Орысша
Қазақша
Мағылшасы
вал (стена)
қырым
херим крым
князь
пайыс
бейсы
красное
ұлан
улан
белый
шаңқан
цоган
большая вода
дар
дар
холм
толағай
талогой
солнце и луна
мəре-сəре
нара-сара
Мағыл түрік тілдері тұқымдас екендігі, кейбір сөздердің
ортақ екендігі белгілі. Сондықтан мынау мағылша сөздер
біздің іздеген түпкі мағналарымызды тауып беруге жа-
рай ма? Арғын, найман, қоңырат, жалайырдың мағылдан
шыққаны анық болса, осылардан тараған сөздер болмай ма?
Қазақша
Орысша
Азарбайжанша
Түрікше
бағы
самозванец
бағы
сүмбіл
колос
сінбіл
мұнтаз
отличный
мұнтаз
шоқ-шоқ
много-много
чоқ-чоқ
Бұлай шендестіру дұрыс па? Бұрыс па?
Енгезер, кере, мама, жұр, көксіл, күпті деген сөздердің
түпкі мағанасын білетіндер бар ма? Бұдан бұлай осындай
сөздер баспа бетіне түсіп отырса қалай болады?
Қошке
АТАУ ТУРАЛЫ
(«Еңбекші қазақ»-тың 121-інші санындағы
«термен тұуралы» деген мақала тұурасында)
Түрік білімпаздарының қаулысы дұрыс. Мəдениеті кем ел-
ден бір, мəдениеті зор елден екі алып, бір ұғымға неше түрлі
ат қойып былықтырғанан «тіл байытам» деген қимылдан
басқа түсетұн пайда жоқ. Əзірге тіл байытпайақ, мəдениеті
үлкен елдерден «атаулар» қарызданып ақ тыныш отырған
жөн. Ондай ел, əрине Аурыпа елдері.
Түрік білімпаздары қаулысын еш бір елге үлкен болады
деген емес. Олай болудың қисыны да жоқ. Ол қаулысы ғам
ағайыншылық айтқан ақылы түрік қалқының əр қарамының
тіл айырмалары не дəуір болады. Бəріне бірдей тіл заңын
жазу болмайтұн жұмыс. Мəселен: қазақ пен əзірбайжанды,
арды тер сөйлетемін деген қолдан келмейтұн жұмыс қой!
Олай деген менде, ол қаулы ескерусіз қалатұн іс емес,
ескеретұн нəрсе. Бірақ, қазақ тіліне жат тілден атау сіңіріп
алудың реті өз алдына бөлекшерек жұмыс. Қазақ тіліне
бұдан былай ғана, не болмаса, кеше мен бүгін ғана жат ел-
ден атау кіріп отырған жоқ. Бұл, заман-заманнан бергі келе
жатқан ағынды іс. Бұл іске, тұрмысқа мұрындық болатұн,
орысша жете оқыған біздер шорқақ болсақтағы, асқар тау,
кең даланың қалың қазағына осы күнгі ноқта ағасы болып
отырған, Қаратжан қойшы қожайын аса жетік, біз, əншейін,
тұрмыс шіркіннің жүрісіне жете алмайсын деп байдың жо-
лын бөгеп, аузы-мұрнын баспамен тыққыштап «ананы алай»,
«мынаны былай» деп асығып, аптығып есін шығарып жүрміз.
Болмаса, қашаннан бері басқа тілдің атаулары қора-қорасы
мен айдап қазақтың қара қазанына қайнатып, өзінің қол ту-
масындай қылып сіңіріп қазақ тілін басқаға жем қылмай өз
беті мен сақтап келген солар болатұн егерде солардың жолы
ескерусіз қалса не тілден айырыламыз, не тілді оңбағандай
қылып шұбарлап бұзамыз; нені мазмұндасадағы сөзі үркердей
ғана оқығандарға түсінікті болып, жалпы елдің тісіне қатаң
тисе, ондай баспа сөз жұртқа жайылмайды. Сөйлемі олақ
жүйерленіп, сөзі түсініксіз басылған кітап болсын, гəзет-
журнал болсын қол сүртуден басқаға жарамайды.
Басқа тілден сөз қарыздануды мен де жақсы көремін
алғанда үйір-үйірі мен, қора-қорасы мен топырлатып айдап
алудан да қашпаймын. «Бірақ, қазанды сəл ғана қозғаңқырап,
ескілі, жаңалы бар жолдың сорабынан шықпайық. Алған
сөздің ұғымына дұрыс келетұн қазақ тілінде өз сөзіміз болып
жүрмесін жанада ол сөздер қазақ тіліне оңай сіңіп кететұн
болсын. Бұл тұуралы қазағыстан мемлекет білім кеңесінің
384
385
белгілі жол-жобасы бар. Ол жол-жобада ежелгі тіл заңының,
аржағынан да тексере қаралған. Ол жолды басқа қазақтың да
есінен шығармағаны жөн.
Білгішсініп бет-бетіміз бен жорта заң шығарғанша, білге-
німізді ұсыныс ретінде бір құймаға төгіп, бір дүкеннен іс
шығарған дұрыс болады. Білім кеңесі жаңылмайды емес,
жаңылады тұрмыс жүзіндегі ағымда үйлеспеген жерлері
де толып жатыр. Солай болсада елең қылмай шапқылай
жөнелгеннің орны келіңкіремейді.
Белгілі бір ұғымға біздің тілде дұрыс сөз болған менде,
«бұл ұғым жат тілде мынандай сөзбен айтылушы еді. Дəл сол
сөздің тұууына шарт-себебі сай болмағандықтан өз сөзімізді
қалдырып басқа тілдің сөзін қолданамыз» деген пікірге
қол қоюға болмайды. Егерде сол мақаладағы сөздердің бір
азын алсақ, онда «пролетариат», «боржой», «іреболосыйе»,
«тап» жана басқа сөздер бар, бізге осылар ақ жетеді. Рүм
заманындағы латын тілінде панасыз жалаң аяқтарды «про-
летариат» деген. Кейінгі замандарда өндіріс құуаты ұлғайып
пабірік-зауыт шыққан соң жалаң аяқтар іске жарап жұмыскер
болды. Маркстың айтуынша адам баласын қоғамшылыққа
(сотсыйалыйзм) пролетариат жеткізеді деді, онысы – зауыт-
пабіріктегі өндіріс қызметіндегі жұмыскерлер.
Бор жой дегені – қалалық деген пұург (прансозша – бұрж
дейді) қорған, қала деген сөз. Қалалық болғанда қаланың
жалпы жұрты емес, қаланың шаруа-саясатына қожа бо-
лып отырғандарды ғана айтатұн. Олары саудегерлер, сауда
малының өсімнің (торг) капиталь иелері еді. Əлгі аталған
көсемнің айтуынша бұл тап саясатқа қожа болған соң адам
баласын кейін тартады, қоғамшылық жолындағы сыпырып
тастайтұн ылас бұзатұн бөгет бұларды сыпыратұн, бұзатұн
пролетариат болады деді.
Осы сөздер əлі де ырас болып келеді. Əлеуметтің түрлі
қыртыстары осы 50 тап жаққа қарай жиырылады. Екеуі əлі
де алысуда.
Ал енді, қазақ жұртын қоғамшылыққа апаратұн қазақтың
кедейі болып тұр. Осы күні қазақ жұртында бай мен кедей ғана
тартысып отыр. Кеңес үкіметі өзінің қоғамшылыққа жөне-
ген жолында қазақтың кедейі пролетариат орнына қосшылық-
қа алып отыр. Байлар бұл жолда сыпырып тасталатұн сы-
пырынды болып отыр. Ұғым осындай тіреуге келіп тіреліп
отырғанда-қазақтың байы-боржойы, кедейін пролетариат
демегенде не дейміз? ұғым бір, мақсат бір ғой!
Болмаса, сөздің тариқтағы шығу ретіне қарай дұрыстай-
мыз деп қазақ даласына қорған салып, сауда малын дəуір-
летіп, мүлік иелерін көгертіп өркендетемізбе? Оны қылуды
тұрмыс ағымы көтермес қоғамшылыққа қазақ жұрты орыс
жұртынан, ондай бұрыстыққа қайырылмай ақ ілеседі.
«Ұру» тұрғанда əріптің «танфе» сін тексеріп, ұруды
тап пен қарастыратұн қазақ табылмайды. Ел қазағы сөздің
қай ұғымдысын, қазақ тіліне үйлесімдісін, айтуға жеңілін
қолданады. Инемен құдық қазғандай сөздің шың түбін
тексеріп, ми ашытатұн қазақ жоқ. Оны қылса еріккен латын-
шылар мен арабшылар қылады. Егер əліппе өзгере қойса,
«қафе» ні ескеретұн жанды дəріге таба алмассын.
Соны мен сөздің құртын қоздырам деп əуре болғанша,
қазақтың бар сөзін қолайлы жерінде қолдана беру керек, бұл
бір.
Енді сөз басқарманың қортындысында (бұда мақала иесі-
нің есіне) басқарма қазақ тілінің құбылыс заңын, жүйесін
бірнеше жалғам, жұрнақтар тұурасынан да жана басқа тілден
сөз аударады ежелгі жол мен білім кеңесінің пікірін ескерем
деп ауреленбеген көрінеді.
Қазақ тілінде «ц» деген дыбыс жоқ. Бұл дыбысты ел қазағы
бұрыннан бері «шы» не «с» деп айтады. «тс» демейді.
(Шеркеу – церков, серік – цирк) қазақ елі бұрыннан бері
жат тілдері жат тілден сөз ауысса, оларды иесі танымайтұн
қылып өзгертіп жіберетұн, оларды қораға ылағып келген мал-
ды сіңірейін дегенде жал-құйрығын отап, жүн-жабағысын
қырқып күзегендей қылатұн. Мұндай пікір білім кеңесіне
де жат емес білім кеңесінің пікірінше тілдердің: ия, ие, иан,
ионай, деген жұрнақ-жалғауларын отап тастап сөздің кілең
түбірін ғана алғанды дұрыс дейді. Сөздің шынында бұл
пікір даусыз дұрыс пікір. Ол жалғаудың керегі де жоқ. Ел
қазағының тілі де келмейді. Орыстың «бұумага» дегенін –
386
387
бəмага деп жүрген қырдағы қожайындардың тілі келмейді.
Егер: «ентірнəсіл», «ребліс, (төңкерісті өзгертудің қажеті де
жоқ) дегенде онда аузыма құм құйылғандай болар едім.
Күн батыс елдерінің жалпы мəдениеті білімі бұрынғы ескі
елдерден Грек, Рум жұртына көшіп, олардан соң араб еліне
ауған. Кейініректе, дін соғыстарыннан кейін ол мəдениет,
өнер-білімдер арабтан Аурыпа (Жейріп) еліне көшкен. Сол
ескі мəдениет иесі – латын жұртында сотсиене, коммұуне
деген екі сөз бір еді. Бұл екі сөзде соңғы төңкеріс атаула-
рында үлкен орын алып отыр: ұғымдары əуелгі ұғым мен
байланысты, айырмасы өндіріс заты мен пайдалануда ғана.
Бұл екі сөздің орысша ұғымы общика, обществ деген сөздер.
Қазақша: қоғам, қауым деген сөздер, екеуі араб сөзі болған
мен қазақтың қол тұумасы болып кеткен. Бұл екі атаудың
латыннан араб тіліне аударылған аударылмағанын араб-
шылар айта берер. Аурыпа елдерінің жалпақ тілінің кедей
екенін, не оқымыстылар өрескел латыншыл болып кеткенін
бұжолы тексермей ақ, менің ойымша - қазақ тіліне ежелден
бергі бауыр басып сіңіп кеткен атауларды сыртқа теуіп та-
стамай: «каммунизм» ды «қауымшылық», «сотсиализм» ды
«қоғамшылық» деу керек. Жоқ болса ылажысыз еді. Бар бо-
ла тұрғанда сонда ұмытылғанымыздың түк жөні жоқ.
Түпте
Достарыңызбен бөлісу: |