Шопанзаде пұрапесірдің мақаласы
ЛАТЫН ƏРПІ ЖАЙЫНДА
Латын əрпін алу-алмау туралы ауызша талай айтыстар,
газет бетінде талай сөздер жазылып жатыр. Қазақ секілді
мəдениеті жаңа өркендеп келе жатқан қараңғы елге екі жік
бидің қайсысы пайдалы екенін жіті қарап тексеру – əрбір
қазақ оқығандарының мойнындағы міндеті. Талас мəсе-
лелерді көбірек сөйлесіп, бар пікірді ортаға салып жіті тек-
серсе ғана дұрыс шешіледі. Мен, қазақ еліне қайсысы пай-
далы екеніне анық көзім жеткен жоқ. Сонда да төмендегі
пікірімді латыншылдардың алдына ұсынамын.
Латыншыл жолдастардың да, арабшыл жолдастардың
да көбірек тексеріп қарайтын сөздері менің ойымша, мы-
налар: қай əріп жазуға жеңіл, қай əріп үйренуге оңай, қай
əріп шаруашылық жағынан пайдалы, арзан; қазақ елінің
осы күнгі жəне келешектегі мəдениетіне қайсысы жақын;
латын əрпін алғанда, қандай зиян, қандай пайда бар; қалай,
қай іретпен аламыз? Міне, нағыз негізгі мəселе – осы. Бұл
айтылған сөздердің бəрін тексергенде, ішіндегі дəлелдісін,
орнықтысын алу керек. Мен бұл сөздерге былай деп дəлел
беремін. Латыншылдар: алатын əрпі жазуға жеңіл, қол бай-
лайтын нүктесі, иректері жоқ, аз дейді. Бірақ бұған ауызда-
ры айтқанмен, дəлелдері шамалы.
Бұрын тексеріліп, ортаға салынып жүрсе де, азырақ екі
əріпті салыстырып өтейін. Мəселен, N-сын К-ын, А-ын,
d-ын, т-сын алып, араб əріптерінің - на, - на, -на, -на, -на
шағыстырып қарайық.
Латын əрпінің N-ын жазғанда, қолды нұқып тұрып əуелі
жоғары кӨтеріп, одан төмен түсіріп, одан қайта жоғары
көтеріп оңға қарай бұрып тоқтаймыз. Біздің əліпбиде « »-ды
жазғанда, бір имек салып, не болмаса, азырақ төмен жүргізіп
солға бұра салып, үстіне бір түртеміз. Z-ын алсақ, мұның
жоғарғы басына бір түйе мойын, төменгі басына бір түйе
мойын жетпей қалғандай, екі түйе мойынның ортасына бір
көлденең сызық тартамыз. Біз бұлардың əрқайсысын бас-
басына тексере берсек, бəрінде де осындай үйіліп шығады.
Жоғарғы мысалға алған əріптерді латыншылдар салыстырып
көрсін. Екі əріпті жаза білетін адамның латын əрпін жазу араб
əрпін жазғаннан оңай, жеңіл деп айтуға ауыздары бармас,
көбіне өтірікке нанбайтынын айтушы білсе керек. Расында,
латыншылдар көрмегенмен, латын əріптерінде де нүктелер,
қол байлайтын құйыршықтар толып жатыр. Латынның қай
əрпін көрсетсе де, құйрық тауып беруге, көрмеген адамға
көрсетуге болады.
Осындай қысқа түрде дəлелдеп қана латын əрпінің жеңіл-
дік жағынан, жазуға оңтайлылық жағынан араб əрпінен (өз-
гертілген осы күнгі əрпімізден) артықшылығы жоқ деп айта
аламыз.
Енді балаларға үйрету жағына келейік. Расында түк
білмейтін балаға тілесең қандай əріп үйрет, – бəрі бір. Бірақ
тез үйрену жағы, оқушының тəжірибесі мен оқушы баланың
зеректігіне байлаулы нəрсе.
Ал, егер «осы күнгі үйретудің жаңа жолына бұрынғы
жолдарына араб əрпі келмейді» десе, біз оны келтіреміз, ла-
тыншылдар да келтіре алады.
270
271
Жаңа үйрету əдістері əріптің таңбасы ирек-ирек болуы-
на немесе латындікі болуына байлаулы емес. Жаңа үйрету
əдісі тек латын əрпімен ғана келетін болса, ол жолды кім
шығарған екен? Латын халқы шығарды ма екен? Жоқ, басқа
халық шығарған. Олардың əрпі латындікі емес, өзінше.
Біздің осы əрпіміз де жаңа үйрету əдісінің қайсысына болса
да, «анализ» – талдау, «синтез» – ұластырудың қайсысына
болса да келеді.
Қысқасы, қай жолмен балаға əріп үйретсек те, осы əрпіміздің
өзімен-ақ үйрете аламыз. Бұған нанбағандарға тілесе қай жолды
берсін, латын əрпін де, араб əрпін де үйретіп көрейік, – қайсысы
бұрын таныр екен? Ең аз болғанда, осы əрпімізбен үйренген
бала латын əрпімен үйренген баладан 5 күн бұрын таниды.
Міне, бұл іретте де латыншылдардың «араб əрпі жаңа
жолмен үйретуге келмейді, тек латын əрпі ғана келеді» де-
ген сөздері дəмі жоқ тұзсыз, қасиеті жоқ маңызсыз сөз бо-
лып шығады. Енді, латын əрпі араб əрпімен арзан түседі
дегендеріне келсек, екі əріпті қойғанда, латын əрпін арзанға
қосып, араб əрпін қымбатқа құю деген сөз – өтірік, қарадай
көз байлау болуға тиіс. Расында, қай əріптің ирегі, қошқар
мүйізі, əшекейі көп болса, сол əріптің құюы қымбат болу ке-
рек. Латын əрпінің біздің əріптен əшекейі аз деп кім айта
алады? Олай болса, латыншылдар латын əрпін құйғанда,
арзанға түседі деп қалай айта алады? Бұл осымен тұрсын.
Баспахана жағынан, біздің əріптің жұмысы көп, латын əрпін
алсақ, əрпіміздің ұясы азаяды, жұмыскер аз керек, аз ақы
төленеді дейді. Бұрынғыша болса, бұл сөздері айдай анық,
оған таласпаймыз. Бірақ осы күні айтуларына мықтап тұрып
таласамыз. Оның себебі біз бұрынғыдай бір əріптің орнына
3 – 4 əріп жазып отырғамыз жоқ. Ақаң жөндеді. Осы күнде
əріптің көбі екі-ақ түрмен жазылады. Бұдан былай бір-ақ
түрмен жазылар деп жүрміз. Төрт түрін екеу қылғанда, екі
түрді біреу қылып жасау қиын болмасқа тиіс. Жəне қараңғы
елмен, рас есептесе келсек, бірден өзгертпей осылай жұрттың
көзін үйрете барып өзгерткен жақсы.
Сондықтан латын əрпінің қасиеті бұл жағынан да осы
күнгі əрпімізден артық емес. Латын əрпін алғанда, төтенше
келе қоятын пайда жоқ. Бұл іретте əнеукүні Телжан да
анықтап, пəлендей пайдасы бар деп толық көрсете алған
жоқ. Оны əзірленбеді деуге болмайды, түймедей пайданы
түйедей қылып жүрген Телжан бұл іретте түймедей де таба
алмаса керек. Тек сөзінің арасында «біз білеміз латын əрпін
алғанда қанша пайдасы бар екенін» деп қана кетті.
Енді латын əрпін алу мəдениетке жақын, барлық пəн кі-
таптарында белгілер латын əрпімен жазылады, бұл жағынан
латын əрпін алғанда, көп жеңілдік бар десе, пəн кітабындағы
таңбалардың өз əрпімізше жазылмағандығынан артта қал-
дық па екен. Ағылшын, америкелердің пəн кітабындағы
белгілер өз əрпі болғандықтан, мəдениетті болды ма екен?
Көршілес орыс елі неге бізбен бірдей емес, олардың да пəн
кітаптарындағы белгілері латынша ғой.
Дұрысын айтқанда, пəн кітабындағы белгілердің біздің
əрпімізден басқа болуында кемшілік жоқ. Бұл кемдік бола-
ды десек, өзге жұрттан ала бөтен біз (Қазақ үністетінің (инс-
титутының) оқушылары) кемдік көрсек керек еді, үйткені
бізге Елдес алжебір (алгебра), пішіндемелерде арабтың əрпі-
мен көрсетіп еді. Биыл латынша белгімен оқып едік. Елдес-
тің келіп тоқтаған жерінен бастап кеттік. Елдес былай:
(а+б)(а-б)
= (а-б) деп үйретсе, орыс (а + в) ( а - в ) = (а
- в) деп үйретті. Бұрынғы Елдес жолына жақсы түсінгендер
мынаған бөгелген жоқ. Расында бірінің бірінен айырмасы
тек белгісінде, оңға қарай жазуында. Одан басқа айырма-
сы жоқ. Біз Елдесшілемей-ақ қояйық. Пəн кітаптарындағы
белгілерді латын таңбасымен-ақ үйренейік. Сонда біз қандай
кемдік көреміз? Орыстарыңда жазу əрпі мен пəн кітабындағы
таңбалары екі басқа, одан олар не кемдік көреді, біз не кемдік
көреміз? – түк те кемшілік көрмейміз.
Бұлай болса, пəн кітабындағы белгілер латын таңбасы-
мен жазылады екендеп, жазу таңбамызды да латын əрпі-
мен жазбай-ақ қояйық, мұнымыз Өте еліктегіштік, өте жаңа-
шылдық болып кетер.
«Латын əрпі бір түзеліп алса, өзгермейді. Араб əрпі жыл-
дам өзгере береді» дейді. Бірақ латыншылдардың ауыздары
айтқанмен, сұлу қыздай сыланып, құмырсқадай бұралып,
жіптіктей болып тұрған латын əрпі жоқ.
273
Оның да құйрықтарын шолтитып, баста жазылатындарын
алып тастап, жыртығын жамап, кетігін жонып тегістеп ала-
мыз дейді. Сонда менің ойыма келетін сөз: «латыншылдар
жыртық жамап, кетік жонатын болса, осы күнгі қалың бұқара
қазаққа таныс, аз болса да, сол əріппен жазылып шыққан
кітаптарымыз бар. Осы күнгі əрпіміздің жыртығын жамап,
кетігін неге жонбайды екен?» деп ойлаймын. Тап осы жер-
ге келгенде, қалың бұқара, қара қазақпен есептеспегендік,
мен-мендік болады-ау деп білем. Қанша надан болғанымен
де, 15% хат танитынымыз бар ғой, бəлки одан да артығырақ
шығар. Латын əрпін алсақ, 0% болып қалмай ма? Біз бұрынғы
таныс əрпін Өзгертіп алғанмен, олардың өзін жазбаймыз ғой.
Олар мəдениет жүзінде кейін шегінбейді, аз да болса, ілгері
баспай ма? Əрине, ілгері басуына ешкім таласпайды. Латын
əрпін алғанда кейін шегінуіне де латыншылдар таласпайды.
Біз латын əрпін алғанда қай ретпен аламыз? Екі əріпті
қатар жүргізсек, латыншылдар зорлап жүрген «ірежім ыйка-
номіие» (режим экономия) деген сөздері болмайды, қайта
шығын екі есе артық кетуіне тиіс. Егерде бірден латын əрпін
ала қойсақ, қазақ атауының қағаз танитындарын қайта оқыту
керек, басылған кітаптарды өртеп жіберіп, латын əрпімен
қайта басу керек. Олай болмаса, латын əрпін алмаймыз. Ла-
тын əрпімен дұрыс жазып, дұрыс оқи білетін қазақ шамалы,
латыншылдардың да көбі білмейді. Олар басқаларды үйрету
үшін қысқа уақытты курс ашып өздері үйреніп алу керек.
Қысқасы, олай айтсақ та, латын əрпін алуда ешбір пайда
жоқ. Қазақ елінің мəдениетіне осы күнгі əрпіміз жақын. Осы
əріптің кем жерлерін түзеп, шаруаға үйлестіріп осы əріпті
іске асыруымыз керек. Мəдениетке жетуімізге əрпіміздің
латындікі болуы шарт емес.
Достарыңызбен бөлісу: |