611
бір нұсқасы да қалған жоқ. Жұуырда тағы басылып шығып,
күзгі оқу басына шейін гүпірмеге барады. Міржақыптың І,
ІІ «Есеп құралы»-ның бұрынғысы бұл күнде оқытуға жара-
майды, 1925-жыл басында Міржақып жаңа оқыту жолы мен,
жаңа імламен сүгіреттеп І, ІІжылдық «Есеп құралын» жа-
зып шығарды. Олар 1925-жыл пебрал айында басылып бо-
лып, жер-жерге жіберілді. Бұл күнде оны да қайта бастырып
жатырмыз. 1926-жылы ғынуар ішінде Ақымет пен Телжан
жазған ІІІ, ІV-жылдық көп сүгіретті «Оқу құралы» басылып
шықты. Жер жерге жіберілді: І, ІІ басқышқа арналып, жаңа
жол мен жаңа імла мен шығарылған бірталай оқу кітаптары
бəр-бəрі де жер-жерге мезгілінде жіберілген.
Қалай оқыту жайын оқытушы білім ордасы шығаратұн
«жаңа мектеп» тен біледі. Əр оқытушы үстелінің үстінде
«Жаңа мектеп» жатуы керек, Ниетəлі жолдас күйіндей күй
басқа оқытушылар басында да болатұнын сезіп, «Жаңа мек-
теп» жорналы өзінің № 3-іне «Көрсеткіш» деген оқушылары-
на тегін қосымша жіберді. Жаңалықта шыққан қазақша 273 кі-
тап көрсетілген, ол кітаптардың нарқы, қарамы, жазушы-
сы, кім оқитұндығы, қысқасыны, қайда сатылатұндығы, қай
жылы шыққандығы, сол «Көрсеткіш»-те көрсетілген кітап
алып оқығысы келетіндер сол «Көрсеткіш»-ті қарап, өзіне
керек кітабін таңдап алуға кеңес береміз.
Мұнан бұлай шыққан кітаптар газетте жариаланып тұр-
мақшы, «Еңбекші қазақта» ылғи жарыйаланып да келеді.
Жазылып жатқан оқу кітаптары да көп. Білім ордасының
бір көздегені мұнан бұлай кітап нарқын арзандату, оған қам
қылды.
Мектептердің кітапсыз отыруы – кітап аздықтан көрі,
кітап таратушы мекемелердің сөрегеттігінен. Білім ордасы
кітап əзірлейді. Бірақ таратарлық құралы жоқ. Білім орда-
сы шығарған кітаптар мемлекет баспасы, «білім дүкендері»,
жергілікті оқу бөлімдері арқылы таратылады. Солай кітапты
дұрыс таратуына білім ордасы қам қылып отыр.
Білім ордасының бастығы: Жолдыбай ұлы
Достарыңызбен бөлісу: