11
Онан басқа тағы бір байқалып тұрған нəрсе сөздерді
қосып жазуға құмарлық. Ол құмарлықтың ар жағы неге ба-
рып килігетініне тағы көз салынбайды-ау деймін. Мəселен:
«бара алмайды» дегенді
«баралмайды» деп жазу керек дейтін
бар. Бұл қосылып айтылып тұрған сөздердің біреуі көсемше
етістік, екіншісі көмекші етістік екен. Бұл екі түрлі етістіктің
бірлесіп айтылуы ылғи бір көсемше, бір көмекшіден болып
отырмайды.
Онан көбірек болып бірлесетін орындары болады. Менің
ойымша, қопа қардай етіп емле жүйесін өзгертеміз демей,
бұрынғы емленің кеміс жерлері болса, соларын тексеріп, со-
ларын ғана түзеу. Басқа түріктерге жазу тіліміз түсінікті болу
үшін мүмкіндігінше жанастыру жағына қарап икемдеу. Осы
күнге дейін тұтынып отырған емлеміздің кемшілігінің бəрін
түзеп, жоғарыда айтылған туыс жүйелі емленің де, дыбыс
жүйелі емленің де түкпіріне қамалмай өтетін екеуінің арасы-
нан жол тауып беретін төменгі ұсыныс болады деймін:
1. Əрбір өз алдына түбірі бар сөз оңаша айтылғандағы
естілуінше жазылу.
2. Азған сөз азған күйіндегі естілуінше жазылу.
3. Үйлестіктен дүдəмал естілетін болған дыбыстар айқын
орындардағы естілуінше жазылу.
4. Қосымшалар қосылатын сөздермен бірге жазылу.
5. Қосалқы сөз, қос сөз, қосар сөз, қосынды сөз бəрі де
қосарлық (-) белгімен жазылу.
6. Жалғаулықтар бөлек жазылу орындарынан басқа жағы
жалғау ережесінше болады.
7. Үйір айтылатын сын есім мен зат есім бөлек жазы-
лу. қосынды сөзге айналғандары басқа қосынды сөздерше
қосарлық пен (-) жазылу. Сын есімнің шырай күшейткіштері
де қосарлықпен (-) жазылу.
8. Көсемше, көмекші етістіктер бөлек жазылу.
* * *
Мұның əр қайсысын бас-басына баяндасақ мынау болады:
1. «əрбір түбірлі сөз» дегенде мағана жағынан алмай, тұл-
ға жағынан алып, өз алдына түбірі бар сөзді айтып отырмын.
Қазақ тілінде екі сөз, үш сөз, төрт сөз қатта бес сөз бірлесіп,
бір ұғым, бір мағаналы болып келуі жиі ұшырайды. Мəселен:
«
кете берер», «кете берер ме?», «кете берер ме екен?», «кете
Достарыңызбен бөлісу: