Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет147/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   248
Байланысты:
zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte

ТЕРМИН ТУРАЛЫ
Мəдениет  жарысында  мешеу  болғанмен  тұрмысындағы 
бар ұғымдарға қарай қазақ тілі кедей емес. Əсіресе, жер түк-
терінің аттарына бай. Алтай елі қазақтан да бай болса керек, 
қазақтың Көкпек, Шилері Аурыпада қазақ айтқанша айтыл-
са тың емес.
Бірақ  қазақтың  тұрмысы  жабайы,  өндірушілігі  кем  бол-
ғандықтан ғылым тілінде басқа жұрт пен таласа алмауы сөз-
сіз, қазақтың əлеуметшілік ұғымдарында, кейінгі кездерде араб 
сөздері кіре бастаған еді. «Алла», «сайтан», «əлеумет», «қауым», 
«халық» сиақты сөздерді жүздеп санауға болады. Қазақ тілін 
тексергендеріміз бір талайын теріп көрсетіп де жүр.
Мұндай кірме тілдер қазақ тілінің заңына бағынып əуелгі 
түрімен шығып қазақтың тілі болып кеткені де анықталды.
Түрік  білімпаздарының  сиезінде,  түрік  елдері – ғылым 
тілін мұнан бұлай күн шығыс тілдерінен алмай, өзінде жоқ 
болса, Аурыпада сөйленіп жүрген сөздерді алсын деген қау-
лы шығарылды.
Бұл қаулының Қазағыстанғада тиімі бар қаулы. Тұрмыс-
тың түрлі сатысы тілді өзгертіп түрлі тіл тұуғызып отырмақ. 
Өндіру  (пыроизбодыстыба)  жұмыстарында  адам  баласы 
қанша ілгерілесе, жаңа ұғымға кез келіп жаңа сөз шығармақ. 
Ой артып тіл ұстармақ.
Қазақ елі іреболүтсійеге араласқаннан кейін іреболүтсій-
енің ұғымдары мен тұудырған сөздері қазақ елінеде сіңісіп 
келеді. Неше түрлі ғылым сөздерін де алу керек. Іреболүтсійемен 
кірген  сөздерді  қазақша  таржыма  қылу  керек  пе?  Боржо-
уаны – бай,  пролетарыйатты – кедей,  іреболүтсійені – 
төңкеріс, коменесті – ортақшыл, ентірнатсыйаналды – бійба-
уырмалдық  кіласты – тап  деп  алып,  сол  сиақты  сөздердің 
бəрінеде қазақша жанасады-ау деген сөзді апарып жапсыра 
беремізбе? Жоқ сол сөздерді өз қалпында қоямызба?
Өз  қалпынша  алсақ  қанша  теріс  болар  еді.  Үйткені  бай 
ұғымы мен бұржұуа ұғымы бір емес, əрқайсысы əр заманда, 
əлеумет жұмысындағы құбылыстарға тариқтың қойған аты, 
бай сөзі аңшылық дəуірінен бастап, көшпелі дəуірде, пеуе-
дализм  дəуірінде,  капитал  дəуірінде  табылса,  бұржуа  сөзі 
пеуедализим дəуірінен кіреді. Қалалық тұрмыс əшекейленіп 
сауда капиталы əбден қызған кезде жарыққа шыққан сөз.
Пыролитариат ұғымы да сол сиақты. Дəл кедейге тұура 
келмейді.  Пыроизбодстбаның  (өндіру)  белгілі  түрге  көшіп 
ірі  кесіп  өркендеп  қара  шаруаның  ұтылған  дəуірінен  бері 
қарай пайда болады. Пролитараит атаулы кедей болған мен 
кедей атауы пролитариат болмайды.
Іреболүтсійе мен төңкеріс сөздері де сондай. Бір нəрсені 
аударып  төңкеріп  тастаған  кісінің  бəрі  төңкерісшіл  бола-
ма?  Тостағанды  төңкере  қойған  кісі  де  төңкерісшіл  дейміз 
ба?  Іреболүтсійенің  мағынасы  зор.  Зор  балса  өз  қалпында 
тұрсын.  Капитализм  тұрмысын  бұзып,  оның  орнына  кому-
нійзм  жасауды  іреболүтсійе  деп  атайды.  Бірден  аударып 
төңкеруімізден бұл басқарақ.


378
379
Бірін  апарып  біріне  шатастырудың  түк  мажылығы  жоқ. 
Көменес пен ортақшылдық да солай (Кейінгі кезде көменес 
деген сөз өзі қолданылып келеді).
Адам баласын тұуыстыру, тең қылу мағынасындағы ен-
тернатсианалды би бауырмалдық десек, қызық болып шығар 
еді.  Би  бауырмал  деген  сөз  адамшылдық  тың  не  екенін 
білмейтұн айуан деген сөз. Кілас пен тап да сондай.
Тап «***» деген араб сөзінен кірген сөз. **** – арабша 
ұру. Қазақтың да тап дегені ұруға жақын. Пыроизбодысты-
ба (өндіру) ұғымы мен қойылған ат емес қол өнері мен кон 
коренұндерді етікші, үйші, темірші… деп айтады. Тап деген 
сөзді нағыз кіласқа тұура келтіруге болмайды. Тап тартысын 
күшейту керек деген сөзді рұу тартысын күшейту керек деп 
түсінетіндер де болуы мүмкін. Осы айтылған сөздерді аурып 
бірінен бірі алғанда сол қалпы мен аудармай алады.
Пыроизбодыстыбасы бізден көп артық, тұрмысы Аурыпа-
ға жақын орыс жұрты да сол күйімен алып отыр.
Орыстар  бай,  кедей,  төңкеріс,  ортақшыл,  би  бауырмал 
деген сөздерді таба алмай алып отырған жоқ. Бұл сөздердің 
ұғымын  толық  айтып  беретүн  сөздері  болмаған  соң  айтып 
отыр. Тұрмыстың əр сатысының əр түрлі ұғымы құбылысы 
бар, соған қарай сөз де болады. Шаруа көтеріліп, произбоды-
стыба артса тіл де ұстарып байыйды. Əзірге намыстанбай ақ 
іреболұтсиенің ұлы сөздерін өз қалпында алсақ қайтер еді.
Ақымет ұлы Ілиас
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет