МЕКТЕП ТІЛІ ТУРАЛЫ
(Қабылұлы Ілиясқа жауап)
(айтыс ретінде)
«Еңбекші қазақтың» өткен сандарында мектеп құрылы-
сы, оқу тілі жайынан бірнеше айтыс мақалалар басылып
өтті. Бұ туралы мен пікірімді бір рет жазып өткенмін. Қазіргі
мақаланы Ілияс жолдастың соңғы жазған кейбір пікіріне
қарсы жауап ретінде жазбақпын.
Ілияс жолдас – «Мектеп тілі орысша болсын, орыс тілі ілім
тілі, қазақ тілі төңкерістен бұрын да, соң да ілім бұлғаңынан су-
сын алмаған тіл; бұрын əжетке жарамаған тіл қазірде де əжетке
жарамайды. Мектеп қазақ тілінде болсын деушілер орысшыл-
дық үшін айтады. Мектеп қазақша болса, білім беру үшін емес,
қазақ тілінің құрметі үшін ғана, жана бір жерде «қазақ тілі түбін-
де білім тілі болар, оған шүбəланбаймыз» дейді.
Ілияс білім тілі туралы сөз қылған соң, «білім тілі» деген
не? Қазақ тілі білім тілі болмаса, неліктен болмайды, білім
тілі болған тілдер неліктен болды? Орыс тілі қалайша білім
тілі болды? Оның тарихы қандай? «Қазақ тілі əзір білім тілі
емес, түбінде болады» дейді. Осы екі пікір бір-біріне қайшы
626
627
шықпау үшін араларын қалай жалғастыру керек? Түбінде
қазақ тілі білім тілі болатын болса, аттың басын осы күннен
қаңтарып қойып, қарап тұру керек пе? Жоқ, басқаша істейтін
лаж бар ма? – осыларды Ілияс шешуі керек еді. Тегінде,
құрғақ сөзбен «болады», «болмайды»-ны айта салу артық
қиын емес қой.
«Білім тілі» деген сөзді баяндау үшін жол соқты бір-екі
ауыз сөз жетпейді. Бұл турада сөйлеген сөздің көлемі кеңірек,
өрісі молырақ, ішкі мазмұны дəлелді, маңызды болуы керек.
Мектеп тілі жайынан сөз қылғанда, тым бір ыңғай қыңыр
кету жарамайды, əзіргі өмірмен, керекпен санасу керек. Біздің
мектеп тілі туралы алдымызда көздеген нысана, арманымыз
болуы керек. Арманымыз – «түбінде мектеп тілі ұлт тілі бол-
сын!». Бұл ұранды біз ертеден айтып келеміз. Сол ұранымыз
əлі де ұран. Ұлт мектептері турады үкімет ұраны да осы.
Айтысқандағы мақсатымыз – артта қалған надан елді
мəдениетті болсын деу. Біздің бұл мақсатымызды бірыңғай
орысша оқу атқара ма, болмаса қазақша оқу атқара ма? Осы-
ны шешу керек. Біздің еліміздің 100-ден 96 адамы қат та-
нымайды. Елдің сана-саңылауын ашу үшін осы 96 адамның
бəрін де орысша оқыту керек пе? осылар білімді қай тілде
тезірек алады? Мыңдаған қаладан алыс ел баласы сауатын
қай тілде ашады? Елдің көпшілігі кедек, бұлардың бəрі
қалаға (тəртіпті мектепке) балаларын жіберіп оқыта ала ма?
Кедей балаларын тұяғынан оқытуға əзірде қазына күші жете
ме? Ел арасынан сайлы (жатақ үйлі) мектеп жеткілікті болып
ашылды ма? əзірге ел мектептеріне қала арасынан орысша,
қазақша жақсы білетін оқытушылар бар ма, қазақтың жақсы
орысша білетін оқығандары ел мектебіне оқытушы болуға
əзірде кеңсе ісінен қолы тие ме? Ілияс өлсе қаладан шығып,
ел мектебіне оқытушы болып бара ма? қазақтың орысша
оқығандары бұлай болған күнде орыстың оқытушылары қыс
ел мектептеріне барып, оқытушы болар ма? Жазалыларды
жер аударған баяғы патса үкіметі секілді қазақ арасына орыс
оқытушыларын күштеп жібермесең, еркімен олар бара ма?
Мыңдаған ел баласын қала мектебі сыйдыра ала ма? Осы
күнде еркімен келген ел кедейінің баласы түгел орындасты-
рып жатырмыз ба? оқуға қолы жетпегендер сүйгенін оқи ма,
тигенін оқи ма? Ел оқушыларының қармағына қай тілдің
оқуы бұрын ілігеді?
Мыңдаған қалың бұқараның саясат сауатын ашатын, мə-
дениетке жетектейтін құралымыздың ең күштісі баспасөз,
осы баспасөз ел арасына кімнің тілімен тарамақ? Оны кім
таратпақ? Бізге осы күнде тұяңынан үніберістет бітірген
оқыған керек пе, бастауыш, орта мектептердің білімін алған
оқушыларымыз əлі көзден шоласыз бола қойды ма? Қазақта
бастауыш, орта мектеп білімі алғандардың іске жарай ал-
май қаларлық күні туды ма, – бүгін-ертең туа ма? – Осы
сұраулардың бəрі қандай жауап күтеді? Оқу орыс тілінде
болсын дей ме, қазақ тілінде болсын дей ме? Қазақты ең
алғаш қай тілде оқытуға даярлан дейді? Əрине, қазақ тілінде
оқытуға даярлан дейді. Ендеше, қазақ тілінде оқытуға даяр-
лану үшін анау-мынау, жеңіл-желпі дайындық керек емес,
негізді, терең мəнді дайындық керек. Бұл тұрмыстың ұсынып
отырған тілегі. Орысша оқу таңдаулы оқу, бірақ күші бар,
қолы жеткендердің оқуы. Осы күні орысша оқып жүрген
қазақ балаларының көбі қолы жеткендердің, іс басында отыр-
ғандардың туған-туысқандары, тамыр-таныстары. Бұлар-
дың дені орыс мектептерінде оқып жүр. Біз де таза орыс
мектептерінде оқушылар тоқталып тұрған жоқ. Олар да
қатар оқып келеді; ілгеріде шын жаурыпа мектептерінде
оқып тəрбие алушылар көбейе береді; жетік тəрбие алған
мамандар жата-жастана шыға береді. бізге бір түрлі емес, əр
түрлі оқушы керек. Қазақша, орысша оқыған адамдар екеуі
бірдей керек. Қазақша оқып білім алғандардың бір қасиетті
жері – елмен қатынасады. Олар соқырдың көзін сылиды. Ел-
мен өрісі бірге болады.
Елдің өмірден тартқан тауқыметін бірге тартады. Ел
көркейсе, бірге көркейеді. Олар манағы айтқан қат тани-
тын 96 адамның мəдениетке араласатын тіл қатшысы. Олар
орыс тілін білмегенмен, əлеумет қызметкері болудан ешбір
кемшілігі болмайды.
Азат замандағы қазақша оқығандар түгіл, батса зама-
нындағы мұсылманша оқығандардың елге тарихи маңызы
қандай еді? Ілияс оны тексермейді. Шынында білмейді.
628
629
Ерте кездегі ел арасындағы діншілдіктің тамырына бал-
та шауып, ескілікке қарсы шыққан жəдитшілдер кімдер
еді? Олар – мұсылманша оқығандар болатын. Орысша оқы-
ғандар тұяңынан тілмаш болып, орыстың жат дыбысына «жə-
рəкімалда» деп жүргенде, тұмсыңымен су тасыған, қарлы-
ғаштай болып ел арасында баспасөз таратып, орыс отаршы-
лығына қарсы пікір тарататын мұсылманша оқығандар
болатын. Ұлт мектебі ашылсын, оқу ана тілінде болсын!
деп тұңғыш қазақша əліпби жазған Ақаң сықылды орысша
оқыған əрі білімді, əрі қаламы бар азамат та бірде басшы,
бірде қосшы болып, алғаш мұсылманша оқығандар болатын.
16-жылғы үйен жарлығын да орысша оқыған тілмаштар
(қазақтың атбекеттері мен кейбір доқтырлары) салдатқа ба-
ратын қазақ жігіттерінен алым алып, көк төбелі үйлер салып,
ақшаны жəшіктеп жинап жатқанда, қазақтың қара таны-
майтын жігіттеріне өздері тіленіп басшы болып, жүзбасы,
мыңбасы болып қан майданға барған мұсылманша оқыған
мұғалім болатын. Орысша оқығандар «сорпаны ішпей, жеп»
«қазан» деген аттан жиреніп жүргенде, «балалар, бұл – жол басы
даналыққа!» деп елге əліпбиін арқалап барып, қыдырып жүріп,
қазақ балаларын «ə», «ій», «ө» деп жүріп алған мұсылманша
оқыға һн болатын. Қазақ даласына патша үкіметінің қара
түнек болып тұрған кезінде отаршылыққа қарсы шыққан
қазақтың бірлі-жарым төңкерісшіл оқығандарына серік
болған да мұсылманша оықғандар болатын.
Мұсылманша оқығандардың тарихи маңызы болса, осы
күнгі əлеумет сезімі өскен, ел жұртшылығының негізі салын-
ған жаңа заманда қазақша оқып, білім алғандардың маңызы
одан да зор болуында талас жоқ. Тегінде, қазақтың қалың
бұқарасына пайдалы қызметкер болуы үшін мəдениетті
елдің білімін біліп, қазақтың тілін, мінез-салтын жақсы
білген адамнан қасиетті адам болмайды, қазаққа бірыңғай
орысша білген адам сыңаржақ, шалағай адам болады. Қанша
білімдəн болса да, орыстан айырмасы аз болады. Ондай
білімдəндар орыста екінің бірі емес пе?
Ілияс жолдастың қазақ оқытушыларына берген осы күнгі
бағасы да өте сорақы. Қазақ оқытушыларының бірін «дін-
шіл», бірін «ұлтшыл» дейді. Оқытушылардың бəрі күн көре
алмағандықтан, партиядан, кеңес мекемелерінен қуылып, қуғын-
сүргін көргендіктен, тамағы үшін оқытып жүргендер дейді.
Қазаққа оқу, мəдениет керек. Қазақты өнерлі елмен теңес-
тіріп, сатсиалдық тұрмысқа жеткіземіз деп отырған адамның
бұл сөзді шімірікпей айтқанынан көлденең қараған адам ой-
ланарлық. Ілиястың айтуынша, оқытушылардың бəрі тұяғы-
нан партияның адамдары болуы керек. Партияда жоқтардың
бəрінің де халық ағарту жолында еткен еңбегі арам тəрізді.
Қазақ түгілі, орыста партияда жоқ оқытушылар аз ба? Орта
дəрежелі мектептерде оқытатындардың көбі патша кезіндегі
бай балалары оқитын іреалный гемнезие оқытушылары емес
пе? Орыстың ысылған оқытушыларының жастарының ал-
ды – 60 – 70-те болса, арты қырықта. Осылар патша кезіндегі
оқытушылар емей, көктен түсті ме? Болмаса, басқа жақтан
ауып келді ме? Бұлар осы күнде үкімет тарапынан қуғын-сүргін
көріп отыр ма? Бұрынғы кадетскій корпуста оқытқандар да
оқытып жүр ғой, Ташкендегі мемлекет үніберістетінде парти-
яда бар неше прапесір бар, табаны күректей 40 – 50 пырапесір
бар екен, солардың бірі партияда бар ма? Осылардың қайсысы
орыс баспасөзінің жүзінде соққы жеп отыр? Орта дəрежелі
қазақ мектептерінде оқытып жүрген қазақ оқытушыларының
қаупі осылардан күшті болып па?
Қазақтың оқытушы ұлтшалдыраны оқыту жолында күшің
адал, сүтің арам деу неше «аузы түгіл байдың ұлы сөйлесе
де» дұрыс емес қой. Ең болмаған күнде олар қалық қазақ
бұқарасына қат танытса, мектепте жаратылыс, есеп пəндерін
оқытса да, пайдасыз деп айтуға бола ма екен? Сондықтан
ұяты бар адам олардың еткен ақ еңбегін арамдамау керек.
Ілияс қазақша мектепте оқығандардың білімі шала дейді.
Шынында, солай да шығар; бірақ мұны жалпы кемшілік деп
білу керек. Төңкеріс кезінде орыс мектептерінің де білім
беуір артық сайлы болған жоқ-ты. Оқудың қалыпты күйге
түсіп келе жатқаны былтырдан бері ғана. Одан бұрын мек-
тепке түсушілердің білімі тексерілмей, кедей ме, партияда
ма, жергілікті халықтан ба? – сонысы ғана тексерілетін. Биыл
үніберістетке түсем деген орыстың ІІ басқыш мектептерін
631
бітіргендерінен ымтықан алғанда «жапон қай жерде?» деп
сұрағанда, біреуі – «Америкеде» деп жауап берген. Бұл ту-
рада «Пырабда Басток» газетінде жазылған. Ырашійнская
мақаласын Ілияс оқыған болуға тиіс. Ілиястың мектеп тілі
мен қазақ оқытушылары туралы айтып отырған пікірлері өте
бір мұрт қыңыр пікір. Ілгері басқан аяқты кейін кетіретін,
жаңа өсіп келе жатқан, қанаты қатпаған балапан игілік істі
маңдайдан тепкен кері тартпа пікір.
Достарыңызбен бөлісу: |