№1 дәріс Тақырыбы: Экскурсияның негізгі функциялары мен белгілері Дәріс мақсаты



Pdf көрінісі
бет48/57
Дата21.12.2023
өлшемі1,22 Mb.
#141920
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   57
Байланысты:
Экскурсия Лекция

Ши тоқу. 
Киіз үйде шидің бірнеше түрі болады. Күнделікті көп колданылатыны арасы сирек 
тоқылған ак ши. Жіптерін бірыңғай қоңырша жүннен иіріп, биіктігін бір метрге жеткізеді. Бүл қанат 


ши деп те аталады. Ал шым шидің жіптері жиі, әр түрлі түсте болғаы. Кілем үлгісімсн өрнектеліп 
тоқылып, ауқатты үйлерде өреше орнына үсталған. Ши туралы жырлар да шығарылғанын білеміз: 
Үйдің көркі ши екен, ақ сарайдай көрінген, қайсы байдың үйі екен? - 
Қазақтарда ши токудын ең карапайым тәсілін қолданады. Кісі бойынан аласалау етіп 
орналастырылған "түйе бел" ағашка ши тоқитын жіптердің әр қайсысының үштарын салмақты 
тастарға орайды. Ши салынған соң жіптерді айқастыра ауыстырып тоқиды. Мысалы, "түйе белдің" 
оң жагындағы жіптерді сол жағына, сол жағындағы жіптерді оң жағына аудару керек. Әрбір жаңа 
ши салған сайын осы әрекет қайталанып отырады. Мүндағы "түйе бел"деп отырғаны ши току үшін 
екі басына аша қазық қағып, көтерщкі орнатылған, үзындығы 1,5-2 метрдей кеспелтек ағаш. Оны 
ор жерде әр түрлі айтады; "аркалық ағаш", "ши қүрғыш" тағыда басқа. Осы тәсілмен токылған 
шилердің киіз үй айналасында кәдеге асатын жері көп - ақ. 
Киіз үй атаулары және оның ішіндегі қосалқы жасаулар. 
Туырлық -
керегенің етегінен бастап, уықтың етегінен бастагі, уықтың 
ІІІІІІІІ 
түгел жабатын, етек 
жағы тегіс, жоғары жағы жиылыңқы (енсіздеу) кисық төрт бүрышты түтас киіз. Төрт және алты 
қанатты үйлерге негізінен екі туырлық жабылады. Әрі калың әрі негізғі киіздердің бірі 
болғандыктан қазақтар семіз малдың іш майын (шарбы майын) "туырлықтай туырылып 
түсті", "іш майы туырлықтай екен" деп айта береді. Туырлыкта төрт бау болады. 
Үзік 
- етек жағы туырылыкпен айқасатын, уықтың жоғары бөлігіне жабатын, алты баулы, үлкен киіз. 
Үзік пен туырылықтың шаңырақтан асырыла бекітілетін бауын бас бау деп төменгі бауларын шет 
баулар деп атайды. Үзіктің етегі үйдің буйірін дөңгелене жауып тұрады. Үйдің керегесі аз болса 
үзіктер молынан айқасады да, кереге саны көп болса азырак айқасады. Сол екі киіздің айқасатын 
жерін казақтар жапсар деп атайды. Сықырлауығы жабық үйлерге қажет болғанда осы жапсар 
арқылы ішке кіруге де, қарауға да болады. Үзік пен туырылық киіздерімен үй жабады. Ал, көшіп 
қонғанда бүл екі киіздің бауларын ішіне жіберіп, сегіз бүктен түйеғе не өгізге қом жасайды. Мүндай 
екі киізден жасалған қомдар мал арқасына жайлы болады. Демек көш көлігінің арқасы кетпейді, 
жауыр болмайды дсгеп сөз. Үзақ замандар көшіп- конып жүрген елдер үшін мүның да маңызы зор 
болған. Үзік киізінің шаңырақ жақтағы жиегін үзік қасы деп атайды да төменгі жағын үзік жабығы 
деп атайды. 
Түндік немесе түңлік 
деп аталатын киіз үйдің шаңырағынан бастап, үзікке дейін жабады. Төрт бауы 
бар, қисық төрт бүрышты, шағын киіз. Түндікғің атқаратын рөлі өте маңызды. Түндікті таңертең 
бірінші болып оянған адам ашуы керек. Ол үшін алдымен ауа райына карайды. Күн ашық болса, 
алдыңғы екі бауын шешеді де жартылай артқа кайырып қояды. Егер жауын-шашын болса, түндіктің 
бір ғана бауын шешіп, үй ішінен бақан шығарып, түндіктің шешеілген шалғайынанкөтеріп кояды. 
Сонда түндік жартылай ашылып түрады, әрі ішке жаңбыр түспейді. Демек үйде от жағып, ас пісіре 
беруге болады деген сөз. Бүл киіздің түндік немесе түнлік аталуының себебі де күндіз ашық түрып, 
түнде жатарда жабык тұратындықтан болуы керек. Сол түндіктің ашылуы, жабылуын үлкен 
адамдар қатты қадағалайды. Жалқаулау, бойкүйездеу келіндерін енелері мен абысындары "түндіғі 
жай ашылатын келін" , "түндігі жабык түратын келін", "түндігі сәске түсте ашылатын келін" деп 
сынап- мінеп отырғап. Ауыз бірлігі жарасқан үлгілі ауылдың әйелдері төсектен түра сала түндік 
ашатын және сол кісі басқа отаулардың түндігін де ашуға қүқы болған. Ол үшін отау үйге кіріп 
жатудың да керегі жок. Сыртынан түндік бауларын шешіп, артқа кайырып тастаса болып жатыр. 
Дөдеге- 
Үзік киізінің жабығын (туырылык пен үзіктің қиылысқан жері) айыалдыра тігілетін өрнекті 
киіз не қалың жібек мата. Биіктіғін бірдей етіп, кошқар мүйіз не түйе табан тағы басқа да өрнектер 
салып, арнайы басылған жүқа киізді не сол өрнектер салынған маталарды киіз үйінің керегесінен 
сәл жоғары түсына жапсыра тігеді. Мүндай өрнекті көбінесе көп конақка арнап тігілген үйлерге, 
жаңа бөлінген отауларға, билер меп хандарға тігілген кеңсе үйлерге жасаған. Дөдеғесі бар үй 


сырттаы көз тартып, әсемдік пеп сәндік оереді. Дөдеғе - көне түркі сөзінің саркыны болуы керек. 
Дөдеғе созі ертеде ерін, ауыз жиегі дегенді білдірген. Ал, киіз үйдің дөдеғесі де киіз үстшде 
жиектеле орнатылып, сырттан қарағанда әсем қиылған ерін тәрізді болып көрінеді ғой. 
Біз киіз үйдің іргесін тұрғызып, киіздерін жауып, есіктерін (киіз есік пен сыкырлауықтарын) 
орнатып койдық. Немесе үйді тігіп болдық. Бірак мүнымен жүмыс бітпейді. Енді үйді бекіту 
беріктеу керек. Ол үшін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет