380
381
əдебиетін жинаумен қалқын аса сауатты қылуға жол ізденіп
жатыр. Қарақалпақтың тілін түзеуші тілі мен таныс емес,
дейді. Кəзіргі қазақтың тіл маманы Ақымет Байтұрсын ұлын
да баста тіл мен таныстығы аз дегендер болған шығар бір
тілді жаңа түзеуші бастапқы кезде тіл мен таныстығы аздай
көрінетұн оны таныстығы жоқ деп тоқтату, күлу үлкен зиан.
Тəжірибе жасала барып жол алып кетпек. Сондықтан əр бір
тіл түзеуге жаңа кіріскен адамды қорламай көмек беру керек.
Қарақалпақтардың газетін шұбар тілмен жазуға зорлаға-
нын айтады, шұбар ала қарақалпақтар арасында ауыр сөз.
Жолдасымыздың шұбар ат бергені қарақалпақтарды таң
қалдырды. Шұбар қатысты дегені шығар. Жалпы түрік ті-
лінде қатыссыз тіл жоқ қатыссыз деген қазақ тілінде де
толып жатыр. «уада», «кітап», «қалам» деген арабтың сөз-
дерін тастай алмай отыр ғой, тазадан тіл табу оңай емес.
Шұбар деп қашсақ шұбарлығы арта барып тіл жоғалып кет-
пек. Қарақалпақтың тілін шұбар деп газет шығармасақ не
болмақшы? өзінің тілі қолданылмаса жазылған нəрселердің
пайдасыздығы анық.
Сондықтан шұбар тіл мен жазуға зорлайды, дегеннің қа-
тесін аңдап қайтып алуға тиісті.
Қара қалпақтың кəзіргі тілі ел əдебиетін сақтап, артынан
із қалдыра алмайды,- дегендей қылады.
Мұндай сөздер – Езілген қарақалпақтың көкірегіне дерт
болмақшы. Бұл сөз біріншіден көзсіздік болса, екіншіден
қорлау болып танылуы мүмкін.
Менің – Сəрсенбі ұлына беретұн кеңесім: Қарақалпақтың
тілін із қалдырмайды дегенше, кішкене қазақ тілінің та-
рықына жақсылап қарау керек еді. Сəрсенбі ұлының мақа-
ласын анық тексергенде қарақалпақтың тілі қазақтан бас-
қа болғанына өкпелегендік көрінеді. Кемшілікті айтып
қайғырып жазды деуге болмайды. Неге десең мақаласын
өсек пен бітіреді. Қалыққада негіз берерлік емес. Үйткені
бір бұтақтан бір бұтаққа қонады егерде талқыға салу-
ды қаласа, екінші бір жол алмаса болмайды. Талқы үшін
қарақалпақтың ана тілі, жыр, нақылынан азырақ жазылса,
оның кім екені, кімге жақындығы өзінен өзі білінеді. Бұл
тұуралы білім кеңес ордасының жауабына қанағаттандық.
Ол қарақалпақтың тілінің тексерілмегенін ашық айтқан із
қалдырама жоқ па? Айтпаған.
Сəрсенбі ұлы тексерген болса із қалдыра алмастығын
толық ыспаттауы керек еді.
Əуез ұлы Қасым
Достарыңызбен бөлісу: