Мәселесі қарастырылған. Оларды ақыл-ой мен таным тереңдігі табыстырған, ел қамын жеу мен адамды түзеу идеясы біріктірген



Pdf көрінісі
бет4/19
Дата15.12.2023
өлшемі390,68 Kb.
#138110
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
[#1073054]-2251405

 
 
 
 
 
ІSSN-p 1727-060Х
 
 
ІSSN-e 2664-3162 Túrkologıa, №2(110), 2022 
34
қауымды өзі тапқан, өзі түйген ой биігіне тарта жүріп сөйлейді.
А. Байтұрсынов жазғандай, оқушы сөзді сынаса, сөз оқушыларын 
сынайды. Абай сөзі заманындағы ақындардың сөзінен үздік артық [1, 
55-б.]. Абайға қатысты мұндай артық, жоғары бағаны Міржақып 
Дулатов та жазған: «1904 жылы июнь жұлдызының басында Омскіге 
барғанымда Абай өлеңдерінің жазбасын алғаш Ахмет Байтұрсыновтан 
көрдім... Абай сынды ақынның қадірін білмеу қазақ халқының зор 
кемшілігін көрсетуге жарайды... Әдебиетіміздің негізіне қаланған 
бірінші кірпіш – Абай сөзі, Абай аты боларға керек. Абайға шейін 
қазақта қолға алып оқырлық, шын мағынасында қазақ әдебиеті дерлік 
бір нәрсе болған жоқ еді... ең жоғарғы, ардақты орын Абайдікі, қазақ 
халқына сәуле беріп, алғашқы атқан жарық жұлдыз – Абай [3, 250-б.]. 
А. Байтұрсынов мақаласы Абайды танытуда Ә. Бөкейханов,
К. Ысқақұлы мақалаларынан кейін жарық көрген алғашқы ақпарат 
беруші дүние болған соң, онда ақын өмірінен де мәліметтер беріледі. 
Әрине ақын өміріне қатысты деректерді А. Байтұрсыновтың өзіне 
дейін жарияланған Ә. Бөкейханов, К. Ысқақұлының мақалаларынан 
алып пайдаланғаны байқалады. Ал «Қазақтың бас ақыны» атты 
мақаланың өзіндік артықшылығы мен ерекшелігі – Абайдың өз 
болмысы мен оның ойшылдық танымы, ақындық қуатына қатысты 
айтқан тың ойларында дер едік. Ахмет Байтұрсынов Абайдың 
айрықша, артықша болмыс иесі, қазақ руханиятындағы өзгеше 
құбылыс екенін ә дегеннен-ақ дәл таныған. А.Байтұрсынов жазғандай, 
шынында да Абай сөздері дүниеде қалғаны қазаққа зор бақ [1, 59-б.]. 
Бүгінге дейін ғылымды, ойлы кісілер Абай туралы көп жазды. Сол 
кейінгілер өзінше қайталап айтқан я әлі де айта алмай жүрген талай 
тапқыр, ақиқат ойларды А. Байтұрсынов осы бір мәнді мақаласында 
сол бір ерте кезде-ақ әбден шегелеп жазып кеткен. А. Байтұрсыновқа 
тиесілі сондай серке, тұңғыш айтылған тың ойларды кейінгі ұрпақ 
ұмытпау керек. Ақын Абай, ойшыл Абайды орынды бағалап, терең 
танытып айтылған А. Байтұрсынов ойлары мыналар: «Абай өлеңге 
басқа көзбен қарап, басқа құрмет, ықыласпен күтіп алып, төр түгіл, 
тақтан орын берген; Сөздің шырайлы, ажарлы болуына ойдың 
шеберлігі керек. Ұнамды, орынды, дәмді болуына сыншылдық керек. 
Мағыналы, маңызды болуына білім керек. Абайда осы үшеуі де 
болған; Бұлардың үстіне Абай көсем, үлгі шығарып, өнеге жайғыш 
болған. Абайда өлең сөздің неше түрлі үлгісі, өрнегі табылады; Көп 
нәрсені Абай сөз қылған, сол сөздерінің бәрінде де Абайдың әр 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет