Бастауыш бiлiм берудегi “Ақпараттық мәдениет негiздерi” пропедевтикалық курс болып
табылады және онда берiлген iргелi ұғымдар жұмыс дәптерiндегi қызықты деңгейлiк
тапсырмалармен,
сұрақтармен, логикалық есептермен және дамытушылық ойындармен,
сергiту сәттерiмен сипатталады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасында «Қазақстан жағдайында орта
білім берудің неғұрлым оңтайлы,
ыңғайлы және экономикалық жағынан тиімді құрылымы 4+6+2 болып табылады. Он екі
жылдық орта білім беру үш сатыда іске асырылатын болады.
І-саты – бастауыш білім беру, 1-4 сыныптар. Оқу мерзімі – 4 жыл. Оқу 6 жастан
басталады. Білім мазмұны шетел тілі мен информатика негіздерін ерте үйрету
арқылы
байытылатын болады.
ІІ-саты – негізгі білім беру, 5-10 сыныптар. Оқу мерзімі – 6 жыл.
ІІІ саты – орта білім беру. Бейіндік оқыту, 11-12 сыныптар. Оқу мерзімі – 2 жыл ...»
деп атап көрсетілген.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы бойынша құзыреттілік тәсіліне негізделген 12 жылдық білім
берудің жаңа стандартын әзірлеу және енгізу жоспарланды.
Мектеп информатика курсының қалыптасуы мен дамуының, яғни оның стандартын
жасауға оның информатиканы оқыту мазмұнын өзгермейтін
іргелі негіздер жағына
өзгертуге жылдамдап ұмтылуын анықтаудың сипатталған кезең-кезеңдік тәсілі, мектеп
информатикасы бойынша осындай стандарттың бүкіл еліміздегі білім беру жүйесін
іргелендіру және жаңаландыру флагманы қатарында
бола алатындығына барлық
мүмкіндіктері бар.
Мектептің білім беру жүйесінде «Информатика» пәні қоршаған ортаны талдаудың
жүйелі-ақпараттық тәсілін қалыптастыратын; ақпараттық
процестерді ақпаратты алу,
өңдеу, тасымалдау, сақтау және қолдану әдістері мен құралдарын оқытатын; ақпараттық
технологияларды қолдануға байланысты адамның практикалық
іс-әрекеті аумағын
дамытып және үнемі кеңейтіп отыратын ғылыми білімнің іргелі салаларының бірі болып
табылады.
Мектепте информатиканы оқытудың
Достарыңызбен бөлісу: