Қазақстан тарихы оқулық


Сырым Датүлы бастаған Кіші жүз казактарынын



Pdf көрінісі
бет28/77
Дата09.10.2024
өлшемі7,71 Mb.
#147352
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   77
Байланысты:
Кадыркулова Г. Казакхстан тарихы

6.5. Сырым Датүлы бастаған Кіші жүз казактарынын
көтерілісі (1783-1797 жж.)
Халықтардың азаттық үшін күресі оте күрделі олеуметтік орі 
тарихи процесс, оны дүние жүзінің барлық халықтары басынан 
кешіріп отыр. Бүл халықтың нақты этннкалық, аумактық жоне 
қалыптасқан шекарасына байланысты тіршілік орекетінің барлық 
саласын қамтиды. Ол тек саясат пен экономикаға ғана емес. 
халықтың қоғамдық қүрылыстағы дамудың барлық түріне - 
мораліне, 
қүқығына, 
идеологиясына, 
діні 
мен 
онеріне 
байланысты. Қазақстанның Ресей коластына кірген кезеңіндегі 
азаттық қозғалыстардың тарихын зерттеу барысында бүл 
аймақтағы саяси және экономикалық жағдайлардың күрделі 
болғанын ескеру керек. Әлі де болса ол кезенде халқы бірігіп 
нығая қоймаған Қазақстанның біртүтас мемлекет болмағандығын 
ескеру керек. Қазақстанның кең байтақ даласы мен табнғп 
байлығы тек Ресейдің ғана назарын аударып қойған жоқ, оны 
орта азиялык хандықтар, Иран мен Қытай да 
басып ал\ды 
кокседі.
Кіші жүздің Ресей қоластына кіргеніне жарты ғасыр толғанда 
Қазақстанда 
болып 
жатқан 
оқиғалар 
патша окімшілігі
пиғылының 
кандай 
екендігін 
корсетіп 
берді. 
Бодандык. 
патшаның жергілікті халыкты күшпен тықсыруы. отарлык еігісі


ашық экспансияға үласты. Патшалық шекара әкімшілігінің 
енгізген жерге шектеулері шекарага жакын маңда кошіп-қонып 
жүрген 
қазақтардың шаруашылығына ауыр тпді. 
Оларға 
Жайықтың арғы жағында, әскери бекіністер мен казактардың 
хуторларына жақын манда кошіп-қонуына тыйым салынды, 
Жайық, Орынбор казактары және оларға қызмет ететін 
башқүрттардың жиі шапқыншылык жасауы, ру старшиналары- 
ның қүқықтарын кемсітуі, жергілікті хандар мен сүлтандардың, 
сондай-ақ Орал казак әскері мен патша әкімшілігінің тарапынан 
халықты тонап, қысымшылық корсетуі кошпенді-малшыларды 
үйымдасқан түрде қарсылық күресіне итермеледі.
1775 жылы патша үкіметі жергілікті басқару жүйесін қайта 
қүрып, Орынбор губерниясын таратты. Енді қазақ даласы екіге 
болініп, Сібір жоне Уфа генерал-губернаторлыгына бағынды. 
Шекара комиссиясы қүрылды. Орал шекара бағыты қалпына 
келтірілді. 1773-1775 жылдары Е.Пугачев бастаған шаруалар 
котерілісін халықтың есіне түсірмес үшін патша үкіметі 
Жайықты Орал озені деп озгертті. 1782 жылғы жарлық бойынша 
Жайық пен Еділ арасындағы конысты Нүралы хан мен оның 
жақын туыстары биледі. Казак оскерлерінің қазақ ауылдарына 
шабуылы жиілеп кетті. Тек 1782-1783 жылдардағы қыста олар 
қазақтардың мыңдаған жылқысын күшпен тартып алды. 1782- 
1783 жылғы жүт малшы шаруалардың патша әкімшілігінің 
тыйым салуына қарамастан ішкі жаққа (Еділ мен Жайықтың 
арасы) қарай өз еркімен 
көшуіне мәжбүр етті: қыстың 
қаталдығынан көптеген ауылдар жүтап қалды. Осындай жағдай- 
ларда 1785 жылы Кіші жүзде жаппай қарсыласу қозғалысы 
басталып, ол іле-шала азаттық соғысына үласты.
1773-1775 жж. Пугачев бастаған котеріліске қатысушы қазақ 
жасақтарын байбақты руынан шыққан Сырым Датүлы басқарды. 
1785 жылдың бас кезінде оның әскерінің саны 6 мыңнан асты. 
Патша үкіметі көтеріліс болған ауданға Нүралының адамдары 
қатысқан жазалау отрядын жіберді. 1785 жылы ақпанның 
ортасында 
Сырым 
Датүлының 
жасағы 
жазалаушылармен 
кездесуді жон кормей, астыртын соғыс тәсіліне кошті, аз ғана 
күшпен күтпеген жерден Антонов форпостына, Сахар жоне баска 
бекіністерге шабуыл жасады. Қарулы күшке кездесе алмаған 
жазалаушы отряд бейбіт қазак ауылдарын тонап, талқандады. 
Бүған 
дейін 
котеріліске 
қатыспаған 
ауылдар 
енді 
көтерілісшілерге қосылды. Тіпті ханға жақын туыстас кейбір
133


рулар да котерілісшілер жағына шықты. Оған мысал ретінде 
оның інісі Айшуақты амтуға болады. Патша үкіметі Нүралы 
ханның бмлігіндегі осындай дағдарысты коріи, котеріліске
шығушы рулардың старшиналарымен баПланыс жасауды жон 
корді. 
Генерал-губернатор Игельстром 
коіерілісті 
басу
максатында Нүралы 
ханды биліктен босатып. Кіші жүзде
баскарудың жаңа жүйесін күрмак болды. Игельстром реформасы 
негізінде 
хан 
билігінің 
орнына 
генерал-і убернаторлыкка 
бағынатын шекаралык сот күрылды. Оған рудын беделді 
аксақалдары кіруге тиіс болды. Сойтіп, патша окіметі казактыц 
беделді адамдарына арка сүйеуді ойлады. Жекелеген ыкпалды 
старшпналарға «бас старшина» деген атак берілді. Оларга барлык 
руды кадағалах 
міндеті жүктелді. Старшиналарга жалақы 
гагайындалды. Игельстромның реформасын казактың беделді 
адамдары да, жергілікті патша окімшіліктері де ортүрлі 
кабылдады. 1787 жылы күзде старшиналардың съезі откізіліи. 
патша окімшілігіне үндеу жарияланды. Котерілісшілер «Еділ мен 
Жайык 
арасындагы 
аумак қачақтарга кайтарылсын. 
орал
казактарының Қазақ даласына шабуылы токтатылсын. Нүралы 
хан биліктен кетсін» деген талаптар қойды.
Осы кезде котерілісшілер хан ауылына шабуыл жасай бастаган 
еді. 1786 жылы соуірде Нүралы хан Орынборға кашты. ал 
маусым айында II Екатерина патшаның бүйрыгымен биліктен 
босатылып, Уфаға жіберілді, ол сонда 1790 жылы қайтыс болды.
1786 жылы Орынборда Шекара соты қүрылып. бір жылдан 
кейін окімшілік жүйесі 
пайда болды. Бүл жүйе патша 
окімшілігіне гана ыңғайлы болатын. Біракта жаңа баскару жүйесі 
омірге сойкес келмеді. Шекара соты жүмыс істеген жок. даладагы 
барлық билік ру старшиналардың қолында кадды. Патшалық 
Ресей казақ халкының оз уысынан шығып бара жатканын сезіп, 
хан билігі мен бүрынғы баскар> жүйесін калпына келтіруді 
үйгарды. Орал казактарының шабуылы жиі кайталана бастады. 
1790 жылы атаман Донское 1500 адамнан түратын отрядымен 
225 үйді киратып, 150 адамды олтірді, 57 адамды түткынға алды. 
Мүндай шабуылдар тым жиілеп кетті. Қазақтардың озін-озі 
коргачта күш салуы дала тоскейіне жаңадан жазалах отрядынын 
кел> іне түрткі болды.
1790 жылы казактар Сомекенің үлы Есім сүлтанды хан тагына 
отыргызды. Патша окімшілігі бүл сайлауды заңсыз деп танып. 
Нүралының інісі Ералыны хан етіп сайлауды үсынды. 1791 жылы
134


тамызда Ералыны «саПлаПтын» жерге оскер окелінді. Mine, 
осындай жағдайда Кіші жүздің жаңа ханы сайланды. Сырым 
Датүлы Ресейдің жаңадан қойган билеушісіне карсы батыл күрес 
жүргізді. Бүл кезде ол хан билігін жою идеясынан бас тартып. 
хандык билікті шектемтін кеңес күруды жактады. Есімніц 
олімінен кеПін хан тағына окесі Хиуаны билеген Әбілғазы сүлтаи 
таласты. Сырым Әбілғазыны колдап, Хиуа жоне Бүхарамен. сол 
аркылы Ресеймен соғыс жүргізіп жаткан (1787-1791) Түркиямен 
арада байланыс орната бастады. 1792 жылы жазға карай үдей 
іүскен котеріліс Кіші жүздіц борін қамтыды. Сол жылы күзде 
Сырым 
Датүлының 
басшылығымен 
котерілісшілер 
Елек 
калашығына шабуыл жасап. оны ала алмады. Осыдан кейін олар 
күрес тосілін озгертті. 
Үшкыр жасактар карсыластарына 
тоскауылдан шабуыл жасап. партизандык күреске кошті. 1794 
жылы Ералы хан кайтыс болды. Ііатша үкіметі жаңа ханды 
сайлауға келгенде түйыкка тірелді. Тек 1796 жылдыц казан 
айында Нүралының үлы Есім сүлтан Кіші жүздің ханы болып 
жарияланды. Жаңадан такка отырған хан котерілісті басуға 
күлшына кірісті. Ол котеріліске катысушылардың 
біркатар 
басшыларын түткынға адып. патша окіметінің колына тагісырды. 
Еіаурыздың 26-нан 27-не караған түні Сырым Датүлының жасағы 
хан ауылына шабуыл жасап. Есім ханды олтірді. Осыдан кейін 
амалы күрыған отарлык окімшілік кейбір жеңілдіктер жасап. 
р\дың беделді адамдары катысатын хан кеңесін үйымдастыруды 
колға алды.
Хан кеңесін Айшуак сүлтан баскарды. 1797 жылы тамызда 
кеңестің бірінші можілісі болып. оған Сырым Датүлы катысты. 
Патша окіметі бекіткен хан 
кеңесі бастапкы 
согінен-ак 
сылбырлык танытты. Міне. сондыктан да хан биліғін кайта 
калпына келтіруге тура келді. Сойтіп, жасы келіп картайған 
Айшчак сүлтан хан сайланды. бүл үлы Әбілхайыр ханның козі 
тірілерден калған жалғыз баласы еді. Осыдан кейін Ресей 
окілдерінің казактардың койған шартымен келісчіне тура келді. 
Сырым соғысты токтатып, озінің хан кеңесініп күрамына 
кірегіндігін молімдеді.
Қазак халкының отаршылыкка карсы 14 жылға созылған үлт 
азаттык котерілісінің бірі осылай аякталды. Оның тарихи моні 
орасан зор. ойткені. соның нотижесінде казактар оздерінің 
Жайык пен Еділ арасындағы ата конысына оралу мүмкіндігіне ие 
болды, сонымен катар Орал казактарының казак дадасына
135


шабуыл жасауына тыйым салынды. Патша окіметін қазақтар 
арасында хан бидігін жетілдіруге можбүр ету оте маңызды 
мәселе еді.
6.6. Қазактардың малға катысты салт-дәстүрлері 
мен сенімдері
Мал шаруашылығымен айналысатын баска да халықтар сияқты 
қазактарда да барлык үй жануарларын қорғайтын пір болады 
деген аңыз бар. Жылқы малын қорғаушы Қамбар-ата немесе 
жылқышы ата, қойды - Шопан ата, түйені - Ойсыл қара, сиырды 
- Зеңгі баба, ешкіні - Сексек ата. Халық қиялынан шыққан үй 
жануарларының тегі туралы аңыздарда жүйріктігіне байланысты 
жылқыны желден жаралған дейді; шалшық сулардың өзінен 
жиренбейтін ірі қараны - судан; сораңды жайылымдарды жақсы 
коретін түйені сораңнан; қойды - аспан мен оттан, таулы жерде 
жайылатын ешкіні тастан жаралған дейді. Малдарға қатысты бүл 
сенімдердің өзі исламға дейінгі діни нанымдарға байланысты.
Қазақтардың ежелгі діни сенімдерінде қой мен түйені киелі 
деп есептейді. Сондықтан қазақтардың қабыр үстіндегі ескерт- 
кіштерінің арасында қойлардың мүсіндері бейнеленген қойтас- 
тарды жиі кездестіреміз. Ал түйенің бейнесі кобіне кілемдер мен 
киіздегі өрнектерде кездеседі. Қазақтар кошқар мүйізді, түйенің 
табаны мен козін кілемдерде, киіздерде және сырмақтарда орнек 
ретінде кең пайдаланған. Балалар киімін түйенің жүнінен токл 
мен жапсырма жасаудың озі оның киедігін, яғни поле-жаладан 
сақтайды деп түсінген.
Әсіресе қазақтар соғысқа мінетін аттарын 
қадірлеген. 
Қобыланды батырдың Тайбурылы, Алпамыстың Байшүбар аты. 
Қамбар батырдың Қарақасқасы, Ертостіктің Шалқүйрығы және 
басқа сәйгүлік түлпарлары - қиын сәттерде оздерінің иелеріне 
сенімді достары болған, оларға батыл шешімдер айтып, түрлі 
қауіптен қорғаған. Қүрбандыққа әр түрлі малдарды шалған. Бүл 
орайда мүндай малдың жасы, түсі мен түрінің де үлкен мон- 
маңызы болған. Қүрбандықтарға негізінен қара шүнак лақ пен 
қоңыр тоқтыны шалған, ал мал шалудың ең коп тараған түрі 
торт-бес жастағы бозқаска немесе ақсарыбас қойлар болып 
табылады. 
Айырықша 
жағдайларда 
қазақтар 
боз 
биені 
күрбандыққа шалған.
136


Жақын туысы жорықтан аман-есен оралғанда немесе коптен 
күткен мүрагері дүниеге келгенде ақ түйені сойған. Бүл достүр 
XIX ғасырдың аяғына дейін жалғасты. Жалпы алғанда, 
күрбандыкка сүр түсті еркек малды шалу ғүрпы болған, оның да 
монісі түсінікті, халықтың үғымы бойынша сүр түсті еркек мал 
оның иесіне бакыт пен байлық океледі, ал сойылатын малдың сүр 
болуы ашык кок аспанға табынудан шыққан.
Малдың егіз тууына байланысты сенімдер бар. Қазақтар кой 
егіз туса қуанған. Ал түйе мен сиыр және бие егіз туса, одан 
сескенген, себебі бүл оның иесіне бакытсыздық әкелудің 
хабаршысы деп білген. Егер сиыр, бие немесе інген егіз тол туса, 
оның бірін туыстарына берген. Ерекше белгісі бар толді бақыт 
әкеледі деп санаған. Ондай малдарды аса айырыкша жағдайда 
бағып қүрбандыққа шалмай, мал басы деп оған ерекше 
ықыласпен қараған.
Үй жануарларына коз тиеді деген де сенім бар. Жас толдің 
олуін кобіне «коз тиюден» корді. Сондықтан жаңа туған жас 
ботаны екі апта бойы киіз үйде немесе жабык қораларда үстап, 
ботен адамға корсетпеген, сонымен катар оның ноктасына түрлі- 
түсті қызылды-жасылды жіптер тағып, мойнына қырлы кара 
тастан түмар ілетін болған. Егер ботаны ботен адам кездейсок 
коріп калса, оған «тіл-козім таска» деп үш рет түкіруді талап 
еткен.
Мал шаруашылығының кейбір қүрал-жабдыктарының қасиет- 
тері бар деп есептеген. Мысалы: көген қозыларды қолға үстауға 
арналған байлау тәсілі, желі қүлындар мен боталарды байлауға 
арналған, нокта (қүлындар мен боталарға тағылады), бас жіп 
бүзаулар мен сиырларды жетектеуге арналған, бүйда түйенің 
жетегі, жүген, күрык жылкыға кажетті керек- жарақ және т.б. 
Малшы бүл қүрал-жабдыктарын ешкімге бермеген. Желіден, 
күрықтан, әсіресе әйелдерге, аттауға тыйым салынған. Бүл мал 
иесін кедейлендіреді деп есептеген. Мал шаруашылықтарымен 
айналысатын халықтар сүтті жерге төкпеген. Егер кімде-кім оны 
байкамай тогіп алса, ол саусағын сүтке малып әруақка табынып, 
оның ашуланбауын отінген. Тогілген сүттің үстіне күм себіліп, 
кырып алынады да адам аяғы баспайтын және оны ит иіскемейтін 
жерге апарып көмеді. «Сүттің киесі үрсын» немесе «сүттің киесі 
жібермесін» деген карғыстар кездеседі.
Шығыстың басқа коптеген халыктары сиякты казактарда да 
мынадай тыйым салу болған: сүтті күн батқаннан кейін, әсіресе
137


айлы және жүлдызды түнде үйден алып шығуға болмайды. Ал 
бүл тыйым салуды бүзуға тура келген жағдайда сүт қүйылған 
ыдысқа ай мен жүлдыздың сәулесі түспеуі үшін беті мүқият 
жабылатын болған. Кейбір әйелдер сүтті үйден шығарарда оған 
ағаштың бір түйір күлін салатын болған, бүл сірә, оттың қорғау 
қасиетінен болса керек. Егер осы айтқандарды істемесе, сауын 
малының желіні ауруға шалдығады деген сенімде болған. Үй 
жануарларының кейбір сүйектерінің ғажайып қасиеттері бар 
деген аңыздар мен сенімдер кездеседі. Қазақ қыстауларының 
төбесіне, ал кейбір жағдайларда түйенің мойнына қойдың кәрі 
жілігін іліп қоятын болған. Ол сенім бойынша малды қасқырлар 
мен үрылардан сақтаған. Аңыздардың бірінде қайын атасын 
базарға шығарып ёалып түрған келіні оған кішкентай түйіншекті 
береді, оны ашпастан қайта үйге әкелуді өтінеді. Қайтар жолда 
қайын атасы әлгі түйіншекті ашып қараса, ішінде қойдың қырық 
асығы бар екен. Мүндай әзілге шамданып қалған қайын атасы 
әлгі сүйектерді лақтырып тастайды, одан кейін көп кешікпей 
қарақшылар оны тонап, мүлкін тартып әкетеді. Қарақшылардың 
басшысы одан күзетіндегі қырық салтаттының қайда кеткенін 
сүрайды. Сонда ғана қайын атасы қырық асықтың өзін күзеткенін 
түсінеді.
Басқа да түркі халықтары сияқты қазақтардың сенімінде 
қойдың жауырыны ерекше қасиетке ие, жауырынды отқа 
қыздыра отырып, 
ондағы 
сызықтарға 
қарап 
көріпкелдік 
болжамдар жасаған.
Малдардьщ ауруы пәледен келді деп, қойға топалаң мен 
шешек келгенде отарды ата-бабаларының бейіттеріне немесе 
әулиелі мазарларға апарып, сол жерде қүрбандық шалып, отарды 
күзетпей түнекте үстаған. Егер түнде қойлар әлденеден үріксе, 
бүл оны ауруынан емделді деп білген. Қойларды үркіту үшін таң 
алдында бірнеше атты адамдар шауып келіп отарды ауылға 
айдаған. Сенімнің күштілігі сондай, егер отарға қасқыр шапса да 
ешқандай шара қолданбаған, өйткені, ол ауру шақырған пәле- 
жаланы қуады деп есептеген. Топалаң тиген қойдың алдымен 
қүлағы салқындап солбырайтыны белгілі, сондықтан «поле­
жала» қойдың қүлағынан кірді деп сенген. Ауырған қойдың 
қүлағын кесіп алып, оның басынан үш қайтара айналдырып, 
«бастан қүлақ садақа» деп лақтырып тастайтын болған.
Қойдың сүт бездерінің қабынуын емдеу үшін қазақтар 
сиқырлау (магиялық) 
өдістерін 
қолданған. Мысалы, отарда
1 3 8


бірінші қой төлдегенде шопан оның сүтін қасқырдың 
бас 
сүйегінің қаңқасына сауып, одан кейін осы бас сүйекті қораның 
төбесіне саулықтарға көз тиюден, «тіл тиюден» сақтайтын қүрал 
ретінде іліп қойған.
Жазғы мезгілде үй жануарларын жыландар, бүйелер, шаяндар 
және қарақүрттар шағады. Малшылар малға жедел жәрдем 
көрсетіп, оларды аман сақтап қалған, ал кейде бақсы-балгерлер, 
молдалар Қүраннан уды қайтаратын аяттар оқып, түсініксіз 
сөздер айтып, әруақ шақырған. Емшілер халық арасындағы 
ырымшылдықты пайдалана білген. Олар малды қарап, егер оның 
мал болмайтынын білсе әруақ шақырмаған, ал малдың организмі 
ауруға қарсы күресе алатын болса, онда дәстүрді жалғастырып, 
«емдеп жазғаны үшін» сыйлық алған.
Сөйтіп, табиғи климаттық қйын жағдайда малды күтудің, оны 
бағудың көп ғасырлық тәжірибесі, шаруашылықты жүргізудің 
дәстүрлі дағдылары, малға байланысты салт-дәстүрлері мен 
сенімдері сақталып, үрпақтан-үрпаққа жалғасып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет