сол себепті де ғалым
Ө.Әбдиманұлы екі ақын арасындағы мақсат-мұрат бірлігін ең әуелі
олардың мысалдары арқылы танытады. Ғалым еңбегінің «Ұлылар
үндестігі» деп аталатын тарауының «Мысалдағы мұрат бірлігі» атты
алғашқы тараушасында Абай мен Ахметтің қазақша мысал жаратудағы
өзіндік ерекшеліктері И. Крыловтан аударылған бір ғана «Қарға мен
түлкі»
оқиғасы
негізінде
пайымдалып
берілген.
Ахмет
Байтұрсыновтың 1909, 1911 жылдары алғаш жарияланған жинақтары –
«Қырық мысал» мен «Маса» болатын. Ақын мысалдарының басым
бөлігі И.А. Крыловтан аударылған: «А. Байтұрсынұлы Крыловтың 197
мысалынан әдейі 38 мысалын іріктеп алған. Екі мысалды («Ат пен
есек», «Екі шыбын») И. Хемницер мен И. Дмитриевтен аударған» [5,
98-б.]. Және А. Байтұрсыновтың мысалдары оның төл өлеңдерінен де
мол: «Алғаш рет 1911 жылы Орынборда жеке жинақ болып басылған
өзінің төл өлеңдерінің саны онша көп емес, жалпы көлемі 800 жол
шамасында ғана» [6, 397–398-б.]. Ғалым Ө. Әбдиманұлы «Өлеңдегі
ортақ ой» деп аталатын келесі тараушасында А.Байтұрсыновтың
Абаймен сабақтастық мәселесі осы төл өлеңдері негізінде біршама
пайымдалады. Ең бастысы, Ахмет Байтұрсыновтың Абай дәстүрін жол
етіп ұстанғаны айрықша аталады: «Қос ақынның ой өрісі өзектес, мұң-
шері ортақ, арман тілегі бір. Екеуінің де шығармашылығы шыр
айналар «алтын қазық» - ұлтының өзгелермен терезесі тең мәдениетті
өрісте болуын аңсау, сол жолға жетелеу» [5, 249-б.]. Біз осындай бағыт
сілтер ойлардан бастау алып, Ахмет Байтұрсынов пен Абай арасын