Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет200/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   248
Байланысты:
zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte

АНА ТІЛІ ПЫРАҒЫРАМЫ
І жыл
Баланың  қолын  қарындаш,  қағаз  ұстауға  дағдыландыра 
бастау.  Ою,  сызыққа  жаттықтыру.  Еркінше  сүгірет  салуға 
үйрете  бастау.  Сөйлемді  сөзге,  сөзді  буынға  жіктеу.  Бала-
ларды  ауыз  бен  сөйлетіп,  əңгімелесіп  дағдыландыра  беру. 


546
547
Оқыған нəрселерінің маделін, сүгіретін салғыза бару, дыбыс 
пен танысу.
Əліппе мен танысу. Қысқа сөйлемдерді, сөздерді тақтадан 
көшіре білу. Оқыған, айырған нəрселерінің сүгіреті астына 
атын жаза білу. Оқығанын, алған əсерін қысқаша айта білу. 
Қысқа өлеңдерді жаттау. Жəндіктердің, адамның, өсімдіктің 
аттарын  жаза  білу.  Жаратылыс  календерін,  балалар  тізімін 
жасай білу.
Дауысты, дауыссыз, қатаң-ұяң дыбыстар мен танысу. Ұу, 
үу жазуларын білу. К, қ, п-ның г, ғ, б-ға айналуы, тасымал, 
бірігіп əңгіме жаза білу.
Асықпай жайлап, кəтесіз оқи білу.
ІІ жыл
Ойын  қысқаша  айтып,  түсіндіре  білу.  Балалар  жиылы-
сында ойын айтып қорыта білу. Оқығанын, алған əсерін өз 
еркінше айта білу.
Ойлағанын қысқаша сөйлем мен жаза білу. Қысқа пырта-
кол, қол қат, сенім қат жаза білу. Базарға айдаған малға қағаз 
жазып бере алу.
Газет  басын,  нөмірін,  жылын  айыру.  Бөлімдерін  білу. 
Қысқа қабарларды түсініп оқу. Бірігіп газетке қысқа қабар 
жазып дағдылану. Оқығанына қысқа жоспар жасау. Сөзінің 
қысқа желісін тарту. Газетте керек қабарларды қиып жина-
туға, əдіріс жазуға дағдылану. Күн-бақпа, календер жасай алу. 
Мазмұнына  қарай  кішкене  кітапшалар  ішіндегі  мақалалар-
ды табу.
Жалқылағыш, жалпылауыш сөздер емлесін білу. Шырай-
лар, «ғана», «қой» тағы сол сияқты басқа жазылатын бөлімше-
лер емлесін білу. Сызықша мен жазылатын бөлімшелер ем-
лесін білу. «Сың» дар емлесін білу.
Пыратакол жүргізе білу.
Бірінші жылда есеп сабағы
Он ішінде ілгері кейін санау,  5, 4, 3, 2-ден топтап есептеу 10-
ға дейін сипырлар жазу, = + - белгілерін қолдану,10 ішіндегі 
сандарға  қосу  алу  амалдары  жүргізу.  Бір  екі  амал  кіргізіп 
есеп шығару. Метір кілогырам мен танысу. 20 ішіндегі сан-
дар мен танысу. XІІ ге дейінгі Үрім сипырларын оқи жаза 
білу. Сағат бетіндегі сипырларды айыру. Жеңіл диагырамдар 
салу. Бір жұма ішіндегі күн саны, аттары, балалардың ойы-
нан мал шаруасынан есеп шығару. Есеп шот қағып үйрену. 
100 ге дейінгі дөңгелек орындықтарды ауыз екі айтқызу, оқу, 
қосу амалдарын жүргізу. Сентиметір мүйнет. Ай, күн есебі, 
(жүзден əрі кетпей) 1/2, 1/4, 1/8 сияқты бөлшектер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет