Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет228/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   248
Байланысты:
zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte

«ҚАЗАҚША-ОРЫСША ТІЛМАШ» 
ТУРАЛЫ ТҮСІНІС
Басқарушы  мен  болғандықтан,  оқушы  жолдасқа  түсініс 
беруді міндетім деп ұғындым, Біздер «Тілмаштың жауропа-
лықтарға арнап жазғандықтан, өте сирек айтылатын сөздерді 
кіргіздік.
Қазақ сөздерінің бас-басына орысша мағына бердік. Егер 
қазаққа арнап жазатын болсақ «утонутьтың» тұсына батбақ, 
кетбек, ғарық болмақ деп үшеуін де қосақтар едік. Оқушы 


624
625
жолдас  тегінде  батбақ  пен  кетпекті  біледі  екен,  ғарық 
болмақ дегенді білмейді екен.
Тізушілер, Бұралқы ұлынан басқасы, Ақмоланың Темірқа-
зығындағы  елдердікі.  Сондықтан  Ақмоланың  жергілікті 
сөздері де мол кіріп отыр.
«Тілмашқа»  кірген  сөздердің  бірсыпырасы  Радловтан,  
Будаговтан алынған. Қазақ тіліндегі ескі-жаңалы кітаптардан 
алынған. 
Мəскеудегі «Кіндік баспасөз» Мағжанға қаратып, біреуге 
көшіруге  берген.  Сол  көшіруші  де  біраз  шатақ  кіргізіпті. 
«Қақалған үстіне жұдырықң дегендей 400-дей сөз баспадан 
қате кеткен: кейбір сөздердің мағынасын жойып, не ауысты-
рып жіберген. «Қазақтың баспасөзінің қатесін көрсе, еуро-
па  əйелдері  бала  тастар  едің  деп  Қыр  баласы  айтушы  еді. 
«Тілмаштағың  баспаның  қатесін  көріп  қыр  баласына  қол 
қойдым. Ал енді оқушы жолдастың пікіріне келейік:
«Оюланбақ, шешеленбек, əтештенбекң сөздерді керексіз 
табады. «Оюланған мінезіңді таста!... Шешелеп келіп тамақ 
іштім.  Əтештенбе!  деген  сөйлемдерді  еуропалықтар  оқы-
са,  керексіз  табар  ма  екен?  Оқушы  жолдас: «Қазақша  да 
емес,  түсінікті  де  емес,  жатық  та  емесң  деп  біраз  сөздерді 
келтіреді. Қазақша дегенде қазақтың төл сөзін іздейсіз ғой. 
Олай  болғанда  қазақтың  сөйлеп  жүрген  сөздерінің  жарты-
сы араб пен парсынікі деушілер бар. Оларға не дейсіз? Ора-
малды сіз қазақтың төл сөзі деп ойлайсыз ба? Қазақша емес 
деп  дауласқаннан  кейін,  əрине  сізге  түсінікті  де,  жатық  та 
болмайды.  Қазақ  арасынада  айтылатын  сөз  бе?  Сөз  емес 
пе? Қазақ кітаптарында кездесе ме? – əңгіме сонда болу ке-
рек. «Тауқыметң Жүсіпбек пен Мұхтардың жазғандарында 
кездеседі. «Ғадауатң  Абайда  бар. «Саранжам»  Наурызбай 
батырдың қызбен айтысатын қиссасында бар. Қазақ жас ба-
ла өлсе «шапағатты болсын» деп көңіл айтады. «Соламай» – 
Көкшетау уезінің сөзі.
«Тоңғармақ» баспа қатесі, дұрысы – «тоңқармақ», үйді, шөме-
лені дауыл құлатса, тоңқарып кетті дейді. «Ақыланбақтың 
екінің  бірі  айтады.  Соңғы  төрт  сөздің  орысшасын  Радлов-
тан алғанбыз. «Тазданбақ» екі орында айтылады: 1) Еліріп 
сөйлеген  кісіге  «тазданба»  дейді. 2) Соры  бетіне  шыққан 
шақатты  көргенде  «тазданған  екенң  дейді. «Ғарық»  түбі 
арабтікі. Төңкерістен бұрынғы қиссаларда көп кездеседі.
Оқушы жолдас-ау! Өзіңіз білмеген сөздің бəрін керексіз 
қылу, қазақша емес, түсінікті емес деу ақылға сия ма? Сыр 
қазақтарының  «əрекетінң  арқа  жағында  бəле  мағынасында 
қолданады. Арқаның «əжептеуірін» бөкейліктер жаман де-
ген мағынада жүргізеді. Осындай ретпен түсініксіз сөздерді, 
«Тілмашқа»  кірмеген  сөздерді,  газет  не  журнал  бетіне  жа-
риялап отырса, келешекте шығатын «Тілмаштың» толық бо-
луына, кемшіліксіз болуына себі тиеді.
Қошке


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет