Байланысты: zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte
ЖАҢА ƏЛІПБИ ЕМЛЕСІНЕ ТҮСІНІК Жаңа əліпбидің ең соңғы жобасы заңмен бекіп, дəйекші
жоғалып, жаңадан 5 əріп қосылғаннан бері жұрт жаңа емле-
ге əлі түсініп жетпеген көрінеді.
Жер-жерден жауап тілеп келіп жатқан мұғалімдердің қа-
ғазы, оқушылардың жазуы осыны көрсетіп отыр. Сондық-
тан жаңадан 5 əріп қосылғандағы кейбір күдікті талас боп
жүрген нəрселерді түсіндіруді дұрыс көрдік.
Қазақ тілінде үндестік заңы бар: түгел сөздің дыбыстары
(дауыстылары да, дауыссыздары да) не жіңішке, не жуан ай-
тылады. Осы заңға сүйеніп, бұрын түгел сөзді жіңішкерту
үшін басына дəйекші қойылатын. Дəйекші жоғалды. Енді
қайту керек? Үндестік заңы да жоғалды ма? Жоқ, жоғалған
жоқ: заң – тілдікі, дəйекші – емленікі, біріне-бірінің қа-
тысы жоқ. Олай болса, сөз жіңішке айтылса, ішіндегі дауыс-
тыларының бəрі де жіңішке болу керек, жуан айтылса,
бəрі де жуан дауыстылар боп жазылмақ. Содықтан төменгі
сөздердің арабша, латыншасын қатар жазып көрсеттік:
Bygyn syzdyn jyiliska kewykpei kelynyzdy syraimyz
1.
Dal buirimnen byr wanwy kadalyp turgany.
2.
Komitet aneugy kytaptaryn jurda bastyratyn ba?
3.
Syzdyn uidyn iwi syirdy kalai kytedy?
4.
Myna suretym ademy emes pe?
5.
Қазақ тілінде үндестік заңы қатып қалған заң деп ойла-
маңыздар. Оған келмейтін сөздер де көп. Ондай сөздердің
ішіндегі жуан, жіңішке дауыстылар естілуіне қарай жазыла
береді. Мыйсалы: қызмет, жұмыскер, білімпаз, қатыгез, сөзуар, селсоқ, кішкентай, Түркістан, Елтай сияқты.
Үндестік заңы кейде бұзылатын болған соң, бұрынғы:
«е, к, г келген сөздерге дəйекші қойылмайды» деген ере-
же өзінен-өзі бұзылады. Өйткені қай жерде қалай естілуіне
қаралады. Мысалы, «кəмесійе» дегенде, «к»-ден соң «ə»
жазылса, «камыйсар» дегенде «а» жазылуға тиіс. Кəнпеске, капитал да со сияқты. Көріп отырсыз: бөгде тілдердің көбі
үндестік заңына көнбейді.
Қысқасы, дауыстылар сөздің ішінде жуан естілген жерін-
де жуанын, жіңішке естілген жерінде жіңішкесін жазу керек.
Түгел сөзді үндестікке келтіре берем деп əуреленбеу керек,
дəйекшімен бас қатырмау керек.
Жаңа əліпби кəмитетінің білім қызметкері Жүсіпбек