Мәселесі қарастырылған. Оларды ақыл-ой мен таным тереңдігі табыстырған, ел қамын жеу мен адамды түзеу идеясы біріктірген



Pdf көрінісі
бет7/19
Дата15.12.2023
өлшемі390,68 Kb.
#138110
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
Байланысты:
[#1073054]-2251405

 
 
 
 
 
ІSSN-p 1727-060Х
 
 
ІSSN-e 2664-3162 Túrkologıa, №2(110), 2022 
37
байланыстырар ортақ сарындарды өзімізше пайымдап танымақпыз.
Ахмет Байтұрсыновтың төл туындылары оның 1989 жылы 
«Жазушы» баспасынан жарық көрген кітабындағы [7] «Маса» 
өлеңімен басталады. Кейінгі «Сөз иесінен» өлеңімен бірге бұл «Маса» 
екеуі ақынның өз болмысы мен мақсатын біршама танытқандай 
болады. Ал «Малшы мен Маса» атты мысалында ақын өзін анық, ашық 
түрде «мен – Сарымаса» деп айтатыны бар. Және осындағы өз 
тарапынан айтылатын түйін сөзінде А. Байтұрсыновтың өмірлік 
ұстанымы мен әдебиеттегі міндеті айқындала түседі: 
Мысалы, қазақ малшы ұйықтап жатқан,
Жыланды пәле делік аңдып баққан. 
Пәленің түрін көрген мен – Сарымаса,
Халықты оянсын деп сөзбен шаққан.
Ойлаймын осы сөз де жетеді деп,
Қатты айтсам, сөзім батып кетеді деп. 
Ұйқысы ашылмаған жұрт өзімді
Қорқамын Сарымасадай етеді деп [7, 102–103-б.]. 
Мысалда суреттелгендей, Сарымаса Малшыны жылан-пәледен 
аман алып қалады. Масаның шағуы ащы болса да, Малшыны 
жыланның шағуынан құтқарып қалған әрекеті ізгі. Өзін осы 
Сарымасаға теңеген ақынның өзі де қазақтың қараңғылық, білімсіздік 
шырмауынан шығып оянуын қалады. Мысалда суреттелген жылан – 
күллі жаманшылық пен надандықтың символы. Ақын да барлық 
әлеуметтік қызметі, ақындық-аудармашылық шығармашылығы, 
ғылыми ізденісі, мақалалар жазу жұмысымен бір ғана мақсатты 
көздеді, ол – білім-ғылым, адамшылықты дәріптеп насихаттау арқылы 
қазақты іргелі, өркениетті ел ету. Бұл – өзіне дейін Абай ұстанған жол 
еді. Абай – адам болуды жүйелеп, негіздеп көп жырлаған ақын. Ақын 
бәрінің де бастауы – адам болу екенін терең түйсінген жан. Ал адам 
болу – тек адамда ғана бар ақыл-оймен білім-ғылым жолына түсу, 
ақыл арттыру, ар-ұят, әділет, рахым-мейірім, қанағат-ынсап 
қасиеттеріне ие болу. Адам болудың осындай даңғыл жолына түскен 
халықтың еркіндік, бостандық, теңдікке ұмтылып, егемен ел, тәуелсіз 
мемлекетке жетуі де жеңіл болмақ. Адам болу мен адамгершілікті 
жүйелі жырлау дәстүрі Абайдан басталып, Шәкәрім ақынмен 
ілгерілеп, Ахмет Байтұрсынов шығармашылығымен жалғаса түсті.
Абай мен Ахмет Байтұрсынов арасында ғажап ұқсастық, 
сабақтастық бар. Мысалы, Абай алғаш жазған туындыларының бірі – 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет