311
Осыған қарағанда, қазақ тілінде өзгеру жағна қасиеті
мол, пайдасы артық. Егер жалғау, жұрнағымыз түбір сөзге
басқаша жалғанып кетсе, тіл заңына үлкен өзгеріс тууы
мүмкін.
Тіл заңының бұзылуы шексіз. «Жұрнақ» түбір сөздің
артынан келеді деп жоғарыда айттық. Сондықтан жұрнақ
түбір сөздің алдынан келсе, тіл заңының бұзылғандығы,
қопармалы тіл болып кеткендігі.
Жақын арада «Лениншіл жас» шазетінің бір санында
Жақан бір өлеңінде «Бейнамаз» деп қол қойыпты. Оның
дұрысы қазақшалағанда «намазсыз» деген сөз. «Бей» де-
ген парсыша. Ол қазақша «сыз» деген жұрнақ. Түбір сөздің
алдына «бей» болып қосылып айтылатын сөз қазақша көп
кез келеді. Мəселен: «бейбақ», «бейуақыт», «бейқам», «бей-
қабар» деген сияқты. Бұларды «бақытсыз», «уақытсыз»,
«қамсыз», «қабарсыз» десе, тым жақсы емес пе? Бұлай жа-
зып дағдылансақ, əрі қазақшылаған боламыз да, əрі тіл заңын
таза сақтаған боламыз.
Бұл сөздер қара халыққа сіңіп, төл сөзі сияқтанып кет-
кен сөз деушілер болар. Бірақ бұл онша көп айтылмайды.
Екінші, осы кездегі жазба əдебиетте аз айтылып, тозып келе
жатыр. Мұны баспасөз жүзінде сақ болып, «бей»-ді қазақша
«сыз» ұрнағына аударып, қадағалап отырсақ, жүре түзеліп,
жоғалып кетеді. Тек жазушылар сақ болса болғаны.
Мұнан басқа Сырдария қазақтарында сарттан (парсы-
дан) жұққан «не», «на» деген жұрнақтар бар. Мұны Сыр
елі түбір сөзге жалғап айқтанда, «надұрыс», «неқалай» деп
жұрнақты түбір сөздің алдына шығарып айтады. Бұ да «сыз»
жұрнағы.
Қазақшаласақ «дұрыссыз», «қолайсыз» деген болып шы-
ғады.
Қорытып келгенде айтарым: парсының «бей», «на», «не»
деген жұрнақтарын өзіне тастап, дəл келіп тұрған өзіміздің
«сыз» жұрнағымызды алып дағдылансақ тым жақсы емес
пе? Табылмаса онда амал жоқ қой.
Балқай
Достарыңызбен бөлісу: