жүргізу үшін керек. Сызба салуда екі түрлі бүрыштықтар
қолданылады. Оның біреуінің бүрыштары 90°, 45° және 45°, ал
екіншісінің бүрыштары 90°, 60° және 30° болады.
Даярша (готовальня). Қорапқа салынған сызу аспаптарының
жиынтығын д а я р ш а
деп атайды. Даяршаның түрлері көп.
Оқушыларға арналған даярша қүрамына шеңберсызар (циркуль),
өлшемдерді көшіруге және түсіруге арналған өлшегіш, сызбаны
тушьпен бастыра жүргізуге арналған рейсфедер, үзартқыш, инелер
және графит өзектер салынатын қобдиша, центрик және басқа ас-
паптар енеді.
«Циркуль» латын сөзі, дөңгелек деген мағына береді. «Рейсфе-
дер», «тушь» неміс тілінен орыс тіліне, кейін қазақ тіліне енген
сөздер.
Сызу аспяптары мен материалдарын үқыптылықпен сақтау, таза
үстау және оларды жүмысқа дүрыс дайындау керек. Бүрыштықтың,
рейсшинаның және сызғыштың түзу сызықтар жүргізетін жиегін
байқап үстау керек. Олардың жиектері тегіс, кетіксіз және жан-
шылмаған болуы тиіс.
Сызба салынатын қағаз бетіне жарық сол жақтан түсетін болсын
және сызба тақтасында тек қажетті аспаптарды ғана қалдыру керек.
Жүмыс аяқталғаннан кейін аспаптарды қүрғақ матамен сүртіп,
жинап қояды.
Жаттығулар
1. Жоғарыда аталған сызу аспаптары мен материалдары өзіңде
бар ма? Егер жоқтары болса, оларды сатып ал.
2. Қатты, қаттылығы орташа және жүмсақ қарындаштарды
үштап, жүмысқа дайында. Қарындаштарды дүрыс үштадың ба?
Қарындашты қай жағынан үштадың: жазуы бар жағынан ба, жоқ
жағынан ба? Қалай ойлайсың, қарындашты жазуы бар жағынан
үштауға бола ма?
3. Сызғыштың, бүрыштықтардың түзу сызық жүргізуге арналған
жиектерін тексер. Олардың тегіс, кетіксіз және жаншылмағандығына
көз жеткіз. Сызғыштың қыры түзу, ал бүрыштықтың тік бүрышы
90°-қа тең екенін тексер. Оларды қалай тексеруге болады?
4. Даяршаның қүрамына кіретін аспаптармен танысып ал.
Ш еңберсы зарм ен
танысып,
бірнеше
шеңбер
жүргізіп
көр.
Өлшегішпен, рейсфедермен және т.б. аспаптармен танысып, оларды
жүмысқа қалай дайындау керектігі туралы ойлан.
Достарыңызбен бөлісу: