ТҮСІНІКТЕР
Қазақ тіл білімінің ғылым ретінде қалыптасып‚ дамып келе жат-
қанына бір ғасырдан астам уақыт өтті. Осы кезең ішінде қазақ тіл
білімі түрлі бағыттар мен көзқарастардың куəсі болды.
Қазақ тіл білімінің тарихын шартты түрде төрт кезеңге жіктеуге
болады:
І кезең – ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезең:
Н.Ильминский, М.Терентьев, П.Мелиоранский, И.Лаптев, Н.Со-
зонтов еңбектері (1860-1912 ж.);
ІІ кезең – ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезең: А.Бай-
тұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы, Т.Шонанов, Қ.Кемеңгерұлы, Е.Ома-
ров, Ж.Аймауытов (1912-1930 ж.);
ІІІ кезең – ұлт зиялыларының қудалануына байланысты еңбек-
терін оқытуға тыйым салынып, тіл білімінде еуропоцентристік
бағыттың белең алуы (1930-1988 ж.);
ІV кезең – репрессия құрбандарының ақталып, олардың еңбек-
терін пайдалануға жол ашылуы (1988 жылдан бергі кезең).
Тіл білімінің тарихын осылайша кезеңдерге бөліп қарастыру-
дың өзіндік себептері бар. Ғалымдардың тіл білімінің дамуына қосқан
үлесін зерделеу, түптеп келгенде, ғылымның тарихын зерделеу бо-
лып табылады. Қай ғалымның да белгілі бір ой-тұжырымдарының
кейінгі ғалымдарда жалғасын табуы немесе үзіліп қалуы – заңды
құбылыс. Сондықтан ғалымның өзіне дейінгі зерттеушілердің
қандай ойларын қаншалықты дамытқанын, өз тарапынан қандай тұ-
жырымдар қосқанын, ол тұжырымдардың кейінгі ғалымдарда
қаншалықты дəрежеде сабақтастық тапқанын байыптау арқылы
тіл біліміндегі теориялардың даму тарихына көз жүгіртеміз, ғы-
лымның қалыптасу, даму, өзгеру, жаңару үрдісін танимыз. Сол
арқылы тіл білімінің даму деңгейін, ондағы түрлі бағыттарды
анықтаймыз.
632
633
Бұл орайда ұлттық тіл білімінің бастау көзінде тұрған ғалым-
дардың орны ерекше. ХХ басырдың басы қазақ тарихында руха-
ни ояну дəуірі болғаны белгілі. Ұлттың өзіндік белгісін сақтап
қалатын негізгі қасиеттерінің бірі – тіл екенін терең түсінген қазақ
зиялылары өз беттерінше білімін жетілдіре отырып‚ қазақ тілі
бойынша оқулықтар жазған‚ баспасөз бетінде түрлі пікірталастар
ұйымдастырып отырған. Қазақ тіл білімінің сол кезге дейінгі зерт-
телу жайы мен жалпы тіл біліміндегі түрлі бағыт-көзқарастармен
таныса отырып‚ қазақ тілінің өзіндік болмысын танытуға тырыс-
қан.
Осы уақытқа дейін қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму тарихы,
белгілі бір теорияның зерттелу деңгейіне қатысты ғана сөз болып
келді. Онда да ол нысанға алынып отырған мəселе тұрғысынан ға-
на қарастырылып, көбінесе А.Байтұрсынұлы еңбектерінен кейін
бірден Қ.Жұбанов есіміне көшумен шектеледі. Ал осы аралықта сол
кезеңде тіл білімінің дамуына, белгілі бір теориялардың орнығуы-
на өзіндік үлес қосқан Е.Омаров, Қ.Кемеңгерұлы, Т.Шонанов,
М.Мырзаұлы, Ж.Аймауытұлы, Б.Байтоғаев, Б.Малдыбайұлы,
А.Мамытұлы т.с.с. білімпаздар назардан тыс қалып қояды. Аталған
зерттеушілердің қай-қайсысы да – жеке тақырып өзегі етіп алуға
тұратын, тіл білімінің дамуында өзіндік орны бар ғалымдар. Жалпы
көпшілік Ж.Аймауытұлын шебер жазушы ретінде ғана білгенмен,
өз кезеңінде шебер əдіскер, зерделі лингвист ғалым болғанынан
бейхабар. Сол сияқты еңбектері негізінен араб графикасымен жа-
зылғандықтан, ХХ ғасырдың басында өмір сүріп, тіл білімінің
қалыптасып, дамуына елеулі үлес қосқан Елдес Омаровтың мұрасы
да көпке белгісіз күйінде қалып отыр. Мəншүк Мəметованың əке-
сі – Ақымет Мамытұлының медицинаға қатысты зерттеулерімен
қатар қазақ тіліндегі пəн сөздері, емле туралы мақалалар жазғаны
туралы да көпшілік қауым біле бермейді...
Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жолдарын арнайы тақырып
ретінде қарастырған Т.Қордабаев еңбектері де, негізінен, жалпы
шолу түрінде сипат алып, тіл білімінің дамуындағы ортақ прин-
циптер, түрлі көзқарастар мен бағыттар, жоғарыда аталған ға-
лымдардың əрқайсысының ұстанған жолдары, ғылымның дамуы-
на қосқан үлесі айқындалмаған. Оның себебі түсінікті де. Өйткені
тіл білімінің тарихын, қалыптасу, даму жолдарын сөз ету үшін ал-
дымен əр кезеңдегі жекелеген ғалымдардың еңбектерін жинасты-
рып, əрқайсының тіл білімінің дамуына қосқан үлесін арнайы зер-
делеу қажет. Осылайша əр зерттеушінің, ғалымның өзіндік орны
анықталғаннан кейін ғана жекеден жалпыға ойыса отырып, тіл
білімінің тарихын жазуға болады. Сонда ғана əр кезеңдегі өзекті
мəселелер, соған сəйкес түрлі таластар, түрлі көзқарастар мен
бағыттар, мектептер, белгілі бір теорияның сабақтастық табуы не-
месе дағдаруы, тіл біліміндегі жаңа тұжырымдар т.с.с. айқындала
алады. Ендеше, тіл білімінің қалыптасу, даму жолдарын білу үшін
жекелеген зерттеушілер мен ғалымдардың мұрасын зерттеудің
маңызы зор. Бұл сала «ғылым туралы ғылым» деген атау алып,
жалпы түркологияда, оның ішінде қазақ тіл білімінде де əбден
орнығып, қалыптасып келеді. Қазақ тіл білімінде бұл сала бойын-
ша К.Құсайынов «В.В.Радлов и казахский язык», Ертаев К. «Линг-
вистический статус послелогов в трудах Радлова», Тектіғұлова Ж.
«Қ.Жұбанов жəне қазақ тілі тарихи грамматикасының проблема-
лары», Əмірова Г. «Академик Н.Сауранбаевтың еңбектеріндегі
қазақ тілі морфологиясының теориялық мəселелері», Б.Боранбай
«С.Жиенбаевтың лингвистикалық мұралары», А.Омарова «Про-
фессор Қ.Қ.Жұбановтың етістіктер туралы ғылыми еңбектері,
оның ғылымның кейінгі дамуына ықпалы» т.с.с. еңбектерді жат-
қызуға болады.
ХХ ғасырдың басында баспасөз бетінде тіл білімінің түрлі сала-
лары бойынша айтыстар ұйымдастырылып (Елдес Омаров (Айны-
малы дыбыстардың жазу ережесі //«Еңбекші қазақ». 1925 ж. 9 ма-
мыр) Ахмет Байтұрсынұлы («Қазақстан» мен «Қазағыстан» туралы
//«Еңбекші қазақ». 1925 ж. 19 май), Нəзір Төреқұлов («Қазақыстан»
ба «Қазағыстан ба?» //«Еңбекші қазақ». 1925ж. №339. 12 июль),
Елдес Омаров (Қазақ тілінің дыбыстары // «Жаңа мектеп». 1927 ж.
№2. 61 – 67-б.) пен Ахмет Байтұрсынұлы (Дыбыстарды жіктеу
туралы («Жаңа мектеп». 1927 ж. №5. 65-70-б.), Нəзір Төреқұлов
(Қашан болады? //«Еңбекші қазақ». 1925 ж. 28 қараша) пен Ах-
мет Байтұрсынұлы (Жоқшыға дерек // «Еңбекші қазақ». 1925 ж.
14 декабрь), Сəбит Мұқанов (Алаш – ура! //«Еңбекші қазақ». 1928
ж. 18 январь №15 (10-42), Былай ғой (жауапқа жауап) // «Еңбекші
қазақ». 1928ж. 26 январь) пен Ахмет Байтұрсынұлы (Сəбитке жа-
уап) / «Еңбекші қазақ». 1928 ж. 26 январь), Балқай Байтоғайұлы
(Жұрнақты аман сақтайық (ойласу ретінде) «Еңбекші қазақ». 1928 ж.
18 ақпан. №41(1068)) мен Есенғали Жұрнақ сақтаулы (айтыс ре-
тінде) // «Еңбекші қазақ». 1928 ж. 27 наурыз №69 (1096)
1
) т.с.с.,
зерттеушілер оқырмандардан келген сұрақтарға жауап беріп отыр-
ған (Дұрысы қайсы – Жарты дауысты дыбыстар («Дұрысы қайсы»-
ға жауап (Елдес Омаров) //«Еңбекші қазақ». 1926 ж. 21 февраль),
1
Жүсіпбек Аймауытұлы мен Елдес Омаровтың фонетика, емлеге қатысты ай-
тыстары «Еңбекші қазақ» газетінің бірнеше санында басылған.
634
635
(Күмəндіміз (Үмбет ұлы Мəжит ) – Үмбет ұлы Мəжитке жауап
(латын əліппесі туралы сұрауына) (Телжан Шонанұлы) //«Еңбекші
қазақ». 1926 ж. 26 февраль) т.с.с.
ХХ ғасыр басындағы зерттеушілер тіл білімінің қай саласын-
да болса да‚ негізінен‚ А.Байтұрсынұлы еңбектерін басшылыққа
алған. Бұл‚ ең алдымен‚ терминдерді қолдануынан байқалады.
Т.Шонанов, Қ.Кемеңгерұлы А.Байтұрсынұлының етіс‚ салт‚
Достарыңызбен бөлісу: |