530
531
ана тіліне аударып отырады. Онан адам жат тілде сөйлеп
үйрене алмайды. Жат сөзге, тілге түсінседе айта алмайды.
Жаңа əдіс бірден сөйлету жағына, ел тілі мен ауызданды-
рып, дағдыландыруға тырысады.
6. Екі əдістің кітап оқытуы да екі басқа. Ескі əдіс қалай
болса, солай кітап оқыта береді; əуелі дауыстатып балаларға
оқыттырады. Түсінбеген сөзін ана тіліне аударып отырады.
Дұрыс айтпаған жерін түзеп отырады.
Жаңа əдіс мұның керісінше оқытады: оқушы түсінетін,
дұрыс айта алатын сөздерді оқытылады. Жаңа сөз бен сөй-
лемдерді əуелі оқытушының өзі оқып береді. Оқушыға
дұрыс айтылмаған сөз естірмейді; түсінбеген сөзін ана тіліне
аудармай, жат тіл бен түсіндіреді; иə нерсенің өзін болма-
са суретін көрсетеді. Сөйлемнің, мақаланың бүтін идеиесін
түсіндіруге, сөздердің, сөйлемдердің арасындағы байламда-
рын түсіндіруге тырысады.
Бұл күнде ұластыру əдісі қалып барады. Сондықтан ке-
лер санда тек жаңа əдіс негізін толығырақ түсіндіреміз.
Телжан
Достарыңызбен бөлісу: