608
609
«Сауатты бол»дың əліп би бөлімі, яғни қаріптер мен та-
ныстыратын бөлімі, Ақымет əліп-биінің реті айырмасы аз.
Ішкі маңызында айырма көп.
Ақыметтің сауат ашқышының иə əліп-биінің кемдігі
үстіміздегі дəуірден, болып жатқан саяасаттан мағлұмат
аз. Ақымет кітабының бұл кемшіліктерін көре тұрсақта
сауат ашатын – басқа кітабымыз болмағандықтан уақытша
қолданып келгенбіз.
Мағжанның «Сауатты бол»-ында жазылған əңгімелердің
98%- ы саясат əңгімелері десек көтеріп айтқан болмаймыз.
30 – 40 шамалы тізілген мақалалардың ішінде Абайдың
бір-екі өлеңі, Мағжанның «жылқышысы» Қалелдің «биттен
келетін зиян»деген мақаласы, 2 – 3 шаруашылық туралы ма-
қалалар (бұларда тегінде саясат мақалалары»дан басқасы
саясат мақалалары.
Кітап бұл реттен жақсы ақ. Еш кім саясат жазылмаған,
саяси аң бермейді – деп кінə қоя алмайды.
Бірақ оқыту əдісі ретінен бұл кемшілік келтіреді. Осы
күні мектептің, мектепте оқылатын сабақтың «жаны»аймақ
тану материалдары: «сауатты бол»да аймақ тану материалы
жоқтың қасында.
Екінші оқыту əдісінің заңы: «Оңайдан қиынға, «жақынна
алысқа» бет алып оқыту. Мағжан тізген саясат мəселелері
СССР-ден алынған. ҚССР-ден түк əңгіме жоқ.
Кітаптың аяғындағы «жылқышы»деген өлең Лермонтов-
тың «Үш ағаш» («Три пальмы») деген өлеңі мен салмағы тең
кестелі өлең. Қат танымайтын, жаңа қат таныған қазақтың
ішінде жаға қоя ма? Бұдан «қайныма бес қарға мен ұрын бар-
дым»… деген не өтірік өлең иə Крыловтың мысалы сіңімді
болмас па? Бұда екі алуан. Бұлар – кітаптың кемшіліктері.
Қорытып айтқанда кітап сыңараяқ. Қазағыстандағы ай-
мақ зерттеу материалдары жоқ. Нүкте, запетой, сұрау белгі-
лерін қоя білмейтін шəкірт жазуының аяғына бұл таңбаларды
көп етіп қойып оқытушыға қат жазыпты:
Мен қайда қою-
ын білмедім, мыналарды өзіңіз орналастырып қойыңыз!
деп дəл осы сияқты. Мағжан саясат мəселелерді шоғырлап
жинаған.
Не деген мен кітаптың шығуы аса пайдалы. Ақыметтің
«Сауат ашқыш», «Əліп би»-леріне қосымша саяси сауат
ашатын орындардың бұл кітапты алдырулары керек-ақ.
Бірақ екінші басқанда толықтыру керек қой дейміз.
Сөз аяғында бір таңданып кететін нəрсеміз:
«Сауатты бол»шыққаннан кейін Кеңес одағындағы ел-
дердің кендік баспасының бір қызметкері мен Мағжан екеуі
қол қойып – кітапты бірінші əліп-би деп қойыппыз, тізуші
Мағжан деппіз… Бұлар – қате, Мағжан біреу тіз дегенін тізіп
отыр, кітап бірінші кітап емес, жəне ішінде аздап қате кеткен
жерлері бар…– деп мекемелерге, басқармаларға қағаз жазып
отыр… Мағжанға кітап тізген айып па, иə тіздірген айып
па? Мағжан сияқты жаңа жұртшылық жұмысына белсеніп
араласпай жүрген азаматтардың жақсы саяси кітап жазуы
қуыстанатын жұмыс па? Бұл жері түсініксіздеу.
Достарыңызбен бөлісу: