Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық


ҚАЗАҚ ТІЛІ ЕМЛЕСІНІҢ ІРГЕ КЕЗЕҢДЕРІ



Pdf көрінісі
бет107/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   248
Байланысты:
zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte

ҚАЗАҚ ТІЛІ ЕМЛЕСІНІҢ ІРГЕ КЕЗЕҢДЕРІ
(ойласу ретінде) 
Латын негізіне құрылған жаңа əліпті Кеңестер Одағының 
күншығыс  халықтарының  қабыл  етуі  олардың  жазу-сызу 
мəдениетін  өркендету,  жетілдіру,  нығайту  жөнінде  зор-зор 
маңызы  бар  міндеттерді  алдымызға  тартып  отыр.  Кеңес 
күншығыс  халықтары  тілінің  емлесін  тыңнан  жасау,  пəн 
сөздерін  туғызу  сондай  зор  маңызды  міндеттердің  тарауы 
болып табылады. 
Жамау-жасқаумен жаңартылып, қолданылып келген ескі 
араб əліппесі түрік-татар тілдерінің керегесіне, құрылысына 
қонымды болғандықтан, ол тілдерде əрі ғылымға орайлы, əрі 
жазуға  қолайлы  емле  түзеуге  еркіндік  бермеді.  Сондықтан 
жаңа əліпті алған республикалардың бірталайы жаңа əліптің 
емлесін түзеп жасап, бір жүйеге салу үшін бірінен соң бірі 
конференция шақыруда, жиылысуда, кеңесуде. 
Бұған дейін емле конференцияларын өткізген республика-
лар: қырым татарлары, Башқұртстан, Əзербайжан. Сол өткі-
зілген  конференциялар  емле  мəселесіне  мынау  тұрғыдан 
қарап шешті: 
1)  Жасалмақшы  емле  ғылым  іргесіне  сүйену  керек  де-
лінді.  Осы  мақсұтпен  жаурыпа  халықтарының  емлелері 
қалай өзгеріп, өркендеп жетілген тарихы тексерілді; түрік-
татар  тілдерінің  құрылысы  жайындағы  өзгешеліктер  жəне 
жазудың  тілге  қатынасы  жайындағы  жалпы  мəселелер  қа-
растырылды;
2) Жасалмақшы емленің сүйенетін негізгі əдеби тілі қай 
тіл болу керек екені тағайындалды; 
3)  Ол  емлесі  жасалатын  тілдің  сыбайлас,  ағайындас  ха-
лықтардың тілдерімен қандай қарым-қатынастығы, араласы 
барлығы еске алынды;
4) негізгі талас мəселердің шешілуі сөз болды. 
Бұл айтылған мəселелерді əр жағынан зерттеп, тараула-
ту емле мүддесін шешу жөніндегі іргелі мəселе боп сана-
лады. 
Үнді-жаурыпа, сем тілдерінің емлелерін зерттеп келгенде, 
ол тілдердің емлесінде негізгі төрт жүйе (принцип) барлығы 
көрінді: 1-дыбыс жүйесі (фонет.); 2-тұтас сөз жүйесі (мор-
фологич.); 3-мағына жүйесі (идиограф.); 4-жік жүйесі (диф-
ференц.). 
Жалпы одақтық түрік тілдері ғалымдарының сиезі де, жоғары-
да  аталған  Қырым,  Башқұрт,  Əзербайжан  кəнперенселері 
(конференциялары)  де  түрік-татар  тілдерінің  емле  негізіне 
дыбыс жүйесі мен тұтас сөз жүйесін қолдануды дұрыс тауып 
отыр.  Дыбыс  жүйесін  алғандағы  мақсұт:  көбінесе  əдебиет 
тілі мен ел тілінің арасында мықты байланыс жасауды көк-
сегендік еді. Жаңа əліпті құрастырғанда, қай жерде болсын, 
елдің  сөйлеп  жүрген  тілі  еске  алынған;  бұл  жағдай  жаңа 
емлені қарастырғанда да елдің тіліне сүйенуіміз керек екенін 
көрсетеді.  Бірақ  емле  мəселесін  түпкілікті  қылып  шешуге 
жалғыз дыбыс жүйесі жетімсіз болады. Сондықтан «қалай ай-
тылса, солай жаз» деген жол өте-мөте түрік-татар тілдерінің 
бұл күнгі дəуірінде емлені ғылымға орайлы қып, түрлі тəр-
тіпсіздіктен мүлтіксіз қып шешкізбейді. Дыбыс жүйесі, бір 
жағынан, əдебиет тілі мен ел тілінің арасын алыстатпайтын, 
байланысын жоймайтын қылып, екінші жағынан, əліппеміз 
тілдегі барлық дыбыстарды жеткізгендей қылып алыну ке-
рек. Басқаша айтқанда, барлық дыбыстардың таңбасы бол-
сын,  барлық  əріп  оқылатын  болсын.  Бірлестірілген  жаңа 
əліп бұл шарттарды түгелімен орындайды. Түрік-татар тіл-
дерінің  құрылыс  жөніндегі  өзгешеліктерін  емле  көзімен 
қарағанда,  мұнда  көбінесе,  үндестік  заңын,  жұрнақтардың 
түбірге ұйқасуын, сөз аяғындағы сыбырлы (глухие) дауыс-
сыздардың тең үндестік күйлерін ескеру керек. Емле тіліне 
негізгі тіл таңдап алу мəселесі – халқы бірнеше жуан тілде 
сөйлейтін Үзбекстан сияқты шаруашылық, мəдениет ордасы 
жоқ жұрттарда маңызы бар мəселе. Қазағыстанда бұл мəселе 
оңай  шешіледі,  үйткені  жалпы  қазақтың  шаруа  түрлері 
бірыңғай болғандықтан, қазақтың тілі де бытыранды емес, 
біреу-ақ. 
Үндестік (сингармонизм) мəселесі де сол сияқты; басқаша 
айтсақ,  қазақ  тілі  түгелімен  таңдайға  тарта  сөйленеді,  бұл 


266
267
қазақ  тілінің  заңы.  Сондықтан  қазақ  тілін  үндестік  заңына 
бағындырам  деп,  қолдан  заң  жасауға  болмайды.  Үйткені 
дыбыс  жүйесі  жоғарыда  айтылған  өзгешеліктерді  хатқа 
түсіруге толық жетеді. 
Емленің түрлі кезеңдеріне қадағалап, егжейлеп тоқтауға 
қазір мұршам жоқтықтан, бұл мəселені түсіндіруге өзге тіл 
ғылымдары да ат салысар деп сенгендіктен, бұл арада мен, 
өз ойымша, ең керекті деген үш кезеңге тоқталмақпын: 
1. Жұрнақтардың түбірге ұйқасуы сен сөз аяғындағы дауыс-
сыз дыбыстардың тек үндестік жағдайы (интервокальн. пол.). 
2. Жұрнақтардың, қос сөздердің, бөлшектердің тұтас не 
бөлек жазылу мəселесі. 
3. Шет тілдерден алынған пəн сөздерінің емлесі жайынан. 
Бірінші  кезең  жөнінен  айтылатын  сөз:  аяғы  үнді  (звон-
кий)  дауыссызға  (з,  т,  р,  л)  бітіп,  түбірлерге  жалғанатын 
жалғау, жұрнақтардың басқы дыбысы да үнді болып келеді. 
Мысалы, «қызға», «атқа», «көрсеттім», «алдым».  Ал  үнсіз 
дауыссызға  бітсе,  жұрнақ  та  үнсіз  боп  басталады.  Сол 
сияқты тек үндес күйлерде сыбырлы (глухой) дауыссыз үнді 
(звонкий)  дауыссызға  айналады.  Мысалы: «ашықшығар», 
«ақ сағыз». Бұл арада тағы бір ескерте кететін нəрсе: бүкіл 
түрік-татар  тілдері  сияқты  қазақ  сөздерінің  көбі  қашанда 
сыбырлы дыбыстарға бітеді: «т», «І», «п», «с» дыбыстары-
на.  Емле  жасағанда  мұны  да  еске  алу  керек.  Мысал: «ат», 
«болып», «қайт», «білмес», «жібек», «ақ»... Қазақ тілінде қос 
жұрнақтар өте көп. Ол жұрнақтарды шағындау мəселесі де 
осы бапқа жатады, бірақ қайтсе де жұрнақтарды шағындау 
керек  деп  айта  алмаймыз,  үйткені  бұл  мəселе  көптен-
көп  қазақтардың  Өзінің  тіл  сезгіштігімен  шешілу  керек. 
Екінші  жағынан,  емле  көзімен  қарағанда,  сөз  бөлімдерінің 
(мүшелерінің) бəрін бірдей жаза беруді қолдауға болмайды, 
башқұрттар, мысалы, өз тіліндегі жұрнақтардың барлық он 
екі  түрін  де  алған: «лар-лер», «тар-тер», «дар-дер», «зар-
зер», «уар-уер», «нар-нер». Бұл – дұрыс емес.  
Екінші кезең: сөзді біріктіріп не бөлек жазу туралы болса, 
бұл мəселе жөнінен түрік-татар жұрттарының оқытушылары 
елу  жылдан  бері  айтысып-тартысып  келе  жатса  да,  мұның 
шешілуі  оп-оңай:  түрік-татар  тілдерінің  құрылыс  заңына 
сүйеніп  шешу  керек:  Түбірдің  екпін  буынына,  сарынына 
бағынатын, бір сөзбен айтқанда, түбірмен үйлесіп, жымда-
сып  кететін  жалғау,  жұрнақтар,  бөлшектер  бірге  жазыла-
ды.  Мысалы: «сондай», «сендей», «атқа», «итке», «алды», 
«келді», «менен», «арасында». Бұдан шығатын тарау: түбір-
дің  екпініне  жүрмейтін,  сарынына  көнбейтін  кейбір  жұр-
нақтарды бірге жазуға болмайды. Осы себеппен бөлімшелер 
де  (қосалқы,  қосымша,  демеулер)  бӨлек  жазылады.  Мыса-
лы: «мен де барамын», «ең ақырғы», «ең күшті». 
Ал қос сөздерге келсек, олар сөздің туыс жағынан, мағына 
жағынан  қарап  тұтас  не  бөлек  жазу  керек.  Яғни,  бір  екпінді 
(ударение),  бір  сынды  (гармония)  немесе  бір  мағыналы  қос 
сөздер тұтас жазылады. Мысалы: «белбеу» (бел-бау), «атарба» 
(ат-арба); «қансырау» (қан сұрау). Осы екі кезеңде ұсынылған 
ережелер, менің ойымша, Қазағыстан жаңа əліп Орталық Коми-
тетінің  емле  туралы  газетте  жарияланған («Еңбекші  қазақ», 
(1968) 39) ашық хатқа тура жауап болар деймін. 
Қазақ  комитетінің  ашық  хатында  жат  тілдердің  емлесі 
ескерілмеген  көрінеді.  Бұл  мəселе  жөнінен  қазақ  жолдас-
тармен арамызда ұлтанды талас бар. Жалпы одақтық түрік 
тілі  ғалымдарының  бірінші  съезінде  де,  одан  кейінгі  емле 
жайындағы,  пəн  сөздері  жайындағы  кəнперенселерде  де 
мен  əрдайым  жай  тілдерді  өз  тіліне  ұйқастырушылыққа 
қарсы  шығып  келемін.  Менің  пікірімше,  барлық  халықтар 
қолданып  жүрген  пəн  сөздерін  бұзып,  өз  тіліне  ұйқастыру 
тəрбие  (педагогика)  көзінен  де,  жалпы  мəдениет  көзімен 
қарағанда да мейлінше зиянды. Мұндай «ұйқастырушылық» 
əрбір  тілдің  белгілі  дəуірінде,  жабайылап  айтсақ,  артта 
қалған  тілде  ғана  болатын  оқиға.  Бір  халық  жалпы  адам 
баласының мəдениетіне, текникесіне ортақтасып, мəдениетті 
тілдерден сөзді көбірек жұқтырып ана бастаса, жат тілдерді 
үнемі  «ұйқастырып  отыру»  деген  мүмкін  емес  нəрсе.  Жат 
тілдерді  үйтіп,  адам  танымастай  қылып  бұзғаннан  да,  өз 
тілінің  қорына  сүйеніп,  ол  жат  тілдердің  орнына  жаңадан 
пəн  тілдерін  ойлап  тапқан  жақсы.  Үйткені  ондай  бұзып 
алған  жат  тілдердің  өзге  кемшілігі  өз  алдына,  келешекте 


268
269
бөгде жұрттардың тілін үйренуге бұл жұрттың адамдарына 
үлкен бөгет болады, ал бөгде жұрттардың тілін үйрену – бұл 
күнгі күншығыс халықтарының мəдениет дəуіріндегі іргелі 
мақсұтының бірі. 
Жат  тілдерді  «ұйқастыруды»  жақтаушы  қазақ  жолдас-
тар  ол  көзқарастың  барлық  кемшіліктерін  есептер,  барлық 
(конференциялардың)  кəнперенселердің,  сиездердің,  оның 
ішінде жалпы одақтық түрік ғалымдары сиезінің де ұйғарған 
жобаларын,  қаулыларын  еске  алар,  əліппені  үндестіру  жо-
лынан екі жылдай айтысып барып безген сияқты, «ұйқасты-
рушылықтан» да безер деп сенемін. 
Сөз аяғында, Қазағыстан кең даласында зор мəдени, тари-
хи оқиға болғалы тұрған, жалпы қазақ емле кəнперенсиесінің 
(конференциясының)  жұмысы  толық  тынымды,  өнімді  бо-
луына тілектестігімді білдіремін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет