544
545
7. Бұл əдістің қазақ мектебіне қолайлы-қолайсыз жақта-
ры. Дыбыс əдісіне басқа əдістер мен оқытқанда материал-
дарды қайдан алу, ол материалдарды комплекс тақырыптары
мен қалай үйлестіру, қат танытқанда көрнекі құралдарды
қалай пайдалану.
2. Тіл ұстарту.
1) Əңгімелесу сабақтары. Əңгіменің мақсаттары əңгіменің
материалдары мен түрлері қандай болу керек.
2) Сұраулар қандай болу керек, балалардың жауабын
қалай сынап, қалай пайдалану керек.
3) Əңгіме құру (сөйлеп беру, сөйлету). Балалардың əңгі-
месі, мұғалімнің əңгімесі.
4) Əңгіменің іргелі кезеңдерін байқату; ол кезеңдеріне
балалардың ынтасын аудару.
3. Оқу, (кітап оқу)
1) Əр бір оқылатын нəрсенің (əңгіме, мақала, өлең ертегі)
мақсаты.
2) Оқылатын əңгімелердің материалын көмплекс пен үй-
лестіру.
3) Əңгіме оқытудың түрлері, жоспарлары, бөлімдерін
тақырыптау, қортынды шығару.
4) Кіласта (мектепте) оқу, үйде оқу, бұларға қойылатын
шарттар.
5) Əңгіменің қайраткерлері атынан сөйлеттіру, айтыстыру.
6) Өлең, тақпақ жаттату, қандай өлең, тақпақ таңдау, қа-
лай жаттату.
7) Шебер сөйлеуге (деклемес) төселдіру.
4. Жазу емле.
1) Жазу жұмыстарының материалы қандай болу: сабақтың
бақылаған нəрсенің, серуеннің, əңгіменің, түйіндерін жазды-
ру, күнделік жүргізу, шақыру, жарнама, мəжіліс қат, сəлем
қат, баяндама, ұран, пылакат.
2) Жазудың түрлері: қотарма, жат жазу, жұмбақтата жазу
(задаш) бұл түрлердің жақсы, жаман жерлері: əр түріне
қойылатын шарттар.
3) Бірігіп ойдан жазу, жеке ой жазу.
4) Ой жазу материалдары, тақырыптары əр жылда қандай
болу.
5) Балалардың жазғанын түзету жолдары.
5. Тіл заңдарын бақылау
1) Тілді бақылағанда қандай материалдар алу.
2) Бақылау жолдары: салыстыру, жіктеу, іріктеу, астын
сызу, тастап кеткен əріптерді, буындарды, сөздерді ойлап
табу, сөйлем жасау. Жұмбақтардан (задаш), зерттелген
жұмыстардан қортынды (ереже) шығарту, желі (схема), пы-
лан жасату.
3) Дыбыстары жіктеу (дауысты, дауыссыз; жуан дауыс-
ты, жіңішке дауысты, ұяң, қатаң, ымыралы, ымырасыз ды-
быстар, қ, ғ-лардың дəйім жуан естілуі, г, к-лердің жіңішке
естілуі. Олардан кейін қандай дауыстылар жазылатындығы,
ол əріптердің бірінің орнына бірі жүретіндігі. Түбір сөз, ту-
ынды сөздер, жұрнақтардың сөз мəнісін өзгертуі, жалғау,
жұрнақтардың бірге жазылуы.
Жалпылағыш, жалқылағыш сөздердің, қосымша қосалқы,
жалғаулықтардың қалай жазылуы. Сөз таптары мен, сөйлем
мүшелері мен таныстыру.
Пайдаланатын материалдар.
1) Жаңа мектеп жорналы: 1925-жылғы, 2-нші саны.
1928- жылғы 4, 5-сандары.
1929- жылғы 2, 3- сандары.
Достарыңызбен бөлісу: