Оқу, білім – жанған шырақ, ойласаң.
Үйренерсің, іздеп көрсең, қоймасаң.
Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал!
Пайда аларсың, қау жанарсын, тоймасаң.
Мұның бəрі əрине жаңа əліппе мен жазылады.
Бұл бір ауыз өлеңде, есмептесеңіз, барлық 29 əріп түгелге
жақын (Бұл өлеңді жазушы екі ауыз өлеңге барлық ашық бу-
ынды кіргізіп, соны қат танытуға материал қылмақшы боп,
талай күн əуре боп көрді, əлде бір ойшы тапса, ғажап емес).
1
Бұл мақала өткен жыл жазылғандықтан, кей жерлері жаңа əліппеге
үйлестірілмей кетіп отыр. Ж.
* * *
Жоғарыда əр жұмаға, əр күнге арнап көрсетілген сөздер,
сөйлемдер əр жердің жағдайына балалардың мүддесіне жа-
наспауға мүмкін. Күндік сабақ ауыр болуға мүмкін. Бұл əлі
тəжірибе мен сыналған жоқ. Материалды мектеп өміріне жа-
настыру – əр тəжірибе мен сыналған жоқ. Материалды мек-
теп өміріне жанастыру – əр мұғалімнің міндеті, біз тек құрғақ
үгқттен аулақ боп, қолға ұстағандай құрал тауып беруге, мы-
сал үшін, сөз, сөйлем көрсетіп отырмыз. Мақсұтымыз: жаңа
əдісті түсіндіріп, пайдасын айтып, қолдан келгенше, жардем
ету. Бұл əдіс əлі түрленер, мінелер, сыналар, көп тəжірибені
көрер; бұдан да қолайлы жолдар табылар. Қалайда дыбыс
əдісінен бұл ана құрым пайдалы болар деген, үміттен сау
емеспіз.
Бірақ қат таныту оңайлану үшін əдіс пен бірге əріп те, емле
де оңай болу шарт. Əріп мəселесі талқыланып тоқтағандай
болды: оны сөз қылмайық. Емле туралы қамтамалы сөздер
көп. Ол өз кезегі мен шешіле жатар.
«Сөз – буын» əдісі мен оқытқанда, əріптер мен таныстыр-
маймыз ба оларды атамаймыз ба? Мəселен, «пəлен əріпті тас-
тап кеттің», «немене қалып қойды?» дегенде, əріпті недеп
атауымыз керек? Буын əріптерде құралмайма? əріптер бөлек
тұрмайма? деген сұраулар тұрады.
Бұған берілетін жауап:
Алғашқы кезде əріптерді «а», «be» деп ататпай, түріне
қарап, ұқсас нəрсенің аты мен атату керек. Əріптерді түгел
үйреніп, оқуға əбден төселген кезде, қат таныған кезде «be»
де, мейлің «bь» де мейлің «ьb» де мейлің ататқыза бер. Онда
кап жоқ.
Барлық əріпке қандай ұйқас нəрселер табамыз? Деп, дағ-
дарушыларға соңғы жобаны ұсынамыз (дағдармайтындар
өздері де ойлап тауып алады):
Құрсау, дөңгелек –
о
Оң құрық
–
p
Теріс құрық
– q
Жылан –
s
500
Кіреш –
t
Ергенек
–
u
Кісен тіл
–
v
Сұлулық
–
z
Қол ағаш
–
ь
Орындық
–
n
Айыр –
y
Бақан ауыз
1
– r
Қоржын
–
ө
Ілгекті ай
–
з
Қазықты босаға –
η
Мес қарын
– a
Қос өкше
–
в
Жарты ай
–
c
Қылыш сап
– d
Оң қармақ
– e
Теріс қармақ –
ə
Маймыл
–
g
Бос мойын
– q
Таяқ –
l
Түртпе таяқ
– і
Қармақ, закүн таяқ – j
Жарты қоңыз –
k
Тырнауыш
– m
Босаға –
n
Бұдан да қолайлы нəрселерге ұйқастыруға болар: əзір осы
мен де қанағат етуге болады, қолайлы ат табушылар бас-
па сөзге жазар.
Қат танытуға деректер
(Материалдар)
Жоғарыда көрсетілген сөздер, сөйлемдер қиын соқса,
тұрмысқа жанаспаса мұғалім жаңа сөзді қайдан табам деп сас-
пасын, қолын қусырып отырмасын, жаңа сөздің қордасын
көрсетіп берейік.
1
Бұл «r»дың жазбасы орыстың «Р» əрпі тəрізді.
1. Бұйрықтар: мұғалім күндегі жұмыста көбіне балаға
бұйрық қып отырады: «оқы, жаз, тап, түрегел, тақтайға кел,
орныңа бар, тыныш отыр, тыңда, жина, сана солай қой…» –
дегендей…
2. Кіластағы нəрселер: қалам, қағаз, парта, тақтай, бор,
дəптер, ормал, шұперек, орындық, етік, тымақ, шапан, бəкі…
3. Балалардың аты. Мұғалім қат танытудан бұрын
балаларының атын қарап, оңай аттарын кіргізіп отырған
жөн. Қай мекткептің баласы қалай аталатынын шамалау
қиын болғандықтан, бала аттарын көп көрсете алмадық
(жалғыз «Ажыбай» болмаса). Бала өз атын жазуға құмар
болады. Ескіше оқытқанда алды мен кісі атын жазғызатын.
Дұрыс, күнде жаңа буын үйретсі мен мұғалім: бүгін кімнің
атын жазуға болар екен? – деп отыру керек. Баймағамбет,
Абдісейқт, Рақыман құл, Əбдіқасым… сияқты ұзын аттар-
ды қысқартып, Баят, Əбен, Рақыш, Əбкен… деп алу керек.
Баланың үй іші, ауылы да ұзын атты қысқартып алады. Ыбы-
райымды Абай, Садуақасты Саду дегендей.
4. Үй іші адамдар. Ата, апа, əке, көке, тəте, əже, аға, шеше…
5. Одағай сөздер: а, е, о, ой, ай, мə, тек, уа бəле…
6. Айуандар дыбысы: мө, мə, ыр-р, ыз-з, бө, ауқау, көс….
7. Тазалық тəртіп ұрандары: үйді шала қылма, партаға
кеудеңді тіреме, шулама, кезек сөйле, малды қинама….
8. Ай күн аттары: қараша, қаңтар, отамалы, шілде.. окта-
быр, жұма…
9. Айуандар, өсімдіктер: қой, қозы, бота, серке, бұқа…
шөже (тауық балапаны), қоян, қарға, торғай, бөдене, көде,
бетеге, миа, қақы, селеу, долана, қарағай, шие, алша…
10. Балалардың ойын аттары: доп, соқыр теке, айгелек…
Мұның бəрі тек мысал үшін. Керекті сөзді, əрине, мұғалім
өзі тауып алу керек. Тіпті таба алмайтындар əуре болмасын
деп, дерек көрсетіп қойдық. Ең болмаса, соларды пайдала-
нып көру керек.
Қат таныту жолдарын əзірше осы мен доғарып, енді ана
тілін оқытудың өзге жағын сөз қылайық.
Аймауыт ұлы
502
503
Достарыңызбен бөлісу: |