636
637
əдеттеніп қалған жағдайда, өлең өлшемімен ашылуы керектігін»
айтады.
А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы, Т.Шонанов, Е.Омаров еңбек-
терінде қазақ тілінде
б, г, ғ, д дыбыстарына буын аяқталмайтыны
айтылады. А.Байтұрсынұлы
д, ғ, г дыбыстарын сөз соңында келме-
уіне жəне жалғау-жұрнақтардың ешбір түрімен де үйлесе алма-
уына байланысты
ымырасыз деп атап, өз алдына бір топ қылып
жіктеген.
XX ғасыр басында
һ дыбысына байланысты да көптеген айтыс-
тар, пікірталастар болды. Баспасөз бетінде, емле конференциясын-
да осы мəселе төңірегінде айтысушылар екіге айырылды: бірі – бұл
дыбыс қазақ тілінде бар, оған арнайы таңба алу керек деушілер:
А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытұлы, Ə.Байділдаұлы, С.Сейфуллин
т.б. болса, екіншісі – бұл дыбыс қазақ тіліне тəн емес деушілер:
Қ.Кемеңгерұлы, Е.Омаров, Т.Шонанов т.б. Ж.Аймауытұлы мен
Е.Омаровтың баспасөз бетінде қазақ тілінің келелі мəселелеріне
байланысты айтыстарының ішінде осы
һ дыбысы да көп сөз бола-
ды. Осындай талас 1929 жылғы емле конференциясы барысында
да туындайды.
Ұлттық тіл біліміне дейін В.В.Радлов пен П.М.Мелиоранский
дауыстылардың тоғыз түрін көрсетсе, Н.Ильминский сегіз түрін
(
а мен
ə-ні бірге қарастырған), ал Созонтов он үш түрін көрсетеді
(
я, е, ю əріптерін де дауыстыларға жатқызады). Ұлттық тіл білімі
қалыптаса бастаған кезеңде де баспасөз бетінде дауыстылардың
саны, құрамы туралы түрлі көзқарастар, пікірлер болды. Мысалы,
Ж.Аймауытұлы, Б.Малдыбайұлы, С.Мұқанұлы
и, у дыбыстарын
да дауыстыға жатқызып, қазақ тілінде он бір дауысты бар десе,
Малабайұлы
э, ю, я əріптерін де дауыстылардың қатарына қосып,
дауыстылардың санын он төртке жеткізеді. Тіліміздің сингармо-
низм заңдылығын ескере отырып, дауысты дыбыстардың құрамын
дұрыс анықтаған А.Байтұрсынұлы, Е.Омаров, Қ.Кемеңгерұлы,
Т.Шонанов, Қ.Жұбанов сияқты ғалымдардың айтқандарына бүгінгі
таңда Ə.Жүнісбеков, С.Мырзабеков, Н.Уəлиев, Н.Машқанова
сияқты ғалымдардың еңбектері үндесіп жатыр.
Н.И.Ильминский, В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский, А.Байтұр-
сынұлы, Қ.Кемеңгерұлы т.б. ғалымдардың дауыстыларды жуан-
жіңішке, еріндік-езулік деп топтастырулары ұқсас. Бүгінгі таңда-
ғы қазақ тілі фонетикасында да мұндай дауыстыларды тануда
əрқилылық жоқ. Алайда ғалымдар арасында ерін үндестігінің
сөздің соңына дейін сақталу-сақталмауына байланысты күні бү-
гінге дейін түрлі пікірлер айтылады. П.М.Мелиоранский ерін
үндестігінің сақталатынын кесте арқылы көрсетіп, былай дейді:
«...Есть грамотеи, которые в угоду письменному языку‚ ковер-
кают свое произношение, объявляя его неправильным, но в речи
простого народа варьирование гласных в суффиксах постоянно со-
блюдается. Так, например, суффикс, изображаемый в письменном
языке через
дан, иногда
дін, в разговорном казак-киргизском языке
звучит то
дан, то
ден‚ то
дөн, суффикс
нің звучит то
ның, то
нің,
то
нұң, то
нүң т.д.». Еріндік дауыстылардың келесі буынға тигізе-
тін əсерін Н.Созонтов‚ Н.Ильминский
е, і дыбыстарының негізінде
сипаттайды. Байқап отырғанымыздай, аталған зерттеушілерде «қазақ
тілінде ерін үндестігі сақталады» деген ойды аңғару қиын емес.
«Дыбыстарды жіктеу туралы» деген мақаласында А.Байтұр-
сынұлы езулік дауыстыларды аңғал, еріндік дауыстыларды қым-
қырулы деп атап: «…қымқырулысы бас буыннан басқасында
келмейді», – деп ерін үндестігін елемейді. Дəл осындай көзқарасты
Е.Омаров, Т.Шонанов, Е.Д.Поливанов, Қ.Жұбанов еңбектерінен
де байқауға болады.
Дауыстыларды жақтың қатысына қарай үш деңгейде топтасты-
ру А.Байтұрсынұлы есімімен байланысты. А.Байтұрсынұлы дауы-
стыларды ауыздың ашылуына қарай бірінші дəрежелі ашық (
а, ə);
екінші дəрежелі ашық (
е, о, ө); үшінші дəрежелі немесе тұйық дауы-
стылар (
ы, і, и, ұ, ү, у) деп бөледі. Дауыстыларды жақтың қатысына
қарай жіктеуде А.Байтұрсынұлы мен Қ.Кемеңгерұлы топтастыру-
ларында ұқсастық байқалады.
Екі ғалым да ашық, қысаң (немесе
тұйық) дыбыстардың құрамын бірдей көрсеткен. А.Байтұрсынұлы
Достарыңызбен бөлісу: