Аймауытұлы
ЖАҢА ƏЛІПБИ ТУРАЛЫ
(айтыс ретінде)
Əліпби мəселесі көтерілгені едəуір уақыт болып қалды.
Бұл мəселе жалғыз бізде емес, басқа көп шығыс елдерінде
де қозғалып, олардың көбінде ескіден безіп, жаңа əліпбиге
көшкендері де аз емес. Мұны істетіп отырған заман, өмір
толқыны екеніне (арабшылдар болмаса) ешкім таласа қой-
мас. Арабшылдар латыншылдарды «еріккен сыңар тізгін,
құрғақ айғай» дейді. Елдес сықылды арабшылдардың
екі сөзінің бірі осы латынға қарсы дəлелдер келтіргенде,
сөздерінің көбін осындай бақырумен, бажылдаумен бояй-
ды. Сондықтан сыңар езулік, қыңыр сөз арабшылдардың
өздерінде. Арабшылдардың біреулері «мəдениет саясатқа
байланбаған нəрсе дейді, біреулері əліпби мəдениеттің тетігі
емес» деген пікірге келеді, біреулері «əліпбиден басқа да
жұмыс толып жатыр, əліпбиді қоя тұрып, соларды істелік»
дейді, енді біреулері «ойбай, латын таңбасына көп шығын
шығады, шығын шығармай, араб таңбасымен бара берейік»
дейді. Қайсыбір арабшылдар (Ақыметұлы, Ілияс, Жанақымет
сықылдылар) араб таңбалары мен латын таңбаларына тексе-
ріс жасап, латын таңбаларының көп кемшілігі барлығын,
араб əліпбиінде қасиет барлығын, өздерінше Америке (Аме-
рика) ашқандығын дəлелдейді. Мен де латыншылдардың
бірі болғандықтан, арабшылдардың сөздеріне өзімше мына-
дай жауап бергім келеді.
1. Бай табы мен еңбекші табы бар екенін білетін болса,
мемлекет билігі сол екеуінің бірінде болғанда, мəдениетті өз
өміріне үйлестіру таптың үлкен саясаты екендігін арабшыл
азаматтар білу керек.
2. Мəдениеттің тетігі болмайтын болса, əліпбимен жол
табылмайтын болса, қадым, жəдиттен бастап əліпби таңба-
ларының құйрық-жалының жылда күзеліп, жылда қырқылып
келе жатқандығын қайда жанастырмақ?
3. Біз жаңа жұртшылықтың мəдениет қазанын көтергенде,
ол қазанның астына мықты темір ошақ қоймасақ, қисық
280
281
ағаштан таған қаққанда орнықты, сенімді болмайды. Мəде-
ниетті қазан десек, əліпбиді ошақ деп мысалдауымыз керек.
Сондықтан əліпби мəселесін екпінді жұмыс емес деген пі-
кір – қате.
4. «Латын əліпбиіне шығын шығады» деп ойбайлауда
тіпті негіз жоқ. Араб əліпбиінің далаға жіберген шығынын
жалғыз «тіл құралының» өзі-ақ айтып тұр. Сол кітаптың
жылда өзгеріп басылуы, бір жылғысы екінші жылға жара-
май қалуы емленің кесірінен болса, емленің бір көктеліп, бір
тігілуі көбінесе араб əліпбиінің жөнге келмегендігінен;
«Еңбекші қазақ» газетінің 44-санында Жанақымет
мақаласында 16-ыншы жолдан 20-ыншы жолға дейін
айтқаны дұп-дұрыс пікір, латыншылдардың бастан айтып
келе жатқаны – сол пікір. Жанақымет мақаласының басқа
жерінде Америке аша қойған еш нəрсе жоқ. Жанақыметтің
аңдамай сөйлеп, ауырмай өлетін бір жері мынау: «Ырасында
түк білмейтін балаға тілесең қандай əріп үйрет, бəрі бір. Бірақ
тез үйрету жағы оқушының тəжірибесі мен оқушы баланың
зиректігіне байлаулы нəрсе,» – дейді. Жанақыметтің кім
екенін, қай Жанақымет екенін мен білмеймін, сондықтан
жоғарыдағы сөзіне қарағанда, не бұрын молдалық құрған,
не осы күні молда болып жүрген біреу ме деп ойлап отыр-
мын (дін молдасын айтам). Неге десеңіз, оның сөзі: «Əліпте
жоқ, би астында бір нүкте де бір, бе, де бір деген ойды
көрсетеді».
Жанақымет олай қарап, бұлай қарап, латын таңбаларының
ішінен п,т, d, z, a алып, тексеріп отырып, түйенің мойнын
тауыпты. Бірақ араб əріптерімен латын əріптерін қатарынан
түгел қойып тексергендігі көрінбейді. Араб пен латын
таңбаларын қатар қойып, анық тексергенде, араб əліпбиінде
түйенің мойны түгіл құйрығы, құйыршығы, ирегі, түйіршігі
тағысы тағы толып жатқанын айқын көреміз.
Араб əліпбиінде (осы күнгі қазақ əліпбиінде) 47 бүгіліс,
19 нүкте, 6 шеңбер, 3 таяқ, 1 үтір бар. Сонда барлық
нұсқаның құралысы (фигуральные составные части) - 76.
Латын таңбасын қолдансақ, 31 бүгіліс, 8 таяқ, 7 шеңбер бар.
Барлық нұсқаның құрылысы – 46.
Араб таңбаларымен жүрген қазақ əліпбиі 23 дыбыс бол-
са да, бас, орта, аяқ түрлерін түгел қарағанда, 57 түрлі жа-
зылады. Латын таңбасымен алсақ, 23 дыбыс сол 23 түрінде
ғана болады, жəне біз басында үлкен əріп (заглавная) қоюды
қолданбаймыз дейміз. Латын əріптерінің тағы бір қасиетін
көрсетіп өтейін. Сызық арасы бір сантиметрден сызылған
қағазға алып, оқушылардың қолына беріп, əріптердің бəрі-
нің де тұлғасы астынан да, үстінен де сызыққа жетіп тұрсын.
Солай жазыңдар деп мысал үшін «Елдес жеңбес» деген
сөзді жазғызсақ, бұлайша жазып береді: Eldes jenbes. Бұл
жазудан «Елдес жеңбес» соқырға таяқ ұстатқандай болып
көзге айқын көрініп тұр. Ал енді араб əріптерімен жаз де-
сек, бұлай жазып береді: ﮦﻟﺩﻪﺱﺟﻪﯕﺑﻪﺱ Латын таңбаларымен
жазғанда, əріптің бəрі де баданадай болып, бір сантиметр
сызықта қатарланып тұрады. Елдес көзге түгел көрінеді.
Араб əріптерімен жазсақ, сантиметр сызыққа жалғыз-ақ «л»
( ﻟ ) жетіп тұрады, өзге əріптер мықырайып, отырып қалады.
Ал жаңа латын əріптерімен ірі жазуға дағдыландырып, ар-
тынан ұсақ жазуға көмсек, екі жазудың түрі бірдей келеді.
Қол дағдыланған күйімен жүре береді. Егер араб əріптерімен
жазсақ бір қалыпты əдемі жазуға үйрену де, түрін бұзбай
іріден ұсақ жазуға көшу де мүмкін емес.
Араб таңбаларының тағы бір ыңғайсыздығы – нүктелер. Жа-
зуды қанша бадырайтып жазсаң да нүктені үлкейтіп қоя алмай-
сың. Нүктені де бадырайтып қою үшін қалам қарындашыңды
тастай беріп, түрткіш таяқ ұштауың керек болады.
1
Жас бала болсын, сауатсыз ересек болсын, жазуды түрлі
мөлшермен жазуға, əріптерге көзді үйретіп, көңілге тоқуға,
жақыннан алысқа аяқты тез басуға, түртпектеніп, қолды
бөгеп, көзді бұзатын нүкте, үтірлерден құтқаруға латын
əріптері – ең қолайлы жол.
Арабшылдар араб əріптерін қанша жамаймыз, қанша
жасартамыз десе де, əріптері оны көтермейді. Қазанда Ал-
парып, Бұрнашыптар араб əріптерінің бөксе жағын шау-
1
Қазақша
ﺱ ﺵ ﺝ ﺩ ﺭ ﺏ ۇ ﻭ тағы басқаларының не əліпби кітаптарында
не мұғалімдердің мектептерде үйрету ретінде не сантиметрдей не артық
мөлшерде басылуы да, жазылуы да, оқушыларға үйретілуі де жоқ. Міне,
сол араб əріптерінің ыңғайсыздығын айқын дəлелдейді.
282
283
ып тастап əдеміледі деп мақтанса да, ондай əдеміленген
ештеңесі көрінбейді. Бөксесін шауып, нүкте, үтірлерін
жойып, бұлтақ-шолтағын түзетсең, араб əріптерінің ізі де
қалмайды. Ақырында, телегірапта қолданылатын көлденең
сызыққа айналады ғой. Баяғыда Қазанда Қарыйтоныб деген
мұсылманша жаңа əріп деп бірдеңені «Шора» журналында
ма, əйтеуір татар журналдарының бəрінде басып шығарып
еді, арабшылдар əлде сол сықылды жамау шығара ма екен,
жоқ басқа түрлі жаңалық кіргізе ме екен; Оңайлатамыз де-
генде қандай жобалары бар екен, соларын айта сөйлесе екен
(бірақ ондай табарлығы жоқ қой).
Менің ойымша, арабшылдардың айтатын дəлелдері ай-
тылып болды. Енді екі жақтың да дəлелдерін салыстырып,
қорытып бір оңғайланатын мезгіл жетті.
Малдыбайұлы Білəл.
13июль 1927
Достарыңызбен бөлісу: |