Түйінді сөздер: миф, дуализм, дуалистік мифология, жұп сиволдар, мифтік ойлау, алғашқы
ойлау, түркі фразеологиясы, дүниенің фразеологиялық бейнесі.
Мифтік-танымдық жүйедегі жұптық бұл тек қана қарама-қайшылықтар емес, сәйкестік,
үйлесімділік, жарасымдылық ретінде қабылдануы: қажет. Жұп символдардағы осы ерекшелік
ассоциация, образ, фондық элементтерге байланысты туындап, қалыптасып, тұрақталған бейнелі
сөз орамдарында, әсіресе, айқын білінеді. Оның себебі о баста образды (көркем) ойлаудың
тереңінде миф-тіл-поэзияның тарихи сабақтастығы жатқандығында болса керек. Оның мысалы
ретінде тілімізде шендестіру (антитеза), оксюморон, дамыту, параллелизм, анафора түріндегі жұп
фразеологизмдерінің жиі кездесетіндігін айтуға болады. Антитеза - сөз тіркестерінің қарама-қарсы
мағынада келуі, яғни кереғар ұғымдарды бетпе-бет қоятын айшықтаудың бір түрі [1,29].Антитеза
тәсілімен жасалған жұп фразеологизмдерге: торқалы той, топырақты өлім, тілінде шоқ, ұртында
мұз, іші өлген, сырты сау т.б. тәрізді сөз үлгілерін жатқызуга болады. Антитеза жолымен жасалған
жұптардың бір-біріне қайшы келуі антонимдік параллель туғызып, көркемдік әсерлілікті күшейте
түседі. Ал оксюморон - бірін-бірі теріске шығаратын қайшы ұғымдардан, мағынасы жағынан
қарама-қарсы сөздерден құралып, соны тапқырлық, образды ұғым тудыратьш біртұтас сөз тізбегі,
стильдік тәсіл. Мысалы: ақсақты тыңдай, өтірікті шындай қылу, өлгені тіріліп, өшкені жану, қарға
баласын аппағым дер, кірпі баласын жұмсағым дер т.б. Фольклорлық туындыларда жал-құйрық
жұбының «туыс, бауыр; аға-іні, үлкен-кіші» ұғымында астарлы қолданылған түрлері кездеседі.
Мысалы: Бердің бе рұқсатың, жақсы ағалар, Артыңда - қаба құйрық, алдыңда - жал. Тіліміздегі
«сүйеніші, тірегі, аға-інісі жоқ» ұғымында қолданылатын құйрығы жоқ, жалы жоқ
фразеологизмінің қалыптасып, тұрақтануына да жоғарыдағы мағына негіз болған, Мысалы: Ағасы
бай болса да қыз бермеңіз, Артында құйрығы жоқ, жалы жоққа. Ал енді тіліміздегі осы модельмен
қалыптасқан тұрақты сөз орамдарын төмендегі кесте арқылы түсіндіреміз:
+ -
Жақсы тауып сөйлейді
Жаман қауып сөйлейді
Жақсыдан жапа келмес
Жаман опа бермес
Жаманнан жақсы туса
теңі табылмас
Жақсыдан жаман туса
емі табылмас
Жақсылыққа жақсылық
әр кісінің ісі-дүр
Жамандыққа жақсылық
ер кісінің ісі-дүр
Жақсы жолдас жанға дос
Жаман жолдас жанға қас
Жақсыға өтірік айтпа
Жаманға шыныңды айтпа
Жақсы болса алғаның,
үйіңнен кісі кетпейді
Жаман болса алғаның,
шын досыңда шеттейді
Жақсы атқа бір қамшы
Жаман атқа мың қамшы
Тоқ не демейді,
Аш не жемейді
362
Тіліміздегі мақал-мәтелдердің қайсыбірін алсақ та, терең толғаныстардың, философиялық
ой жүйелерінің түйіскен жері, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні. Өмірдің барлық құбылыстары
теңбе-теңдікке құрылмайды. Олай болған жағдайда, өмірдің өзі де күрделілігін жоғалтып,
ойлануға да орын қалдырмаған болар еді.
Дүниенің фразеологиялық бейнесінің айнала қоршаған болмыс жайлы шындықты
түсіндіруге ықпал жасайтыны белгілі. Әрине, функционалды-семантикалық тұрғыдан алып
қарағанда әр түрлі болып келеді. Сонда да дүниені фразеологиялық тәсілдердің көмегімен танып
білу мүмкіншілігін жоққа шығаруға болмайды. Өйткені дүниенің фразеологиялық бейнесі ұлттың
ғасырдан ғасырға жинаған тәжірибелері мен өмірге көзқарасынан, ақыл-ойынан тұрады.
Сондықтан да әр тілдің фразеологиялық тіркестерінің идиоэтностығы мен өзіндік ерекшелігі
айқын дәлел болып табылады.
«Түркі фразеологиясы» атты еңбектің авторы А.Нұрмаханов былай деп жазады: «Түркі
халықтарының мақал-мәтелдеріндегі антонимдердің құрамына назар аударсақ, оларда белгілі бір
заңдылықтар бар. Соны ата-бабаларымыз білген, терең түсінген, артына өшпес өсиет етіп
қалдырған. Өмір бір тегіс тек ащы, немесе бір тегіс тәтті болмайтындығын ескерте отырып, адам
баласы жақсыны да, қорлық-зорлықпен қатар, жақсы күн, жарқын өмірді де басынан
кешіретіндігін мақал-мәтелдер арқылы алдыңа жайып салады. Мәселен, түрікменнің Ақылдыныц
ісіне жаның сүйсінер, ақымақтыц ісіне жаның күйінер немесе туваның Өзінің басындағы түйені
көрмей, басқаның басындағы тебенді көреді деген мақал-мәтелдерінде ақылды мен ақымақты
салыстырады» [2,139].
Құрамында антоним сөздері бар мақал-мәтелдер түркі тілдерінде кеңінен тараған. Мақал-
мәтелдерде антоним жасауға бар-жоқ, жақсы-жаман, үлкен-кіші, алыс-жақын т.б. сөздер
қолданылады. Негізгі қарама-қарсылықтар ұжымның прагматикалық ойлау жүйесімен тығыз
байланысты, яғни айналасындағы қоршаған ортаны ұжым мүшелері ең алдымен, жақсы-жаман,
пайдалы-зиянды деп жіктеп алады. Ал өз кезегінде бұл қарама-қарсылықтардан әр түрлі
деңгейдегі бинарлық жұптар туындайды.
Алғашқы қауымдық қоғамның жоғары палеолит дәуірінен бізге келіп жеткен мәдени-
тарихи мұралардан, атап айтқанда, тас қабырғалардағы бейне-таңбалардаи ежелгі адамның
танымдық ізденістерінін іздерін көруге болады. Бұнда пиктографиялық сурет жазуларға жақын
тұрған ерекше таңбалар жүйесі берілген. Зерттеуші ғалымдар тас қабырғалардағы қол арқылы
көрсетілетін ым белгілерде (таңбаларда) ежелгі адамдар оң қол мен сол қолға белгілі бір
мағыналар жүктеп, екі нәрсені бір-бірінен ажырату, белгілеу үшін пайдаланғанын байқаған.
Француз антропологы Леруа-Гуран алғашқы қауымдағы сол қолдың белгісі - әйелдік негізді
символдық таңбалаудың бір тәсілі деп көрсетеді. Яғни ежелгі қоғамдағы ең негізгі, ең алғашқы
еркек (аталық) пен әйел (аналық) жұптық қарама-қарсылықтары болып табылады. Мифологиялық
дүниетанымның логикалық қаңқасын құрайтын екі негізді жұптық, төрттік құрылымдар өте терең
психофизиологиялық және эмпирикалық негіздерден бастау алады. Бұл дуалистік немесе жұптық
символдар жоғары палеолит дәуірінде пайда болып, сол дәуірдің мифологиясы мен өнерінде
көрініс тапты. Ал осы алғашқы қауымдық мәдениеттің негізінде жатқан қарама-қарсылықтар
жүйесі адамзаттық ақыл-ой дамуының ең бастапқы кезеңіне тән құбылыс дуалистік мифологияны
дүниеге келтіреді. Дуализм (лат. екі жақты) болмыстың бастамасы бір-біріне тең және тәуелсіз екі
- материалдық және идеалдық субстанциялар деп танитын монизмге қарама-қарсы ілім. Дуализм
ұғымы ежелгі ерте шығыстың діни-моралдық және ертедегі Грецияның діни-космологиялық
мифтерінде кездеседі: дүние процесі өзара үнемі күресетін екі бастамадан: жақсылық пен
жамандықтан құралады. Ол бойынша, дүние қарама-қарсылықтардың бірлігінен, жиынтығынан
тұрады. Ежелгі дәуір мифологиясының ең бастапқы белгісі оның дуалистік (екі ұдай) негізіңде
болып есептеледі. Бұл тұжырым 40-жылдардың басында әйгілі этнограф-ғалым А.М.Золотаревтің
классикалық зерттеуінде анықталып, соңғы көптегеи зерттеулердс, ғылыми ізденістерде қолдауын
тапқан болатын.
Дуализм - қазақ және жалпы түркі мифологиясының басты көрсеткіштерінің бірі, оның
ғалам жасау (космогония) мифіндегі сюжеті екі түрлі болып келеді. Біріншісі - екі бастау: аталық -
аспан мен аналық - жер әрекетінен үшінші дүние - тіршілік, жер беті, (адам баласы) пайда болады,
мысалы Орхон-Енесей жазбасында кездесетін «көкте тәңірі, төмеңде қара жер пайда болған кезде,
363
екеуінің арасында адам баласы жаралады» (Күлтегін, кіші жазу) деген жолдар көктүріктердің
шамамен Ү-ҮІІІ ғ.ғ. мифтік космогониясының қысқа түйіні болып табылады. Екіншісі - ғаламды
ағайынды екі жігіттің (көбіне егіз болатын) бірлесіп жасауы жөніндегі түсінік.
Мұндай мифте егіздің біреуі жақсы нәрселерді, екіншісі жаман нәрселерді жасайды, қазіргі
түркі халықтары арасында осындай мифтер Алтай-Саян халықтарында барынша мол сақталған.
Мысал ретінде алтайлықтар мифіндегі жарқын тәңірі Үлген мен өлілер дүниесінің әміршісі
Ерліктің дуализмін айта кетуге болады. Бұл туралы А.М.Золотарев былай дейді: «Один из братьев
близнецов изображался ловким, опытным и добрым, другой неуклюжим, неумелым и злым. Они
постоянно соперничают друг с другом, причем каждый раз победу одерживает первый. Позднее
первый брат трансформируется в доброе божество, небо, а второй - в злое, повелителя подземного
мира мертвых» [3,298].
Көне түріктердің ежелгі мәдениеті дуалистік мифология кезеңін бастан кешіргенін бүгінгі
күнге келіп жеткен кейбір реликтілік қалдықтар, мифтік ұғымдар дәлелдейді. Мысалы, якуттарда
айыы ойуун (ақ шаман) - жақсылықты, абаасы ойуун (қара шаман) - жамандықты әкелуші болып
бөлінген. Тувалықтардағы мұндай таным іздерін ақ ээрен, қара ээрен сөз тіркестері көрсетеді.
Бұны тіліміздегі ақ бақсы, қара бақсы, ақ сайтан, қара сайтан, ақ әулие, сары әулие, қара дәу, қара
албасты т.б. тіркестерімен салыстырыңыз.
Алғашқы ойлаудағы қауымды іштей екі жікке бөліп қарауды түркі халықтарындағы ру-
тайпалардың атауларындағы ақ-қара қарама-қарсылықтары арқылы көрсетуге де болады дейді
этнограф-ғалым Л.П.Потапов. Мысалы: алт. қара найман - көгүл найман; телеуіт. ақ тумат - қара
тумат; шор. қара шор - сары шор; көшпенді өзбек. ақ маңғыт - қара маңғыт; ноғ. ақ ноғай - қара
ноғай; қаз. ақ қойлы - қара қойлы; түрік. ақ қоюнлу - қара қоюнлу [4,39].
Ал енді Абылғазы хан туралы жинақта, оғыздардың сол және оң қанатқа бөлінуін
генеалогиялық аңызбен байланыстырады: «Оғыздың көктен түскен аспан қызымен некесінен
тараған ұрпақтары - шығыс (бузук) жақ қанаты ал Оғыздың жер қызымен некелік одағынан
тарағандар - батыс (учук) жақты білдірген» [5,48-50]. Шынында да, ертедегі тілдік ескерткіштерде
бұл құрылымның айқын іздері байқалады. Оғызнамадағы екі баған, ақ қой мен қара қой,
Оғызханның екі әйелі (көктік және жерлік), осы екі әйелден тараған ұрпақ (жиырма төрт ұл адам
баласы мен бүкіл жан-жаңуарлар дүниесіне ортақ жиырма төрт қабырғалы құрылым) ескі мифтік
дүниетанымнан хабар береді. Бұл мифтік сюжеттің дуалистік мифологияға жақындайтын тұсы -
шығыс қанатқа «жақсы», батыс қанатқа «жаман» деген мағыналардың берілуі.
Олай болса, біздін ата-бабаларымыздың ежелден келе жатқан ұғымында өлген адамдарды,
батыс жаққа, күнбатысқа жерлеу салты болғандығында осындай дуалистік таныммен түсіндіруге
болады. Мысалы:
В.В.Бартольд мынадай дерек келтіреді: «Алтайцы до сих пор кладут умершего в могилу
ногами на запад, считается, что, поднявшись душа его пойдет на запад, где находится мир
мертвых; восток, напротив, был местом обитания доброго божества и духов» [6,131].
Ш.Уәлиханов жинаған қазақ аңыздарының құрамында да осындай наным-сенімге
байланысты сюжеттер кездеседі. Дүниенің батыс жағына бет алған жолаушы көп ұзамай, өлілер
мекеніне кезігеді. Алдынан шыққан қара сақалды жауды өлтіріп, одан әрі батысқа қарай жылжи
береді. Ең соңында өзі де өлім табады. Ал қазақ халқының қолөнерін зерттеген зергер
С.Қасимановтың қазақтың ою-өрнектеріндегі екі негізділік - егіздер культін түсіндіретін дөңгелек
(әлем), оның бөліктері оң-теріс, ақ-қараны білдіретін егіз немесе жұп деп аталатын ою-үлгілер
мәдениетіміздегі бинарлық жүйенің іздерін аңғартса керек [7,31].
Мифтік ойлаудың екі түрлі мағынадағы семиотикалық құрылымдарының бірігуі, атап
айтқанда
«мифтік
қабат»
пен
«логикалық
қабаттың»
тұтасуының
мүмкіндігіне
психофизиологиялық, нейросемиотикалық зерттеулер нәтижесінде көз жеткізуге болады. Яғни
мифтік ойлау құрылымы жай гомогенді емес, күрделі гетерогенді болып келеді. Жалпы, адамның
сана-сезімінің өзі о баста гетерогенді сипатта екендігін мойындауымыз керек. Сананың
гетерогенді сипаты адам миының «ми ассиметриясы» деп аталып жүрген құрылысымен
байланысты. Адам миы мен оның құрылысын зерттеудің соңғы 25-30 жылда жеткен табыстарына
сүйенсек, әрбір адам белгілі бір интеллектуалдық мәселені шешу барысында екі түрлі тесілді
364
қолданады. Оның біреуі - мидың сол жақ бөлігінің қызметімен, ал екіншісі мидың оң жақ
бөлігінің қызметімен байланысты.
Бұларға жеке-жеке тоқталып өтеміз. Егер «сол жақ жартышарда», берілген нысанды тану,
белгілі бір интеллектуалдық есептерді шешу, сондай-ақ оларды жеке бөліктерге бөлу және
құрылысын анықтау (грамматикалық, логикалық конструкциялар) сияқты бір бүтін нәрсені
бөлшектеп танитын аналитикалық амал басым болса, ал «оң жақ жартышардың» қызметі
керісінше, біртұтас құрылымдық жүйелер - гешталттарды жасауға бейім болып келеді.
Адам танымын оның психофизиологиялық жүйесімен байланыстыра зерттейтін
ғалымдардың тұжырымдарына қарағанда, дуализмнің шығуы табиғи заңдылық болып есептеледі:
Бинарлық жүйе - жұптық саралаудың негізіндегі адамның дене бітіміндегі, жалпы табиғатындағы,
ми жартышарларының қызметіндегі (оң жақ және сол жақтың) екі ұдайылық ерекшеліктердің
генезисімен түсіңдіріледі. Сонымен, адамдар үшін ең әуелі аспан мен жерді, оңы мен солын, яки
дүниенің тараптарын тану өмірлік қажеттілік еді. Осының бәрі сана арқылы сараланып, тілде
көрініс табады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Алматы: Ана тілі, 1996.
2.
Нұрмаханов А. Түркі фразеологиясы. Алматы: Ғылым, 1998. -272 б.
3.
Золатарев А.М. Родовой строй и первобытная мифология. М., 1964. -328 с.
4.
Потапов Л.П. Этнический состав и происхождение Алтайцев: истористорико-
этнографический очерк. Л., 1969. -196 с.
5.
Кононов А. Н. Родословная туркмен. Сочинение Абу-л-гази, хана хивинского. М.-Л.
Изд. АН СССР, 1958.
6.
Бартольд В.В. История Туркистана. Соч. т. 2, ч.1. М.: Изд.Восточной литературы,
1963г. - 763 с.
7.
Қасиманов С. Қазақ халқының қол өнері. Алматы : Қазақстан, 1969. - 248 б.
Достарыңызбен бөлісу: |