Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық


КІТАП СЫНЫ  Қазақша-орысша тілмаш



Pdf көрінісі
бет227/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   248
Байланысты:
zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte

КІТАП СЫНЫ 
Қазақша-орысша тілмаш 
Казакско-русский словарь 
Бұл кітеп Мəскеуде биыл басылған. Тізушілер: Кеменгер 
ұлы, Бұралқы ұлы, Байтас ұлы, Байғасқа ұлы, Баймақан ұлы, 
Дəулетбек  ұлы,  Темірбек  ұлы,  Сəрсенбай  ұлы.  Басқарушы 
Кеменгер  ұлы. 224 бет.  Бəсі  қойылмаған. 10 мың  болып 
басылған.
Өзге  сөз  мағана  беретін  мұндай  лұғат  (тілмаш)  кітабы 
көптен  керек  еді.  Ертеректе,  төңкерістен  бұрын,  мұндай 
бірлі-жарым  кітаптар  болса,  бұл  кезде  оларды  табу  да 
қиын. «Тілмаш»  бұрын  керек  болса,  бұл  кезде  қазақ  тілін 
үйренушілер көбейіп тұрғанда, өте-мөте керек болып кетті. 
Міне, осындай ділгірлікті өтеуге бұл тілмаш жақсы шыққан. 
Мұнда 10 мыңдай қазақ сөзіне мағана берілген. Қазақ сөздері 
қазақ қарпімен, орысшасы орыс қарпімен жазылған. 
Мұндай тілмаштардың қазіргі пайдасының үстіне түпкі-
лікті пайдасы да олқы болмайды. Кейбір сирек сөйленетүн 
қазақ  сөздері  ұмытылмауға  себептігі  болады.  Бірақ  ондай 
сирек ұшырайтұн сөздер түгел, кірген бе, жоқ па, ол жағын 
кесіп айта алмаймыз; үйткені кітапты басынан аяғына шейін 
тегіс оқып шыққанымыз жоқ. 
Əр жерінен ақтарып қарағанымызда, бұл тілмаштың кем-
шілігі  де  аз  еместігі  көрінді.  Керексіз  сөздерге  де  мағана 
берілген. Мəселен: аюланбақ – медвежиться, шешелемек – на-
зывать матерью, əтештенбек – петушиться деген сықыл-
ды. Кей сөздерге берген мағаналары қазақша да емес, жатық 
та  емес,  түсінікті  де  емес.  Мəселен:  тауқымет – насилие, 
ғадауат – вражда, саранжам – порядок, шапағатшы – за-
ступник, соламай – все, что есть, тоңғармақ – опрокинуть, 
тазданбақ – плещивать, ақыланбақ – отказываться от ока-
зания другому бесплатных услуг, ғарық болмақ – утонуть. 
Мұндай қолайсыз сөздер, бірен-саран теріс мағаналар та-
была беретүн көрінеді. 
Бұл кемшіліктер екінші басылымда түзетілуі керек. 
Жоғарыда  айтылғандар  кемшіліктер  кітапты  пайдасыз-
дыққа айналдырарлық емес, бірақ, тіл үйренушілерді бір сы-
пыра сөздер жөнінен адастыруға жарарлық.
Кітаптың бір сыпыра баспа қатасы да көзге шалынып тұр. 
Бұл жалпы ауруымыз ғой. Екінші рет басылғанда, бұ жағы 
да ескерілер.
Оқушы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет