Жанақымет (Ақпанбетов)
ДƏЙЕКШІ ЖӨНІНЕН
(жаңа əліппешілер сиезінің қарсаңында)
«Біздің дəйекші табылған ақыл: əріптерді азайтуға, уақыт-
ты үнемдеуге – деген көріп кел, сөздің алдына тұртыдай боп
тұрсада, сөзді түгелі мен жіңішкертіп, жұмсартып жіберетін
бір құрыш…» деп, дəріптеп сақта сақ та, «дəйекшіні тастауға
болмайды, оған бауыр басып көзіміз үйреніп қалды, одан
айырылсақ, қоңылтанысып тұрамыз» деп, оған жармасып,
жақтасақ та, дəйекшіге тықыр-таянғалы тұр; жақсы да болса,
тұрыш та болса, қол бөгемейтін қораш та болса, дəйекшіге
қош айтысамыз-ау дейміз.
Оған не пəле таянып малды? Десеңіз, айтайық.
Əуелі дəйекшінің бізге сіңірген қызметін бағалап өтейік.
Оның жалғыз ақ мықты қызметі бар еді; ол: дауыс-
ты дыбыстардың таңбасын азайтушы еді; соны мен əріптері-
міздің саны шағын болушы еді.
Дəйекшіге ден қойып, иман келтірушілер: одан да артық пай-
дасы бар: ол кіп-кішкене боп тұрып, тұтас сөзді жіңішкертіп
жібереді деп, сақтаушы еді. Анығында бұл соңғы сақтауды
дəйекші көтере алмаушы еді.
Дəйекші өзіне ұрымтал дыбыстарды, бас бұуынды ғана
жіңішкертуші еді, тұтас сөзді жіңішкертуге шамасы келмеуші
еді. Оған мысал: өсімтал, сөзбуар, білімпаз, Əлімбай, Əрман,
Ебижан, Төлтай, Малықұл… деген сықылды сөздер, мұнда
дəйекші өзіне көршілес дыбыстарды ғана жіңішкертіп тұр;
соңғы буындарын жіңішкерте алмай тұр, анау Əлімбай,
Бійжан, Төлтай, Əлімқұл сыйақты кісі аттарын қос сөз де-
сек те, өсімтал, сөзыуар, білімпаз, əрман… сыйақты сөз-
дерді қос сөз деп қалай айтамыз? «Тал, уар, паз» дегендер –
жұрнақ; «əрман»-ның «ман» ін жұрнақ деуге болмайды;
«əрман əрі» деген сөзді алсақ, оның түбірі «əрі» болуға тиіс.
Бірақ «əрман» да «ы» түсіп қалған. Екі сөздің бірінде келетін
«бырақ» деген сөздің өзі «бір-ақ» деген екі сөзден құралған
болсада, бұ күнде бірігіп, кірігіп, тұтасып кеткен сөз. Оны
сызықша (-) мен жазудың түк қисыны жоқ.
274
275
2) Сөзді жіңішкертетін: «е, к, г» дыбыстыр дəйекші мен
бақан тіреу келіп шатақ тұрғызып жүр.
«Сөздің ішінде, «е, к, г» əріптері тұрса, сөз жіңішкереді,
дəйекші қойылмайды» деген ереже бойынша бірталай сөз-
дерді жазып көрейік: қатыкез, даукес, жемқор, қыздыкі,
қызмет, кітап, Түркістан, селсоқ, жеңісқой, əуесқой, кіш-
кентай, қасиет, қаусет, қаныбет, əсемпаз қорек (қор), қа-
быкен, кокпар…
Қайда жіңішкерткені? Қайда үндестік (сыингармоныйзм)
заңы? Əлде мұндай сөздерді қазақ тілінен шығарып тастау
керекпе? Əлде бұлардың бəрін сызықша (-) мен жазу керек
деген ереже шығару керекпе? «Жұрнақ бөлек жазылады»
деген ереже қайда қалады? Жұрнақтарды бөлек жазар едік,
бір түбрді қалайша екі бөліп жазамыз? Мысалы: «кітап»-ты
«кі-тап» немесе «кітеп» деп, «селысоқ» ты «салсоқ» неме-
се «селсек», «сел-соқ» деп жазамыз ба? Сөзді бүйтіп бөлек-
салақ қып, созғылаудың жөні жоқ.
Мəдениетке аяқ басқан сайын, бізге жат тілдер кіре бер-
мекші. Кірсе, тегін кірмейді: үндестік заңын бұза-жара кіреді.
Одан қашып құтыла алмаймыз. Дəйекшінің басын жұтатын
бір ажал: жат тілдер.
Екінші, мынадай сөздерді алып қарайық: «сөз» соз, өр,
өре, осыларға жұрнақ жалғайық.
Сонда:
Сөз – сөздікі
Сөз – сөздікі
Өр – өрдікі
Ор – ордікі
Қыз – қыздікі
Біз – біздікі…
боп жазылуға тиіс. «Сөздігі» мен «сөздікі» деген сөзді ай-
ыру үшін, «түбір сөзде дəйекші тұрса, ол дəйекші тұуынды
сөздерде қалмай, қабат жазылады» деген ереже шығарылған:
бұл ереже сөзді «е, к, г» жіңішкертеді» деген ережені бұзып
кетіп отыр.
3) Іс жүзінде о – ө, ұ – ү, ы –і лерді айыру, дəйекшілерін
ұмытпай, қойып отыру оқушыға қиын тиіп жүр, бірінші
басқыш мектептердің баласы былай тұрсын, теқникұм бала-
лары да бұ жағынан шалдырып жүр.
4) Дəйекші таңбаны азайтады дегеніміз болмаса, дыбыс-
ты азайта алмайды.
Анығында бізде «ə», «ө», «ү», «і» деген жұмсақ дауысты-
лар бар ғой, ол дыбыстарды өз алдына үйрету керек.
Үйретіліп жүр. Ондай жіңішке дауыстыларды үйрету
таңба жағынан шатақ болатындықтан əліппенің аяғына
қалдырып жүр.
Тегінде жалпы жұрт сөйлеп жүрген тілде басы ашық ды-
быс болса, ол дыбысқа дербес таңба болу керек. «əке», «іс»,
«өмір», «үркер» деген сөздерде «ə», «і», «ө», «ү» дыбыстары
анық естіліп тұр. Жəна бұл жіңішке дауыстылар еш уақытта
жұуан боп өзгермейді; түбіріндегі жіңішке естілсе, тұуынды
болғандада солай естіледі.
5) Жалғыз қазақ болмаса, өзге түрік тұқымды жұрттардың
бəрінде дəйекші жоқ. бірлестірілген жаңа əліппеде дəйек-
шіні алған ешбір жұрт жоқ. Біз мəдениет жөнінен өзге
көршілерімізбет араласатын болсақ, олардың əдебиетінен
ізгемізді бөлек салмайтын болсақ, көптен шетке шығып ауа
жайылмауымыз керек. Дəйекшіге жабыса берсек, қақ ортада
дəйекшедей таштиып қалғалы отырмыз, бізді оңай олжа тап-
ты екен деп, өзге көрші жұрттар еліктей қоятын көрінбейді.
6) біз енді латын əрпіне көшіп отырмыз. Бұл жаңа əліп-
пенің өзіне лайықты таңбалары болу керек. Еміле мəселесі
əліппе мен өте жақын мəселе. Əріптері бірігіп, кірігіп жазы-
лып, сөздері сүгірет сияқты бөлек-бөлек боп тұратын арап
əліппесі мен əріптері төрт бұрышты, бөлек сөзі біртегіс ирек,
боп жазылатын латын əліппесінің бөлек-салақ таңбалары
бір түрлі болу дұрыс емес. Біздің мықырайған, ашық ауыз
дəйекшісіз латын əліппесіне қонбайды; соны біліп біздің
жаңа əліппешілер екіксіз құс қанатты (v) алып отыр. Бұда
жамау – жасқаудың бір түрі.
7) Жаңа əліппешілер сиезі, камитеттері, піленұмдері ла-
тын əрпінің не құрлы оңай жазылуын, оңай оқылуын көздеген
араб əліппесінен безгенде, əріптерінің, əсіресе, бөлік-салақ
нүкте, үтір, дəйекшілерін жаратпаған. Ондай түкткілеп жа-
276
277
зылатын белгілер əрі жазуды шұб-шұбар, жыбырлақ қып
жібереді, көзді алаңдатады; əрі жазғанда қолды қағаздан
сұуырта береді, қолды бөгейді, уақытты көп əкетеді деген
ойда болған.
Сондықтан жолдың (əріптің) үстінен жазылатын нүкте-
лерден қашып, «ө» ның латыншасын «Х» етіп алмай, «Ө»
қып алуды ұйғарысқан.
Осы айтылған 7 түрлі дəлелге сүйеніп, дəйекшіні тастау
керек деген пікірді ұсынамыз.
Дəйекшіні тастағанда, жіңішке дауыстыларға дербес
əріп аламыз, əліппедегі əріптеріміздің саны бұрынғыдан
көбейеді, жаңадан 4 əріп қосылады: барлығы 28 əріп болады.
Қат танытуға 28 əріп көптік қылмайды, оған дəлел мынау
санақтар:
Бірлестірілген жаңа əліппеде 33 əріп.
Тəжіктерде .........................................................................26
Ұйғырларда ........................................................................25
Қарақалпақта .....................................................................32
Дөңгенде ............................................................................29
Өзбекте ...............................................................................38
Əзірбайжанда .....................................................................32
Татарда ...............................................................................34
Башқұртта ..........................................................................36
Ыстанбол түріктерінде .....................................................29
Түрік тұқымынан басқа қабарды (кабардин) сыйақты
жұртта 52 дыбыс, какетін (кях) тілінде 64 дыбыс, айқаз
тілінде 70 дыбыс бар екен.
Өзімізбен сыбайлас орыс жұртында 33 əріп бар.
Осының бəрін салыстырып келгенде біздің бұрынғы
əліппеміз дұние жұзіндегі ең əріпі аз тіл боп саналады,
əріптеріміз 28, 29, жазаласа 30 болған күндеде пəлендей
ауырлығы жоқ. Ондада қарақалпақ, өзбек сиақты көрші-
леріміздікінен кем, ана 70 дыбысы бар жұрттарға салыс-
тырғанда, ана құрлы шүкір ғой.
30-дан артық əріптері бар жұрттардың қат тануына, мəде-
ниетті болуына əріптерінің саны еш бөкет қып отырған жоқ.
Сондықтан əріптеріміз көбейеді деп қорқудың орны жоқ.
Енді біздің жіңішке дауыстыларымызға латынша
қандай таңбаларды алуымыз керек? Бұл мəселені шешу
үшін барлық түрік тұқымды жұрттардың дауысты дыбысқа
алған əріптерін тексеріп, салыстыруымыз керек. Өзгелердің
емілесінен біздікі де алыстап кетпеу керек. Латыншылар
көсемдерінің қатты зерттеп, қадағалап отырған мəселесі
осы əріптерді бірлестіру.
Барлық түрік тұқымды жұрттарда даусыз, дамайсыз бір
түрде алынып отырған дауысты дыбыстар: а(a), о(o), ə( ),
ө( ), у(u ), ( ) «6»
Ескерту. «а» таңбасын жалғыз ақ қара қалпақтар «ə» (а)
орнына алып отыр. Түріктер «Х» ге «ˇо» əліпті.
Бұдан басқа дауыстылардың таласы кемірегі: u(у) мен «ь»
(ы). Бұл екеуіне келгенде, ауа жайылып отырған əзірбайжан
мен түрік (Ыстанбол) жұрттары. «u» əріпін əзірбайжандар «ү»
орнына алған; түріктер «ы» ға «у» ды алған əзірбайжандар
«ы» ға «у» ны алған.
Бірақ əзірбайжандар бұл əріптерді өзгертіп, бірлестік жо-
лына түсірмекші.
«ү» дыбысына қарақалпақ, өзбек, татар, башқұрт сиақты
көршілеріміз «у» ны алып отыр, əзірбайжандар «ц» ны,
түріктер «й» ны алып отыр.
«і» дыбысына ойғұр, қарақалпақ, дұңгендер «і» таңбасын
алып отыр; бізде ол – «й» ның белгісі.
Ұзын «й» ге өзбек, əзірбайжандар «і» ні алған, қысқа «и»
ге «j» ны алған. Татар мен башқұрт «уь» ны қарақалпақта
«иі» ге «j» ны алған.
Біздің «ұу, ыу» деп жүрген ұзын «ұу» ларымызға
əзірбайжандар орыстың «у» ын алып отыр.
Сүйтіп, соңғы жеті дыбыстың таңбалары таластау боп
тұр. Олар: ұ, ү, ы, і, и, пы, ұу,
Қай дыбысқа қай таңбаны ұсынбастан бұрын есте бола-
тұн нəрсе:
1) Дыбыс шығаратын мүшелеріміздің қызметіне қарай,
естілуі жақын дыбыстардың таңбасы да жақын болу керек.
1) Айтылуы оңай дыбыстың жазылуы да оңай болу ке-
рек.
279
2) Сөзде жиы келетін дыбысқа оңай жазылатұн əріп алы-
нып, сирек келетұн дыбысқа қыйынырағы алыну керек.
Мəселенің бұл бір жағы:
Екінші жағы: əріптерді бірлестіру жолынан шығып кет-
пеу керек.
Осыны негіздерді еске алып жуан жіңішке дауысты ды-
быстарға соңғы жобаны ұсынамыз:
– ə….. – а
– ө….. – о
– і…… – ы
– u ……… – у
Өзгесіне талас болмада, «« (і), ««(u), ««(у) таңбалары ту-
ралы талас болар. Үйткені «і» – «« алынып еді, «у» жоқ еді.
«і» қарақалпақ əліппесі мен үйлестіріп, «і» ге алған лайық
болар деп ойладық. Ол өзі нүктелі арып, жəна онша жиі келе
бермейтүн дыбыс.
«ға» «u» ны алмай, «Z»ды алған иманымыз; «ұ» бізде
жиі келеді бірі астына қарай шығып тұратын сирағы бар
əріп сөзді тез айыруға үлкен себеп болады – екі жəне ды-
быс жағынан да, таңба жағынан да бұл, əріп орыстың «у» на
жақын орысша қат танытуға бір саты.
«« бізде сирек келеді, орысшасындада «u» жіңішке ды-
быс. уlь деп жазғаннан (ylь) деп жазған ана құрлым айқын.
Жəна бұлай қып алу мен өзге түрік тұқымды жұрттардың
емілесінен пəлендей алыстамаймыз; «« мен «« ның арасы
жақын дыбыстар.
Бұрын бізде «і» таңбасы «« ке алынған еді. Енді оның
орнына əзірбайжан, өзбектерше «j» таңбасын «« ға алған
едік. Ондағы дəлеліміз: өзге түрік жұрттарының ««, «« деген
сөздері бізде «« мен жазылады дегендік еді. Айтпесе бізден
басқа түрік ұлттарының бəрі «« ға «с» таңбасын алған еді (тек
түрік, əзірбайжан жұрттары «« ға құйрықсыз «с» алып отыр.)
«j» таңбасын «и» арнасақ «« басқа таңба керек болады.
Ол таңба «G» болама, «с» болама? өз кезінде шешілер, біз
тек бұл арада «j» ды «« ге алу керек екенін айтпақпыз.
Достарыңызбен бөлісу: |