376
377
орыс та (мазмұнын түсінсе) орысшаға аудара алады, орысша
сөздің ішінде иненің жасуындай кəте болсада көрінгіш бо-
лады. Əрі орысшаға аудару қазақшаға аударудан көп жеңіл.
Үйткені орысшаның кеңсе тілі - əбден бір ізге құйылған, неше
сыннан өткен тіл. Қазақшадан орысшаны сыпайы көретұн
қазақ азаматтарымыздың көбі орысшаны жақсы біледі. О бас-
та қазақша жазылған сөз кəдімгі қазақша болады. Мəселен
газет басқармасына күніге əлде неше қат келеді. Оның көбі
ауылдағы шала сауаттылардан келеді; соларды оқып отырсаң
жазуы қанша нашар болсада, імла кəтесі болсада, сөзін иə
ұзайтып, иə қысқартып жіберсе де, таза қазақша сөз болады;
түсінугеде болады, олардың қасында қаладағы-кеңседегілер
оқымысты ғой. Сөз аяғында айтатұным: кеңседегі жазу-сызу
əуелі қазақша жазылсын. Керек болса, қазақшадан орысшаға
аударылсын. Солай етсек бұл аткөмдер түсініксіз қағазға тап
болып желкесін қасып отырмайды. Жанада қазақша біліп,
орысша білмейтұндерде кеңседе қызмет етуге болады.
Кеңсенің ісін дұрыс қазақылау сонда ғана болады.
Жиен- ғали
Достарыңызбен бөлісу: