Мәселесі қарастырылған. Оларды ақыл-ой мен таным тереңдігі табыстырған, ел қамын жеу мен адамды түзеу идеясы біріктірген



Pdf көрінісі
бет5/19
Дата15.12.2023
өлшемі390,68 Kb.
#138110
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
[#1073054]-2251405

 
 
 
 
 
ІSSN-p 1727-060Х
 
 
ІSSN-e 2664-3162 Túrkologıa, №2(110), 2022 
35
нәрсенің асылын танығаны, білгені көрінеді; Басқа ақындар аз білімін 
сөздің ажарымен толтыруға тырысқан. Абай сөздің ажарына қарамай, 
сыпайылығына қарамай, әр нәрсенің бар қалыбын сол қалыбынша 
дұрыс айтуды сүйген... хақиқатты қалыбында, тереңді терең 
қалыбында жазған [1, 59-б.]. Бұлар – Ахмет Байтұрсыновтың Абай 
ақындығы мен болмысына байланыстырып айтқан өте тапқыр түйінді 
ойлары. Жүз жыл бұрын жазылған осы ойлар заманы мен айтушысына 
қарай түрленіп, алайда алғаш айтылған түп негізін сақтаумен 
қайталанып, жетіле түсіп келеді. Ахмет Байтұрсынов мақаласының 
басында да, соңына таман да Абай сөздері мен ойларын түсінудің 
ауырлығын, қиындығын қайта-қайта айтқан. Жүз жыл өтсе де, ақын 
сөзін көбіміз тауыса танып кетпедік, сөйте тұра Абайды толық танып 
алғандай жүретініміз де бар. Осы орайда А. Байтұрсыновтың мына ойы 
оқырман қауымын қамшылай түссе керек: «Абайдың терең пікірлі 
сөздерін қарапайым жұрттың көбі ұға алмай, ауырсынады. Абайдың 
өлеңдерін мың қайтара оқып жаттап алып жүрген адамдардың да 
Абайдың кейбір өлеңдерінің мағынасын түсініп жетпей жүргендерін 
байқағаным бар... Сол өлеңді алып қарасақ, айтылған пікірде, ол 
пікірді сөзбен келістіріп, айтуында еш кемшілік жоқ. Түсіне алмаса, ол 
кемшілік оқушыда» [1, 63-б.]. Тіпті А. Байтұрсынов Абайдың «Көк 
тұман алдындағы келер заман» өлеңінің мәтінін ұсынып та, осы 
ойының ақиқатын бекіте түседі. А. Байтұрсынов жазғандай, Абайдың 
бұл өлеңінде қате айтылған, теріс айтылған, жұмбақ қылып, ашпай 
айтылған еш нәрсесі жоқ. Бәрі де дұрыс, түзу, тиісті орнында айтылған 
сөздер. Оған оқушылар түсінбесе, ол Абайдың үздік, ілгері кетіп, 
оқушылары шаңына ере алмағанын көрсетеді [1, 64-б.].
Ахмет Байтұрсыновтың Абаймен байланысты шығармашылық 
сабақтастығы он жыл бұрын қолына түскен ақын сөздері мен 1913 
жылы «Қазақтың бас ақыны» атты іргелі мақаласынан басталады. 
Қазақ әдебиеттану ғылымы тарихындағы бұл мақаланың мәні мен 
орнын айқындап ғалым А. Ісімақова оны былайша бағалайды: «Абай 
шығармашылығының теориялық негізі А. Байтұрсынұлының 1913 
жылғы «Қазақ» газетінде жариялаған «Қазақтың бас ақыны» атты 
мақаласында қаланып, Абай неге қазақтың бас екені, оның тарихи 
миссиясы, рухани болмысымыздағы орны, көркемдік-эстетикалық 
сипаттары терең талданып, алғаш рет қазақ оқырмандарының алдына 
тартылады [4, 73-б.]. Абаймен осылайша табысып, артынша өзі де 
Абай жолына түсіп кеткен А. Байтұрсыновтың бұл мақаласындағы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет